Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет445/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

1 6 . 2 - Қ О С Ы М Ш А


438
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
5
Өз көзқарасым мен аргументімді қалай нақтылай аламын? Аргументтерімнің 
олқы тұстары бар ма? Тым көп жаргон мен қысқартылған сөзді қолданамын 
ба? Көбірек мысал қосуым керек пе?
5
Көбірек диаграмма, сурет, карта т.с.с. қосқым келе ме?
5
Құрылым бірізді ме? Тараулар/бөлімдер арасында анық әрі қисынды байла-
ныс бар ма?
5
Бөлімдер ішінде және арасында бірізділік сақтала ма? Өз-өзіме қайшы келе-
тін тұстарым бар ма? 
5
Көлемі жете ме?
5
Сын-пікір іздедім бе және оған жауап бердім бе?
Аяқталар алдындағы драфт нұсқаға жылжу
Зерттеу жұмысыңызда келтірілген аргументтердің құрылымына және логикасы-
на көңіліңіз толса, аяқталар алдындағы драфт нұсқаға жылжуға дайынсыз. Түсінікті 
жазғаныңызға, оқуға жеңіл екеніне назар аударыңыз. Өзіңізге мынадай сұрақтарды 
қойыңыз:
5
Барынша түсінікті етіп жазудың жолы бар ма? Терминдер орнымен қолда-
нылған ба? Керек емес жаргондарды алып тастадым ба?
5
Оқуға жеңіл болатындай жазудың жолы бар ма? Аралас құрмалас сөйлемді 
бірнеше бөлікке бөлсем бола ма? Бір сөйлемнен тұратын абзацты қайта жа-
зуым керек пе?
5
Тартымды жазудың жолы бар ма? Ырықсыз етістің қолдануын азайта ала-
мын ба? Қайта-қайта кешірім сұрадым ба? Аргументтерім мықты әрі сенімді 
ме?
5
Респонденттерімнің/қатысушыларымның құпиясын қорғағаныма көзім жете 
ме?
5
Плагиат деп айыптап жүрмей ме? Мәтіндегі және сілтемелердегі/қолданыл-
ған әдебиеттер тізіміндегі дереккөздерді қайта-қайта тексердім бе?
5
Жұмыстың алғашқы және соңғы бетін, атап айтқанда, тақырып парағын, маз-
мұнды, кестелер тізімін, алғысты, аңдатпаны, алғы сөзды, қосымша мен сіл-
темені жазып, редакцияладым ба?
5
Сөздердің жазылуы мен грамматикалық қателерін тексердім бе?
5
Сөз санын санадым ба?
5
Сын-пікір іздедім бе және оған жауап бердім бе?
Соңғы драфт нұсқаны жазу
Алдыңғы сөйлемдерде айтып кеткеннің бәрін орындасам, зерттеу жұмысым да-
йын деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Олай емес. Енді соңғы рет редакциялауыңыз керек. 
Жұмысыңыз көлемді болса және қаражаттан қысылмасаңыз, редактордың қызме-
тіне жүгіне аласыз. Жұмысыңызды бірнеше рет қайта-қайта мұқият тексеріп шық-
қанан кейін де, осы саланың маманы редакциялағаннан кезде қате тауып жатады. 
Жұмысыңызды тапсырардан бұрын мынадай сұрақтарға жауап іздеңіз:


439
Жазуды аяқтаудың қиындығы
5
Жазудан жіберілетін қателіктердің бәрін қарап шықтым ба?
5
Сөздің жазылуын үш рет тексердім бе (әсіресе компьютерден қарағанда 
«жасырынып» қалатын сөзді, мысалы «қал» сөзінің орнына «қол» деп жазып 
қою)?
5
Жол аралығын, шрифтін, жиегін т.с.с. тексердім бе?
5
Бет санын түгел қойып шықтым ба? Бәрі ретімен тұрғанына көз жеткіздім 
бе?
5
Жұмыстың аяқталған нұсқасын басып шығарғанда ешқандай қателіктер бол-
мағанына көз жеткіздім бе?
Тексеру тізімі қосымша уеб-саи�тта бар. 
https://study.sagepub.com/oleary3e
Маған сіздің қалай жазатыныңыз ұнайды. Жазуыңыз түсінікті әрі 
табиғи. Жазуға түк ебім жоқ. Тағы да қандай кеңес бере аласыз?
Иә, менің жазғаным сізге түсінікті әрі табиғи болып көрінуі мүмкін, бірақ 
бастапқыда сіз ои�лағандаи� емес еді. Осы кітапты мысалға келтіреи�ін. Әр 
тарауды көңілімнен шығатындаи� етіп бастау үшін 4-5 рет жазып көремін. 
Жазуға кіріскеннен кеи�ін әр сөи�лемді көңілімнен шыққанша қаи�та-қаи�та 
жазамын. Содан соң ғана келесі тарауға көшемін. Жазуға қаи�та отырғанда 
алғаш жазғанымды қаи�та оқып, бірнеше рет қаи�та өңдеи�мін. Содан кеи�ін 
ғана жазғанымның түсінікті әрі табиғи бола бастағанын сеземін, сондық-
тан әрі қараи� жалғастырамын. Өте баяу жүретін бұл процесс бүкіл тарауды 
бітіргенімше қаи�таланады. Тараудың толық драфт нұсқасы біткен кезде 
қаи�тадан қарап шығып, өзгерістер енгіземін. Көңілім толған кезде өзім 
құрмет тұтатын мықты оқырманға беремін. Оның сын-пікір аи�татынына 
күмәнданбаи�мын. Оқырманның сын-пікірін ескеріп, енгіземін. Кітап толық 
жазылып біткен соң, бәрі үи�лесіп тұрғанына көз жеткізу үшін толық оқып 
шығамын. Ол кезде тағы да түзетемін. Кітаптың тексеруге арналған нұсқа-
сын басып шығарып, баспаға жіберемін. Бітті ме? Жоқ... SAGE Publications 
кітапты шолу (мүмкін өзгертулер енгізу), баспаға даи�ындау, форма мен 
дизаи�н, соңғы рет тексеруге көмектеседі. Осылаи� жұмыс жалғаса береді. 
Кеңес керек пе?! Сабыр! Зерттеу жұмысыңыздың драфт нұсқасын көбірек 
жасаңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет