Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition


-кесте. Қажетті іріктеме көлемі Негізгі жиынтық



Pdf көрінісі
бет241/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

11.1-кесте.
Қажетті іріктеме көлемі
Негізгі жиынтық
95
%
 
± 
5
%
 СИ
99

±
 5
%
 СИ
99
%
 
±
 1

СИ
30
28
29
Жеткіліксіз
100
80
87
99
500
217
286
485
1 000
278
400
943
5 000
357
588
3 845
10 000
370
624
6 247
50 000
381
657
12 486
100 000
383
661
14 267
1 000 000
384
665
16 369


258
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
 
y
Сапалық деректермен жұмыс істеу
. Сапалық деректерді жинайтын зерттеуші-
лер негізгі жиынтықты түсіну мақсатында репрезентативтілікті қарастырмайды. 
Олардың мақсаты – көпшіліктен емес, аз жиынтықтан алынуы мүмкін нәтиже-
ні тереңірек түсіну. Ондай зерттеу зерттеушінің кез келген іріктемені (бір ғана 
жағдайды да) кеңірек контекспен байланысы барын дәлелдей алу қабілетіне 
тәуелді. Мақсатты негізгі жиынтықты көрсетпейтін іріктемеден сапалық дерек 
жинағысы келетін зерттеушілердің үлкен іріктеме көлемінен жеткілікті, жан-
жақты дерек жинауы өте қиын. Мұнда екі стратегияны қолдана аласыз. Бірінші 
стратегия – репрезентативтілікті қамтамасыз ете алатын, шектеулі іріктеме-
ні қолдану критерийлерін қолдан жасау. Зерттеп жүрген негізгі жиынтықтың 
нақты айқындалған профайлына, мысалы, орта жасы, табысы және біліміне 
қатысты жеке адамдарға негізделген іріктемелеріңізді сұрыптаңыз. Сандарға 
жүгінуден гөрі іріктемеңіз әртүрлі элементтерді/негізгі жиынтықтың сипатын 
қамтитынын логикалық тұрғыда дәлелдеуіңіз керек. Екінші стратегия – мини-
малды статистикалық талдауға мүмкіндік беретін, барынша ауқымды іріктемені 
сұрыптау. Бұл негізгі жиынтығыңыз туралы барынша математикалық жалпылау 
мақсатында нәтижелеріңіздің біразын сандық тұрғыда қорытындылауға мүм-
кіндік береді.
 
y
Сандық және сапалық деректермен жұмыс істеу
. Деректің екі түрімен де жұмыс 
істеп жүрсеңіз, сапалық деректі жинаудың табиғаты іріктеме көлеміңізді шектейті-
нін түсінесіз. Алайда қандай да бір жоспарланған статистикалық талдау кейстердің 
ең аз мөлшерін талап етеді. Ең дұрысы, жүргізгіңіз келетін кез келген статисти-
калық талдауға қажет минималды көлемді анықтау үшін 11.1-кестеге қараңыз, 
сол іріктемеден сапалық деректерді жинаудың және талдаудың тиімділігі туралы 
ойланыңыз. Уақыт пен қаржы шектеулі болмаса, әдетте көлемді, терең, сапалы 
дерек пен ықтимал статистикалық талдау деңгейі арасындағы теңдік сақталады.
Жоғарыдағы кеңестердің орындалу мүмкіндігі тексерілуге тиіс екенін есте 
сақтаңыз. Ауқымды іріктемелердің қатесі аз болуы мүмкін. Бірақ қаржы мен 
уақыт керек. Ал бұл іріктеменің көлемін азаи�та салып, жалпылауды ұмытыңыз 
деген сөз емес. Керісінше, зерттеуіңіздің сенім тудыру қабілеті барлық әдіснама-
ңызда назарда болуға тиіс. «Орындалу мүмкіндігі» критерии�і сенім тудыратын 
зерттеудің практикалық аспектілерін ескере отырып жасалсын. 
Іріктеме стратегиясын қолдану 
Негізгі жиынтығыңызды анықтап, іріктеменің құрылымын құрып, тиісті ірік-
теме көлемін анықтағаннан кеи�ін іріктемелерді жинақтауға қолданатын страте-
гияны қарастыруыңыз керек. Оны жүзеге асырудың екі жолы бар. Біріншісі – кез-
деи�соқ сұрыптауға арналған стратегияны қолдану. Екіншісі – іріктемелеріңізді 
кездеи�соқ емес мәнерде, стратегиялық тұрғыда сұрыптау. Ең дұрыс әдіс сұрағы-
ңыздың табиғаты, негізгі жиынтығыңыздың жасалу жолы, жинағыңыз келетін 
деректің түрі, жүргізгіңіз келетін талдау әдісі секілді бірнеше факторға тәуелді.


259
Іріктемелерді, ақпарат берушілерді және кейстерді анықтау мен сұрыптау
Кездейсоқ іріктемелер
Кездеи�соқ іріктемелер кездеи�соқ сұрыптауға; таңдалу мүмкіндігі бірдеи� 
процеске (негізгі жиынтықтағы әрбір элементті іріктемеге қосу үшін) негіз-
деледі; мысалы, қорап ішінен адам аттарын кездеи�соқ суырып алу арқылы 
немесе компьютерде жасалған кездеи�соқ сандар арқылы сұрыптау. Ои�ға қоным-
ды іріктеме құрылымы мен үлкен іріктеме көлеміне ие болсаңыз, кездеи�соқ 
сұрыптау зерттеушінің жаңсақ пікірін бақылауда ұстауға, негізгі жиынтықты 
репрезентазиялауға және нәтижелерді осы негізгі жиынтыққа жалпылауға 
мүмкіндік береді. Оның бір мысалы – теледидар көруге әдеттенгендердің ша-
ғын паи�ызын бақылап, негізгі жиынтыққа жалпылаи�тын Нильсен реи�тингі. 
Сондықтан кездеи�соқ іріктеме қоғамдық ғылым зерттеуіндегі басты стандарт 
ретінде қарастырылады.
Техникалық жағынан алғанда, кездеи�соқ іріктеме логикасы ортанғы шек 
теоремасына негізделген. Яғни кез келген шекті орташа мәні және шекті дис-
персиясы бар үлестірімнің қалыпты үлестірімге сәи�кес келетін орташа мәнін 
бақылаи�тын іріктеме. Бұл зерттеушілерге инференциал статистика түрінде аса 
терең талдау жүргізуге мүмкіндік береді (13-тарауды қараңыз). Бірақ кездеи�-
соқ іріктеу: 1) барлық элементтердің белгілі әрі қолжетімді болуын; 2) барлық 
элементтердің іріктемеге тең дәрежеде сәи�кес келуін талап етеді. 
Олаи� болмаған жағдаи�да, екі түрлі қателік паи�да болады:
1. 
Қамту қателігі
. Іріктеме құрылымыңыздың жеткіліксіз және мақсатты негізгі 
жиынтығыңызды ойға қонымды түрде көрсете алмайтын жағдайдағы қателік. 
Қораптың ішінен адам аттарын суырып алуға мүмкіндік бірдей берілгенімен, қо-
рапта есіміңіз жазылған қағаз салынуға тиіс болса да, ол қорапқа салынбаса, 
қамту қателігі бар деген сөз. Бұл бір кездері үйге телефон шалу арқылы сауална-
ма жүргізудегі ең жиі кездесетін қиындықтың бір түрі ретінде белгілі еді. Тұрмысы 
нашар үйлер телефон орнатпайды деген түсінік жойылған, қазір көпшіліктің үйін-
де телефон бар. Бірақ бүгінгі күні көпшілігі үй телефонын қалта телефонына ауыс-
тырды, сондықтан үйге телефон шалу арқылы іріктемелерді қамту бұрынғыдан да 
ауқымды мәселеге айналды. Электрондық пошта арқылы жүргізілетін сауалнама-
ларда да осыған ұқсас қиындықтар бар. Әрбір сұралатын жеке адамда электрон-
дық пошта бар екені анықталмағанша, іріктеме толық қамтылды дей алмаймыз. 
Сондықтан іріктеме құрылымыңыз толық екенін және қамтудан тыс қалуы мүмкін 
негізгі жиынтықтың кез келген секторын зерттеуге қосу аса маңызды. 
2. 
Жауап бермеуден туындайтын қателік
. Жауап беруге келіскендер мен келіспеген-
дердің сипаттары бірдей болса, жауап бермеу көп қиындық тудырмайды. Бірақ 
көп жағдайда олай емес. Мысалы, тұтынушының разылығын анықтайтын сауал-
намада сауалнамаға қатысуға келісім беретіндердің арасында өкпелілер көп 
шығар. Болмаса, сіздің сауалыңыздағы бір жауапқа қызығатын немесе зерттеуді 
өзекті санайтындар ғана қатысуға тырысуы мүмкін. Екі жағдайда да соңғы ірікте-
меңіз негізгі жиынтық үшін репрезентативті емес. Олай болса ауқымды репре-
зентативтілікті қамтамасыз ететін стратегияны ойластыру қажеттілігі туындайды.


260
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Шынаи�ы (немесе қарапаи�ым) кездеи�соқ іріктемелерді шынаи�ы өмір зерт-
теуінде жүргізу өте қиын, бірақ 11.2-кестеде қарапаи�ым кездеи�соқ іріктемені 
анықтауға тырысатын бірнеше іріктеу стратегияларын көрсеттік. 
Кездейсоқ емес іріктемелер
Кездеи�соқ мәнерде алынбаған іріктемелерді кездеи�соқ емес іріктемелер деи�-
міз. Қазір кездеи�соқ емес іріктемені репрезентативтілік тұрғыда статистика-
лық бағалау мүмкін емес. Сондықтан оны ең нашар әдіс ретінде қарастыратын 
сандық зерттеушілер бар. Ондаи� зерттеушілер үшін «кездеи�соқ емес» деген 
сөз қосымша немесе ең соңғы құрал деп аталатын стратегияның көмегімен 
жинақталған іріктемелерді еске түсіреді.
Алаи�да осындаи� іріктемелер үшін қы-
зарақтаудың қажеті жоқ деи�тіндер, яғни 
осы тәсілді мои�ындаи�тындар көбеи�іп ке-
леді. Кездеи�соқ емес іріктемелерді қол-
данатын зерттеушілер репрезентативті 
немесе жалпылау бағытындағы зерттеу-
ден тыс жұмыстармен аи�налысуы мүмкін. 
Олар өздерінің іріктемелерін сапалық 
зерттеуге тән міндеттер үшін таңдауы 
мүмкін. Мысалы, зерттеушілер негізгі 
жиынтықтың девиантты, ерекше, көпші-
лікке таныс емес, қате түсінілген, дұрыс 
көрсетілмеген, маргиналданған немесе 
еленбеген элементтерін іздеуі ықтимал. 
Сондықтан кеи� жағдаи�да кездеи�соқ емес 
іріктемелер мақсатты немесе теориялық 
іріктемелер деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет