23
Зерттеу
әлеміне тереңдеу
Мұндаи� шыңырауды толтыруға болады және оны толтыру қажет деп есептеи�мін.
Зерттеушілердің көбі танымның бір түрімен ғана аи�налысады да, өз эпистемо-
логиясына сүи�енетін әдіснамалық тәсілді ғана қолданады. «Танымның әртүрлі,
бөлек және бір-бірінен алшақ әдістері білім өндірудің сенімді жолы бола ала
ма?» деп ои�лану керек.
Шын мәнінде, «жақсы зерттеу – ои�лы адамның ои�ыны» деп қабылдаған
дұрыс. Ол – әр кез бағалаудың, қаи�та бағалау мен шүбәсіз ақпарат алудың
ықтимал әдістері туралы шешім қабылдауды, қажет талдау жасауды, сенім
тудыратын қорытынды шығаруды қамтитын шығармашылық және страте-
гиялық процесс.
Қазір нақты әдіснамалық тәсілдерге сүи�енетін, тіпті үміт артатын зерттеу-
шілер көп. Джеи�нсик (Janesick) «методолатрия» терминін енгізді. Ол әдіс пен
табыну ұғымын білдіреді, автор оны «әдіс таңдау мен оны қорғауға қатты мән
беру, баяндалатын әңгіменің деректік мазмұнын елемеу» деп сипаттаи�ды және
«әдіске
құлша бас иіп, мои�ынсұну» деп түсіндіреді (2007: 48).
1.1-қосымшада бір әдіспен шектеліп қалмау керегі туралы мысал келтірдік.
Әр зерттеудің жағдаи�ы мен мәселесі әрқилы, бірін-бірі қаи�таламаи�ды, сондық-
тан тұжырым да әркелкі болады. Ең алдымен, қандаи� тұжырыммен жұмыс
істеи�тініңізді және оның зерттеуге қалаи� ықпал ететінін түсініп алыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: