Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы № бұйрығына 1-қосымша



бет56/101
Дата26.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#182478
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101
Байланысты:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымд-emirsaba.org

4. «Тағам», мына тақырыпшаларда кеңінен ашылады: «Азық-түлік»; «Азық-түлік дүкені»; «Қоғамдық тамақтану орындары», «Студенттік асхана»; «Гастрономиялық дәстүрлер»; бұл тақырыпшалар төмендегі типтік жағдаяттарда жүзеге асады:
  1. Тамақ өнімдері, тағам туралы әңгімелеңіз.


  2. Бір астың дайындалуы туралы айтыңыз. Отбасылық рецепт.


  3. Ас мәзірін талқылаңыз, тапсырыс беріңіз, қызмет көрсету туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.


  4. Сізге басқа елден қонақ келді. Одан ұлттық тағамдар туралы сұраңыз.


  5. Мерекеге орай азық-түлік сатып алу. Азық-түлік дүкеніндегі сатушымен сұхбат құрастырыңыз.


  6. Сіз қонақтарға не дайындар едіңіз?


  7. Мерекелік дастархан жаю.


  8. Таңғы асқа, түскі асқа және кешкі асқа мәзір дайындау.


  9. Сіздің тамақ және сусындар бойынша талғамыңыз қандай?




5. «Киім», төмендегі тақырыпшаларда кеңінен қамтылады:

«Сауда жасау»; «Супермаркеттер мен бутиктер» келесі типтік жағдаяттарда жүзеге асырылады:
  1. Өзіңіз қалаған тауардың өлшемі сізге сәйкес келмеді. Сатушы сізге қайтадан келіңіз деп ұсыныс жасайды.


  2. Шетелде болған досыңыздан сол елде ұлттық киімдерді, сувенирлерді қайдан сатып алуға болатындығын сұраңыз.


  3. Сатушыдан дүкенде сізге қажетті тауар туралы сұраңыз. Сатушыдан сізге кеңес беруін сұраңыз.


  4. Үлгілеу үйіндегі сәнді киімдер туралы сұраңыз. Қазіргі заман жастарының стилі қандай?




4. Қарым-қатынастың продуктивті ТҮРЛЕРІНЕ ОҚЫТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

4.1. Ең аз жеткілікті деңгей- (біліктіліктің жалпыеуропалық шкаласы бойынша А1 деңгейіне сәйкес)

4.1.1. Ең аз жеткілікті деңгейде қалыптасатын біліктіліктер когнитивтік және коммуникативтік біліктіліктер болып табылады.

4.1.2. Ең аз жеткілікті деңгейде моделдік сөйлеу мен сөйлеу коммуникациясы түрлері : этикеттік сипаттағы диалог; диалог-сұрақ қою болып табылады.

Ауызша және жазбаша коммуникация түрлері: сипаттама, баяндау.

Жазбаша сөйлеу туындылары түрлері: қысқаша хабар, жеке хат, құттықтаухат, сауалнама, формуляр, кеден декларациясы, хабарлама жоспары.

4.1.3. Ең аз жеткілікті деңгей дескрипторлары :

- Коммуникацияның ауызша және жазбаша түрлері бойынша:

- мәлімет беруге дайындық және қабілет, ақпарат беру; ақпарат сұрау, сұрақтар қою, сұрастырып білу; кеңес беру, ұсыныс жасау; сендіру, сақтандыру; бағалауыш сөйлесімдердің, тұжырымдардың көмегімен сипаттау; мейірім білдіру және жақтырмау, қызығушылық-немқұрайдылық, үмітті, сезімді білдіру.

- Диалог барысында қайталауларды, перифраздарды және тағы басқа құралдарды қолдана отырып, дайын сөздер негізінде қарапайым әңгіме жүргізу, әңгімені жалғастыру үшін қысқа сөз оралымдарымен ой бөлісу, күнделікті өмірге және сөйлеу тақырыптарына (отбасы, бос уақыт және т.б.) қатысты таныс тақырыптар бойынша әңгіме жүргізу, диалогты бастау, жалғастыру және аяқтау үшін сөйлеу әдебі сөздерін қолдану.

- Монолог барысында:

Өз отбасын, оқуын, тұратын орнын, курстастарын, күн тәртібін, ауа райын, жыл мезгілдерін және т.б. қарапайым фразалармен сипаттау, өзі, өзінің сабақтары мен қызығушылықтары туралы қысқаша хабарлама жасау.

Жазбаша коммуникация барысында: туған-туысқандарды, өзінің айналасындағыларды, олардың іс-әрекеттері, үй (пәтер) және т.б. сөйлеу тақырыптары бойынша қарапайым фразалармен сипаттау, рәсімдеудің нормативтік талаптарын сақтай отырып, коммуникативтік ниеттерді жеткізу.

Тыңдап түсіну барысында:

оқытушының және өзінің курстастарының сөзін, нұсқауларын түсіну;

күнделікті тұрмыста қолданылатын күнделікті қарапайым сөйлесімдерді қабылдау және түсіну;

оқытушының жақсы құрастырылған және баяу айтылған сұрақтарын, нұсқауларын, ережелерін немесе қарапайым қысқа бұйрықтарын түсіну;

хабарламаның тақырыбы туралы фрагментті (сөз, сөз тіркестері және қарапайым фразалар деңгейінде) болжап білу;

Оқу барысында келесі іскерліктер қалыптасады:

ұсынылған мәтіндердегі таныс атауларды, сөздерді, қарапайым фразаларды оқып бөліп көрсету;


тілін оқып жатқан елдегі адамдардың күнделікті өмірлерін реттеуіш прагматикалық мәтіндерді оқу: мәзір және ілінген хабарламалар, бағыттар мен жол карталары, әр алуан нұсқаулықтар мен ескертулер, кестелер және хабарламалар – жаңа әлеуметтік мәдени ортада іс-әрекетке бағдар беретін, негіз болатын ақпараттарды оқу;
4.1.4 Ең аз жеткілікті деңгейде біліктіліктердің қалыптасуын бағалау өлшемдері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет