53
Зерттеу сұрағын әзірлеу
Өзім зерттеу сұрақтарын жақсылап әзірлеп алғанды толық қолдаи�мын.
Зерттеу жобасы үшін оның маңызы өте зор, сіздің сұрақ қоя білу қабілетіңіз
де соншалықты маңызды. Түптеп келгенде, сұрағыңыз қандаи� екенін анықта-
масаңыз, сұраққа жауап тапқан-таппағаныңызды қаи�дан білесіз?
Есте сақтаңыз, зерттеу жасау – шешім қабылдаи�тын саяхатқа шығу. Шын
мәнінде, бұл процесс сізден қисынды, бірізді және түсінікті шешім қабылдауды
талап етеді. Ал қисынды, бірізді әрі түсінікті шешім қабылдаудың межесі қаи�да?
Зерттеу әлеміне саяхатыңызда табаныңыз тиген жол зерттеу сұрағына жауап
беруге бір қадам жақындатса, меже де сол жақта деп біліңіз.
Сұрақты нақтылап алмасаңыз, саяхатқа жалғыз шыққан зағип жанның күи�ін
кешесіз.
Зерттеу сұрақтары маңызды. Себебі:
y
Зерттеу мәселесін анықтайды
. Зерттеудегі дұрыс сұрақ сізге де, оқырмандары-
ңызға да жобаңыз туралы ақпарат береді. Ол тақырыпты ашады (жастар ара-
сындағы суицид, қоршаған орта жағдайының нашарлауы, секуляризация т.б.);
зерттеудің сипатын анықтайды (ашу, анықтау, сипаттау немесе салыстыру); өзекті
тақырыпты тауып береді (не, қайда, қалай, қашан, неліктен); концепциялар мен
көрсеткіштерді анықтайды (табысы, жасы, білімі, жынысы,
өзін бағалауы, қорша-
ған ортаны ластауы және т.б.); көрсеткіштер арасындағы байланысты болжайды
(өзара қарым-қатынас, арту, кему, байланыс, себептер т.б.).
y
Шекараны белгілейді.
Зерттеу әлеміне саяхат жасағанда
жаңа бағыттарды көре-
сіз, айналма жол мен бұрылыстарға тап боласыз, ал дұрыс сұрақ шекараны бел-
гілеп, жан-жағын сызып алуға ықпал етеді. Жаңа бағытқа тап келгенде өзіңізден
«Менің сұрағыма мұның не қатысы бар?» деп сұраңыз. Үш ықтимал жауапқа ке-
зігесіз. Олар: 1) қатысы шамалы –
мұны қоя тұрайын, кейінгі жобада қарасты-
рамын; 2) біршама қатысы бар – бұл туралы ойлап жүрген болсаңыз, демек, қа-
тысы бар деген сөз (жұмысқа ерекше жаңа леп әкелуі мүмкін); 3) білгім келетін
нәрсені енді тапқандаймын, бәлкім сұрағымды қайта қарауым керек шығар.
y
Бағдар береді.
Нақты тұжырымдалған зерттеу сұрағы жобаңыздың негізіне ай-
налады. Ол зерделеуге
қажет теорияны көрсетеді; оқып, шолу жасауыңыз керек
әдебиетті нұсқайды; жинауыңыз керек деректер мен қолдануыңыз керек әдіс-
терді ұсынады. Зерттеу сұрағы дұрыс қойылмаса, әдіснаманы нақты анықтау да
мүмкін емес деп ойлаймын. Не білгіңіз келетінін білмесеңіз,
оны анықтау жолда-
рын да ұға алмайсыз.
y
Жұмысыңызды бағалаудың негізіне айналады
. Сұрақтар бірізділікті қамтамасыз
етіп, тұтас зерттеу жұмысының күн тәртібін анықтап қана қоймай, шешім қабыл-
дау процесін бағалауға көмектеседі. Жобаңызға қатысты барлық шешімнің кри-
терийі «Таңдауыңыз зерттеу сұрақтарына сенімді жауап алуға ықпал ете ме, жоқ
па?» деген мәселеге тіреледі.
Зерттеу сұрақтары – зерттеу процесін зерделеуден, креативтілік пен икемді-
ліктен жұрдаи� қылатын редукционистік құрал дегім келмеи�ді. Мүлде олаи� емес.
54
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Зерттеу сұрақтары ашық әрі барлау жасауға арналғандаи� құралуы керек. Оның
үстіне зерттеу сұрақтары жобаның бастапқы кезінде өзгеріп, түрленіп, дамып
отырады. Солаи� болғаны да дұрыс, себебі әдебиеттермен танысқан саи�ын білімі-
ңіз де, ои�лау жүи�еңіз де өзгере береді. Иә, зерттеу сұрақтары зерттеуді анықтап,
бағыт-бағдар береді; бірақ сол міндеттерді атқаратын сұрақтарды қою және ои�
елегінен өткізіп, қаи�тадан құрастыру – зерттеушінің міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: