Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы № бұйрығына 1-қосымша



бет81/101
Дата26.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#182478
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101
Байланысты:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымд-emirsaba.org

Саяси идеология және ұлттық сана

Саяси идеологияны анықтаудағы түрлі тәсілдер. Саяси идеологияның қызметтері, деңгейлері. Қазіргі заманның негізгі саяси идеологиялары: либерализм, консерватизм, марксизм дәстүрі және халықаралық әлеуметтік-демократия.

Саяси идеология және қоғамдық сана. Саяси сананы қалыптастырудағы қоғамдық-саяси институттардың ақпараттық-идеологиялық қызметтерінің рөлі. Саяси сана деңгейлері.

Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа үлгісінің стратегиясы, қоғамдық сана модернизациясы. Ұлттық «Мен» және ұлттық бірегейліктің ішкі өзегін сақтау. Қазіргі заманғы модернизация үлгілерінің қатерлері. Ұлттық рухты сақтау және Қазақстан Республикасының болашақ дамуының ұлттық үлгісін құру.



Ұлттық мүдделер және ұлттық қауіпсіздік
Ұлттық мүдде үкіметтің саясатын өңдеудің және мемлекеттің мақсаттарын айқындаудың негізі ретінде. Ұлттық мүдденің мәні және жүйені қалыптастырушы параметрлері. Саяси реализм мектебі және ұлттық мүдде концепциясын өңдеу. Ұлттық мүдде және мемлекеттік мүдде. Ұлттық-мемлекеттік мүдделердің негізгі элементтері. Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделері. Ұлттық мүдде мен ұлттық қауіпсіздіктің байланысы.
Ұлттық қауіпсіздік жүйесінің құндылықтары мен басымдықтары. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің факторлары. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы. Ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздері.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының қатысуы.
Ішкі тұрақтылық пен экономикалық игілік ұлттық мүддені жүзеге асырудың негізгі шарты ретінде.

САЯСАТ ҮДЕРІСІ, ИНСТИТУЦИЯЛАНҒАН ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИЯЛАНБАҒАН СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ
Саяси даму және модернизация

Саяси даму және оның критериелері. Саяси модернизация түсінігі. Саяси модернизацияның мақсаты, оның негізгі сипаттары. Саяси модернизацияның кезеңдері мен факторлары. Модернизациялық үдерістегі дәстүрдің рөлі. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы. Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам. 5 президенттік реформа: заманауи мемлекеттік аппараттың қалыптасуы, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустриалдандыру және экономикалық өсім, ортақ болашақ ұлты, транспарентті есеп беруші мемлекет.

«2050-Стратегиясы» Қазақстан Республикасының саяси бағыты ретінде. Күшті мемлекет және Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз мемлекеті қатарына енуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет