177
Әдіснамаларды түсіну: сандық
және сапалық тәсілдер
индуктивті әрі дедуктивті логикаға жүгінеді; субъективтілікті бағалаи�ды; әр-
түрлі көзқарастарды және ақиқаттарды қабылдаи�ды; зерттеу қатысушылардың
зерттеушінің үстінен де үстемдік ететінін мои�ындаи�ды; саяси өзекті мәселеле-
рінен алыстамаи�ды. Сондаи�-ақ ол саннан гөрі тереңдік басымдыққа ие деи�ді.
Жеке адамдарды, институттарды, мәдени топтарды, тіпті күнделікті өмірдің бір
бөлігі болып есептелетін қарым-қатынастарды, процестерді, өмірлік тәжірибе-
лерді, сенім жүи�елерін шынаи�ы зерттеп, түсіну үшін қоғамдық құбылыстарды
қазбалаи� отырып жұмыс істеи�ді.
Сапалық әдіснаманы қолдану дегеніміз келесі қадамдарды мои�ындаи�тын,
тіпті оларды құндылық санаи�тын әлемде жұмыс істеу: жан-жақты, толыққанды
мәнді табу, табиғи жағдаи�ларда жүргізілген зерттеу, жүре келе қалыптасқан әдіс-
намалық дизаи�н, кішігірім сандар, кездеи�соқ емес іріктеме жүргізу стратегиясы,
терең сапалық деректер, индуктивті талдау, идиографикалық түсіндірме беру,
зерттеуші зерттеудің құрылымдалған маңызды бөлігіне аи�налуы үшін келісіл-
ген нәтижелерді алу мүмкіндігіне қол жеткізіңіз. Зерттелетін әлемге дендеп ену
үшін адамдарды,
орынды, мәдениетті, жағдаи�ды жақсы түсінуді мақсат етіңіз.
Күрделі әлемді түсіну үшін әлеуметтік ғылымдағы ғалымдар жүгінетін негізгі
әдіснамаларды осы бөлімде қарастырамыз.
Этнография –
әлемді (объективті
шындық немесе зерттеушінің көзқарасына алғышарт табудан гөрі) қатысушы-
ның көзқарасы тұрғысынан ұғуға талпынуымен әи�гілі классикалық антрополо-
гиялық әдіс.
Феноменология
– ақиқаттың қандаи� болғанына қарамастан, өмірлік
тәжірибенің және сенім ықпалының маңызын мои�ындаи�тын әдіс.
Этноәдіснама
қатысушылардың түсінігі бои�ынша әлем қалаи� құралғанына жақынырақ үңі-
летін тәсіл ретінде тізімге енді. Оған қоса, позитивизмге қарсы сын ретінде
(1-тарауды қараңыз) және кеи�бір феминистердің көзқарасынша, танымның
патриархалдық түріне қарсы жауап әрі сыни пікір ретінде паи�да болған феми-
нистік әдіснамаға тоқталдық.
Студенттер осы сапалық әдіснамалардың біріне, мысалы этнографиялық
немесе этноәдіснамалық зерттеуді таңдаи�ды. Енді бірі өз зерттеу сұрағына сәи�-
кес келеуі үшін аталған әдістердің әр түрінен ең бастыларын ізденісі мен стра-
тегиясына қолданады. Бұдан зерттеу әлдеқаи�да
салмақты, терең бола түседі.
Бұл бөлімде қарастырылмаған жаи�ттар туралы да аи�та кеткен жөн болар.
Сапалық әдіснама аясында бекітілген теория мен кеи�с зерттеу көп.
Негізделген
теория
– деректерді талдау арқылы теория жасауды көздеи�тін әдіснама.
Гипотезадан не болжамнан гөрі
негізделген теория
деректерді жинақтаудан
бастаи�ды және кеи�інірек теорияны жасау, деректерді талдау үшін біртіндеп
адымдау процесіне көшеді. Оның артықшылығы – дерекпен қалаи� жұмыс жүр-
гізетінінде. Менің ои�ымша, сапалық зерттеудің көп түрінде осы әдіснаманың
талдау процесі құнды болуы мүмкін. Сондықтан ол туралы 15-тарауда тереңірек
қарастырамыз.
Кеи�с-стади де сапалық әдіснама болып есептеледі.
Кейс-стади
–
жеке ахуалды немесе жағдаи�ды
жан-жақты сипаттап,
сараптау арқылы
178
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
әлеуметтік құрылымның элементтерін талдау. Кеи�с-стадиді
әдіснама деп
есептеи�тіндердің дәи�ектері де орынды, бірақ
оны бұл жерге қоспауым-
ның екі себебі бар. Біріншіден, кеи�с-стади ақпарат жинақтаудың әр түрін,
ал егер кеи�с ұи�ымда не халық арасында жүргізілсе,
сауалнаманы да қам-
тиды. Сауалнама жүргізу сандық парадигма түріне жататыны шүбәсіз.
Екіншіден, менің ои�ымша, зерттеудегі кеи�стерді таңдау логикасы негізгі жиын-
тықты, іріктемені, негізгі ақпарат берушіні таңдауға ұқсас. Зерттеу бірлігі ретін-
де кеи�сті қарастырған ои�ға қонымдырақ. Сондықтан кеи�с-стадиді 11-тарауға
қостым.
Достарыңызбен бөлісу: