Саясаттағы жанжалдық және дағдарыстық жағдайлар
Жанжал әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси жанжалдар, олардың конструктивті және деструктивті қызметтері. Саяси жанжалдар мен дағдарыстардың типологиясы.
Саяси жанжалдар динамикасы. Саяси жанжалдардың алдын алу, реттеу және шешу. Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі.
Қазақстандағы әлеуметтік-саяси жанжалдардың алдын алу технологиялары. Қазіргі жағдайдағы саяси дағдарыстан шығу тәсілдері.
Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар
Халықаралық қатынастардың түсінігі және негізгі субъектілері. Халықаралық қатынастар теориясының негізгі дәстүрлі мектептері мен теоретикалық тәсілдері.
Қазіргі заманғы халықаралық тәртіптің тарихи түрлері мен ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар жүйесінің типологиясы мен олардың қызмет етуінің құрылымдық заңдылықтары. Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктер мен мүдделер, құндылықтар мен нормалар.
Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың дамуының негізгі үрдістері. Сыртқы саясаттың мақсаты, міндеттері, мәні және қызметтері. Сыртқы саясаттың әдістері. Әлемдік саясаттағы дипломатиялық қатынастар.
Жаһандану және қазіргі заманғы жаһандық қатерлер.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі тәуелсіз Қазақстан.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары
Қазақстан қазіргі кезеңдегі тәуелсіз мемлекет ретінде.
Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары. Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы. Қазақстан және Қытай. Қазақстанның АҚШ және Еуропа елдерімен қатынасының дамуы. Қазақстан мен Орта және Таяу Шығыс мемлекеттері.
Қазақстан және халықаралық ұйымдар. Жүйелі сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді алға тарту және аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
Қазақстан Республикасындағы үшінші модернизация
Қазақстанның бірінші және екінші модернизациясы: негізгі нәтижелері.
Үшінші модернизация елді бәсекеге қабілеттіліктің жаңа деңгейіне шығарудың жолы ретінде. Елдің дамуының негізгі басымдықтары: экономиканың жеделдетілген технологиялық модернизациясы; бизнес-ортаның либерализациясы; макроэкономикалық тұрақтылық; адам капиталыныңсапасын арттыру; институционалды өзгерістер; қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері.
Сананың модернизациясы: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімге табыну, эволюциялық даму, сананың ашықтығы. Сананың модернизациясы жаһандық дамудың жаңа жағдайына саналы түрдегі адаптацияға деген қабілеттілік ретінде, бәсекеге қабілетті адам – бәсекеге қабілетті ұлт.
Достарыңызбен бөлісу: |