Бағдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014


 Қазіргі заман халық поэзиясы мен әдебиет



бет9/24
Дата22.12.2021
өлшемі282 Kb.
#512
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
4. Қазіргі заман халық поэзиясы мен әдебиет.

Қазіргі заман халық поэзиясының өкілдері: Ж. Жабаев, И. Байзақов, Н. Байғанин, К.Әзірбаев, О. Шипин, Н. Бекжанов, Т. Көбдіков, Қ. Жапсарбаев, І. Манкин, т.б. ақындар. Бұлардың басты ерекшелігі – қолма-қол төгіп айтатын импровизатор екендіктері. Ақпа ақындарың сынға түсіп, танылатын жері – шаршы топ, торқалы жиын, қызған айтыс үсті. Халық ақындарының шығармаларында фольклордағы ортақ дәстүрлер мен ортақ мотивтер басым көрінеді. 

ІІ. «Әдебиеттануға кіріспе»

1.Сөз өнері туралы ғылым. 

Өнер түрлеріне тән негізгі ерекшеліктер. Өнердің суреттеу пәні. Өнердің суреттеу амалдары. Өнердің суреттеу құралдары. Өнердің туындысын қабылдау сырлары. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі қызметі.
2.Сөзбен сомдалған тұлға. 

Образдылық – суретті сөз. Әдебиеттің обектісі – өмір, предметі – адам екендігі туралы тұжырымдар. Образбен ойлаудың өзіндік ерекшеліктері. Қаламгер қиялының көркем бейне жасаудағы қызметі. Ойдан шығару - образға апарар жол. Ойдан шығарудың адам тұлғасын жинақтау мен даралаудағы ролі. Образ – адам – көркем бейне.

3.Сөз сыры. 

Көркем әдебиеттің тілі туралы ұғым-түсініктер. Тілдің қоғамдық фукциялары. Көркем сөз. Оның болмысты әсерлі түрде бейнелейтіндігі. Тіл – стильдік құбылыс. Тіл байлығының қайнар көздері: полисемия, синонимия, омонимдер, антонимдер, архаизмдер, неологизмдер, идиомалар,диалектизимдер (жергілікті сөздер) және т.б. Сөздердің тура және бұрма мағыналары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет