Бағдарламасы «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік іргетасына айналды»



бет6/9
Дата22.05.2023
өлшемі4,28 Mb.
#177396
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
edebec4c3f20df6e5f151bd4d5e073fd original.4484992

Ғұндардың әскериленген мемлекеті
375 жылы олар Еуропаға дейін жетіп, герман тайпаларына шабуыл жасайды. Еуропадағы ғұндар туралы ақпарат ежелгі дереккөздерде пайда болады, оларды «Батыс ғұндар» деп атайды. Олар туралы Венгриядағы, Румыниядағы, Болгариядағы ежелгі ескерткіштерде руникалық жазулар сақталған. Ғұндардың батысқа қарай жылдам алға жылжуы оңтүстік-шығыс Еуропа халықтарының өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Гот тайпаларының жеңілісі халықтардың ұлы қоныс аударуына себеп болды. Батыс Германия мен Францияның шығысындағы көптеген қалалар қирады.
https://e-history.kz/kz/news/show/33472 сайтынан алынған


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, индустрияландыру саясатының жетістіктері мен кемшіліктерін талдаңыз.
Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. Олар салық төлеу, заемға жазылу, қолда бар қаржыларын, қымбат заттарын индустрияландыру қорына өткізу арқылы өнеркәсіптің дамуына белсене атсалысты. Шаруалар астық, мал шаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін мемлекетке өткізу арқылы индустрияландыру ісін барынша қолдады. Бұл мәселеде наразылық білдірушілер шықса, олар ұсталып, айдалып, аластатылып отырды. Мұндай қуғындалғандардың басым көпшілігі ауқатты шаруалар еді.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы/ Оқулық, 3-басылым. Алматы, 2005


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары мен себептерін талдаңыз.


Қазақ хандығының құрылу тарихы
... Қазақ мемлекеті шығу тегі, өмір сүру салты және мәдениеті жағынан ұқсас түркі тілдес тайпалардың бірігуі нәтижесінде құрылды.
Қазақ халқы мемлекеттілігінің дамуында Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы маңызды кезең болды.
Қазақ хандығының құрылуы XV ғасырдың екінші жартысында құлдырауды бастан кешірген екі мемлекет – Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі саяси жағдайымен байланысты болды.
Қазақ мемлекетінің құрылуы Керей мен Жәнібек сұлтандардың есімдерімен байланысты. Олардың жаңа хандықтың іргесін бекіту жолындағы күресі рулық ақсүйек қауымның да, қатардағы көшпелілер мен егіншілердің де мүдделеріне сәйкес келді. Олар халықтың дербес мемлекет құруға ұмтылысы болды. ...
Бакина Н. Қазақстан тарихы. 6 сыныпқа арналған оқулық


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы білім және ғылымы дамуының мәселелері мен болашағын талдаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет