174
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
деректерді ғана қолдануға болады деген қате пікірге жоламаңыз. Сіз тапқан
деректер дәл сіздің сұрағыңызға жауап бермеуі мүмкін, бірақ зерттеудің қызығы
да осында болмақ. Есіңізде болсын, дөңгелекті жаңадан ои�лап шығарғаннан гөрі
оны жетілдіре түссеңіз, ісіңіз алға басады. 8.1-қосымшада осындаи� зерттеудің
бір мысалын көрсеттік.
Негізгі деректерді жинақтау
Нақты бір тақырыбыңызға тікелеи� баи�ланысты деректер мен жазбалар үнемі
табыла бермеи�ді немесе сіздің оған қолыңыз жетпеуі мүмкін. Сондықтан көп
жағдаи�да популяциялық зерттеу үшін басты деректерді жинақтау ең жақсы
стратегия дер едім: яғни негізгі жиынтық арасынан зерттеуіңіздің мақсатына
баи�ланысты ақпаратты жинақтап шығуыңыз керек. Бұл 12-тарауда тереңірек
қарастырылған, сондықтан ол туралы қысқаша ғана аи�тып өтеміз. Негізгі де-
ректерді былаи� жинақтаи�ды:
улану оқиғасын ғана қарастырамыз; оның өзінде қолымыз жеткен жазбаларды ғана
қараймыз; тіпті қолымыз жеткен жазбалардың арасынан дәл, егжей-тегжейлі жаз-
ған деректерді ғана зерттей алмақпыз. Дегенмен деректерді жинауда бұл тәсіл ең
тиімді және ең арзан әдіс екеніне сенімді болдық. Өйткені ол ҚОҚБ-ға: 1) ресми түр-
де тіркелген тамақпен улану көрсеткіштерін қалыптастыруға; 2) маусымға, нәсілге,
туристер мен жергілікті халық арасындағы айырмашылық т.с.с сияқты үлестірімге;
3) тіркелген жазбалар бойынша уланудың себептеріне; 4) тағамға қатысты әлдеқай-
да тиімдірек заң қабылдауға; 5) медициналық сектор ауқымындағы деректерді жүйе-
лі түрде жинақтауға қатысты кеңестер беруге жол ашты.
Достарыңызбен бөлісу: