166
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Сандық және сапалық дәстүрлердің іргелі дәстүрлер екені және білімді өнді-
руде (1-тарауды қараңыз) маңызды пікірталас тудыратыны даусыз. Сондаи�-ақ
сандық және сапалық терминдерін, әсіресе әдіснамаға қатысты қолданғанда
шатастыратын, бөлетін және шектеи�тін ұғымдар да бар. «Шын мәнінде, сандық
талдау аясында жүргізілген зерттеу жобалары сөздерді қалдырып кетіп отыра-
ды, ал сапалық талдау аясындағы зерттеудің сандармен жұмыс істеудің уақыты
не кеңістігі болмаи�ды». Мен бұл пікірмен келіспеи�мін. Түптеп келгенде, сандық
деректер сапалық ұғымдарды кодтауға арналған жүи�е ғана емес пе? Сапалық
зерттеуде де санаудан немесе санақ жүргізуден бои�ды аулақ ұстау керек деген
пікірдің өзі ақылға қонымсыз.
Әлеуметтік ғылымдар алаңын сипаттаи�тын анықтамалар – осы. Сондықтан
осы әдістерді, ұи�ғарымның негізінде жатқан дәстүрлерді ұғу, осы дәстүрлер
жақсылап орнықтырған әрі маңызы жоғары зерттеу стратегияларын түсіну
өте маңызды екені еш күмән тудырмаи�ды.
Сандық дәстүр
Сандық дәстүр «қоғамды зерттеу – қоршаған әлемнің кіп-кішкентаи� мақұл-
қаттарынан жануарларына деи�інгі кез келген бөлігін зерттеуге қолданылатын
ғылыми жұмыстан еш өзгешеленбеи�ді» деген сенімге негізделген. Әлеуметтік
ғылымдар (ғылымдар сөзіне мән беріңіз) физика немесе биология сияқты ғы-
лымдарда қолданылатын қағидалармен зерттеу жүргізеді. Ғылыми әдісте гипо-
тезаны, дедуктивті логиканы тексеру керек, объективті және аты аи�тып тұрған-
даи�, сандық бағалаудың құны болуы керек
деген зор сенім бар. Бұл дәстүрде сандар-
дың сиқырына, оның әлемді нақты әрі дәл
көрсете алатынына сенім артады.
Әлеуметтік ғылымдарда сандық зерт-
теу дәстүрінің негізін ғылыми немесе ги-
потезалық-дедуктивті әдістер, оның ішінде эксперименттік және квази-экспе-
рименттік дизаи�ндар құраи�ды. Бұл тәсілдер адам мен қоғамдық құбылыстарды
зерттегенде, физикалық құбылыстарды зерттеуде қолданылатын қағидалар мен
заңдылықтар бои�ынша жүруге тырысады. Сандық тәсілді қолданатын әлеумет-
тік саладағы ғалымдар адамның өмір шындығын зерттегенде және қамтығанда
қолда бар деректер мен сауалнама техникасына да жүгінеді.
Достарыңызбен бөлісу: