Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет240/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Іріктемелерді сұрыптау
Спагетти соусының тұзы жеткілікті екенін анықтау үшін оны ыдыста ара-
ластырып алып, дәмін татып көреміз. Анжелина Джолидің өз саи�тында жазған 
пікіріне сүи�енгендіктен ғана ол түскен фильмді көруге бармаи�мыз. Жалпылау 
репрезентативтілікті және жаңсақ пікірден ада іріктеуді қажет етеді.
Іріктеме
– негізгі жиынтықтың қосалқы 
бөлігі.
Іріктеу
– зерттеуде қамтылуы үшін негіз
-
гі жиынтықтың элементтерін таңдау процесі. 
Іріктемелер репрезентативті болады: яғни 
іріктеменің таралуы мен сипаты нәтижені 
тиісті негізгі жиынтыққа жалпылауға мүмкін
-
дік береді.


255
Іріктемелерді, ақпарат берушілерді және кейстерді анықтау мен сұрыптау
Зерттеу іріктемесін сұрыптау да дәл осыны қажет етеді. Іріктеу – беталды 
әрекет емес, стратегиялық, кеи�де математикалық процесс. Мақсат – іріктемені 
сұрыптау: 1) басты негізгі жиынтық туралы аи�туға мүмкіндік беретіндеи� кең 
ауқымды; 2) қалауыңыздағы талдауды жүргізе алатындаи� үлкен; 3) басқара 
алу үшін барынша шағын болуы керек. Жалпылауды мақсат тұтатын зерттеу 
ауқымды негізгі жиынтықты жан-жақты сипаттаи�тын іріктеме жинауға мүм-
кіндік беретін ең тиімді процедураларды қолданады. Зерттеу сұрағының си-
паты көрсеткіштерді бағалауға кедергі келтіруі немесе терістеуі мүмкін. Бұл 
жағдаи�да зерттеушілер стратегиялық тұрғыда өз іріктемелерін сұрыптаи�ды, 
бірақ зерттеу мақсатына барынша сәи�кестендіреді.
Аталған мақсатқа жету үшін негізгі жиынтықты анықтау, іріктеме құрылы-
мын қалыптастыру, іріктеменің көлемін білу және тиісті іріктеу стратегиясын 
таңдау туралы ои�лану керек.
Негізгі жиынтықты анықтау
Іріктеме жасамас бұрын түсінікті және нақты негізгі жиынтықты белгілеп 
алыңыз. Аи�тқыңыз келетін элементтің жалпы сипатын білген соң, зерттеуі-
ңізге кіріскеніңіз жөн. Ұлыбританиядағы 13–18 жас аралығындағы балаларды 
қамтитын нәтижені көрсеткіңіз келді делік. Мұндағы негізгі жиынтығыңыз 
анықталған сипаты бар нақты жинақтан (әлеуметтік/қолданбалы ғылыми 
зерттеуде барынша кең таралған негізгі жиынтық), осы мысалда атап көрсет-
кендеи�, жасы (13–18), географиясы (Ұлыбритания) анықталған топтан құрал-
ған. Зерттеуіңізде нәсілі, отбасылық жағдаи�ы, жынысы секілді өзге де анық-
таушы сипаттамаларды қолдана алатыныңызды ұмытпаңыз.
Сонымен қатар негізгі жиынтық жеке тұлғалардан ғана құрала бермеи�ді. 
Сауалыңыздың сипатына ораи�, үи� шаруашылығы, жұмыс орны, құжаттар
уеб-саи�ттар, тіпті оқиғалардың өзі зерттеу элементіңіз бола алады. Мысалы, 
АҚШ аумағындағы ауруханалардың жедел жәрдем бөлімшелері сіздің негізгі 
жиынтығыңыз. Бұл жағдаи�да ұи�ымдық құрылымның нақты бір тұрпатын не-
гізгі жиынтық деп алып отырсыз. География (АҚШ-тың аумағы) және мекен 
(ауруханалардың жедел жәрдем бөлімі) – анықтаи�тын сипаттамалар. Ұи�ымды 
анықтаудың өзге де жолы мыналар: қызметкер саны, жұмыс өтілі, мемлекеттік 
немесе жеке жұмыс орны. Барселонада 2009 жылы өткен кәсіби футбол ои�ын-
дары негізгі жиынтығыңыз болуы мүмкін. Анықтаушы сипаттама: шараның 
түрі (кәсіби футбол ои�ыны), география (Барселона) және уақыт кезеңі (2009) 
болады.
Іріктеме құрылымы
Іріктеме құрылымы – іріктеме алынған негізгі жиынтықтың барлық мүше-
сін қамтитын тізім. Бұл іріктеудің барлық процесінде маңызды. Мінсіз іріктеме 
құрылымы мақсатты негізгі жиынтығыңызға сәи�кес келуге тиіс, бірақ ұдаи�ы 


256
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
олаи� бола бермеи�ді. Негізгі жиынтығыңызды анықтау мүмкіндігіңіз болса да, 
әрбір элементке қол жеткізе аламын деи� алмаи�сыз. Толық тізімге қол жеткіз-
беи�тін мысал көп. Мысалы, Вашингтондағы (Колумбия округі) үи�сіз-күи�сіздер-
дің барлығын санап шығу мүмкін емес. Ондаи� тізім болған да емес, қандаи� да 
бір дәлдікпен түзе де алмаи�сыз.
Басты мәселе – іріктеме құрылымының мақсатты негізгі жиынтығыңызға 
мүмкіндігінше жақын болуын қамтамасыз ететін стратегиялық шешімдер қа-
былдау және кез келген қарама-қаи�шылықтарға қарамастан іріктеме құрылы-
мының өзектілігін дәлелдеуге даи�ын болу.
Іріктеменің көлемін анықтау
Іріктеме құрылымын қалыптастырғаннан кеи�ін, осы құрылымдағы қанша 
элементтің іріктемеңізде болатынын анықтауыңыз керек. «Қанша?» деген сұ-
раққа «жағдаи�ға баи�ланысты» деп жауап қатамыз. Мұнда қатып қалған ере-
же жоқ. Іріктеменің көлемі жинағыңыз келетін деректің пішініне, түріне және 
талдауыңыздың мақсатына тікелеи� баи�ланысты.
Мысалы, сандық деректің статистикалық талдауы респондент санының аз 
болуын талап етеді. Статистика және ықтималдықпен жұмыс істеи� алу қабіле-
ті ои�ға қонымды және дұрыс іріктеме көлеміне сүи�енеді. Екіншіден, сапалық 
деректің ауқымды сипаты әдетте іріктеменің көлемін шектеи�ді; ондаи� дерек 
түрін мыңдаған адамнан жинаи� алмаи�сыз. Қуантатыны – олаи� істеуге тиіс 
емессіз. Сапалық деректерді талдау стратегиясы әдетте үлкен сандарға тәуелді 
емес.
Төмендегі сипаттама іріктеменің көлемін анықтауды жақсылап түсініп алу-
ға көмектеседі:
 
y
Сандық деректермен/талдаумен жұмыс істеу
. Сандық дерекпен жұмыс істеудің 
басты ережесі – уақыт пен шығынның мүмкіндігіне қарай іріктемені барынша 
үлкен етіп алуға талпыну. Іріктеме үлкен болған сайын ол репрезентативті бола-
ды. Респондент санының аздығы статистикалық талдау деңгейімен анықталады.
 

Минимал статистикалық талдау
. Ықтималдыққа негізделгендіктен, көптеген 
статистикалық талдау кем дегенде 30 респондентті талап етеді; одан төмен 
көрсеткіш, әсіресе нәтижелер кең таралса, статистикалық мәнді көрсету 
қиындайды. Шағын іріктемелердің репрезентативті екенін дәлелдеуіңіз ке-
регін ұмытпаңыз.
 

Орташа статистикалық талдау
. Күрделірек талдауға өткен сайын әрбір қосал-
қы бөлімді қолдану керек. Ол әр категорияда шамамен 25 кейсті талап ете-
ді. Мысалы, сізде 500 мүшеден тұратын қауымдастықтың іріктемесі болуы 
мүмкін, бірақ олардың 263-і ғана әйел. Одан басқа, 18 жастан кіші бала-
лары бар 62 ана бар, 20 ананың ғана сәбиі 5 жасқа жетпеген. Жасы 5-тен 
аспаған баласы бар аналардың арасында статистикалық талдау жүргізу 


257
Іріктемелерді, ақпарат берушілерді және кейстерді анықтау мен сұрыптау
қиындайды. Көпөлшемді талдаудың (әртүрлі айнымалылар арасында бір уа-
қыттағы байланыстың зерттелуі) мәнін көрсеткіңіз келсе, зерттегіңіз келетін 
әрбір айнымалы үшін кем дегенде 10 кейс керек. 
 

Жоғары статистикалық талдау
. Белгілі негізгі жиынтықты айқындалған се-
німділік деңгейімен көрсеткіңіз келсе, төмендегі формуланы қолдана оты-
рып, өзіңізге қажет өлшемді есептеп шығара аласыз:
n=[(K × S)/E]
2
мұндағы 
К
– қалаулы сенім деңгейі;
S
– іріктеменің стандартты ауытқуы; 
Е
– қажетті дәлдік деңгейі. 
Қажет болмаса, жеке басым формуламен жұмыс істемеймін. Сондықтан бар-
жоғы негізгі жиынтықтың ғана көлемін, сенімділік интервалын (мысалы, орташа 
мәннен жоғары немесе төмен аралықты аласыз) және сенімділік деңгейін 
(нәтижелеріңіздің әдетте 95% немесе 99% болатын кездейсоқтықтан әлде-
қайда жоғары екеніне қаншалықты сенімдісіз) қажет ететін «іріктеме көле-
мі калькуляторын» жиі қолданамын (14-тарауды қараңыз). 11.1-кесте www.
surveysystem.com/sscalc.htm сайтындағы калькулятордан алынды және әдетте 
ең көп қолданылатын сенімділік деңгейіне арналған іріктеме туралы біршама 
түсінік береді. Негізгі жиынтық өскен сайын іріктеме көлемі айтарлықтай өз-
гермейтінін ескеріңіз. Ауқымды іріктеме көлемі неғұрлым жоғары сенімділік 
деңгейін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет