302
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Пилоттық тест және сұхбатты өңдеу
y
Сұрақтарды реттеу
. Сұрақтарыңызды қисынды және респонденттерге жеңіл
болатын ретпен қойыңыз.
y
Қосымша ақпарат дайындау
. Сұхбатқа сәйкес келеді деп есептеген нұсқау-
лықтар мен
сынама сұрақтарды қарастырып, дайындаңыз.
y
Сұхбатты жазу әдістерін анықтау.
Сұхбатты қағазға жазсаңыз,
бұл процес-
ке көмектесетін форманы қарастырып, дайындап қойыңыз. Ал
аудио неме-
се видеоға түсірсеңіз, осы құралдарды алып,
олармен танысып шығыңыз
(«Сұхбат жүргізу» бөлімінде толығырақ талқыланады).
y
Стенографшы/аудармашы дайындау.
Қандай да бір қиындық пен қате түсінік
туындатуы мүмкін топпен жұмыс істегіңіз келсе,
стенограф немесе аударма-
шыны пайдаланыңыз.
Сауалнаманы пилоттық сынау туралы естігенмін,
бірақ сұхбатты
пилоттық сынаудан хабарсызбын. Ол қажет пе?
Бір сөзбен аи�тсақ, иә, қажет. Сұхбат алушы ретінде сұхбаттың барысы
мен мазмұнын, аи�тушының сезімі мен сөз мәнерін бақылап, оған ықпал
ете алатын ерекше құзыретіңіз бар екенін ұмытпаңыз. Сондықтан өзіңізді
тексеруіңіз керек. Сауалнама жүргізу кезіндегідеи�, пилоттық тест арқылы
алдын ала сынап, сұхбат берушінің процеске қатысты пікірі мен өз ои�ы-
ңызды ескеруіңіз қажет. Сонда ғана деректеріңіздің сенімділігін арттыра-
тындаи� етіп процесті өзгерте аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: