Қарым-қатынастың жазбаша түрін жетілдіру үшін жеке электронды хат, хабарлама, брошюра, эссе жазу ұсынылады.
2. «Қазақстан және тілін оқып жатқан елдер», төмендегі тақырыпшаларда кеңінен қарастырылады: «Қазақстан Республикасы мен тілін оқып жатқан елдердің ұлттық рәміздерінің тарихи-мәдени маңызы», «ҚР және тілін оқып жатқан елдердің мемлекеттік, зайырлы және діни мерекелері». Аталмыш тақырыпшалар типтік жағдаяттар, рөлдік ойындар секілді мәдениаралық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың ауызша түрін жетілдіру үшін келесі типтік жағдаяттар ұсынылады:
«Сіздің шетелдік достарыңыздың отбасында бала дүниеге келді. Сіз тілін оқып жатқан елде бұл оқиғаны қалай мерекелейтіндігін білгіңіз келеді,
«Сіз өз еліңізде бұл оқиғаны мерекелеу дәстүрлері туралы әңгімелеңіз»,
«Сіздің шетелдік құрдастарыңыз Наурыз мерекесінде. Қонақтарды бұл мейрамды атап өту дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары қызықтырады: оларға бұны қалай қызықты етіп айтуға болады?».
Қарым-қатынастың жазбаша түрін жетілдіру үшінжеке электронды хат, хабарлама, хабарландыру, мерекелік іс-шаралар жоспары ұсынылады.
III. Қарым-қатынастың оқу-кәсіби саласы
«Білім. Мамандық», мына тақырыпшаларда кеңінен қарастырылады: «Университет, мамандық таңдау», «Менің болашақ мамандығым. Кәсіби біліктілік. Маман сапасы». «Әр түрлі мамандықтың артықшылықтары мен кемшіліктері». Аталмыш тақырыпшалар типтік жағдаяттар, рөлдік ойындар секілді мәдениаралық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың ауызша түрін жетілдіру үшін келесі типтік жағдаяттар ұсынылады:
«Шетелдік танысыңыз сіздің жоғары оқу орынында білім алғысы келеді. Сайтқа өзіңіздің факультет туралы ақпаратты орналастырыңыз және университетіңізде білім алудың беделді екендігін дәлелдеңіз».
«Отбасылық кеңесте өз таңдауыңыздың дұрыстығы талқыланып жатыр». «Сіз өз таңдауыңызды қорғап дәлелдер келтіресіз».
Өзіңіз таңдаған мамандық өкілдерімен кездесу кезінде келесі сұрақтарды талқыланыз: қалай білікті маман болуға болады? Таңдап алынған мамандықтың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? Таңдалған мамандықтың еңбек нарқындағы сұранысы?
Студенттердің оқу жұмыстарының қандай режимі ойға қонымды болып табылады?