Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы № бұйрығына 1-қосымша



бет92/101
Дата26.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#182478
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   101
Байланысты:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымд-emirsaba.org

ҚАЗАҚСТАН САЯСАТЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ

Қазақстанның мәдени саясаты
Мәдени саясат ұстанымдары: «ҚР Мәдениет туралы заңы». Қазақстандағы мәдени реформалардың негізгі ұстанымдары.
Қазақстандағы рухани жаңғыру үдерістерінің әлеуметтік-мәдени астарлары. Мәдени саясат модельдері мен қоғамның басты құндылықтар жүйесінің байланысы. Мәдени саясаттың қазақстандық моделі. Қоғамдық келісім мен толеранттылық мәдениеті – ұлттың әл-ауқатының жоғарылығының кепілі және мемлекет қауіпсіздігі. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қалыптасуы көпұлтты және поликонфессионалды қазақстандық қоғам мен оның мәдени қорының бірігуі ретінде. Қазақстан Халқы Ассамблеясы және оның қазақстандық қоғамның мәдени шығармашылығындағы рөлі. Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселесі. Қазақстандық қоғамның мәдени келісім мәселесі. Мәдени келісімнің негізгі паттерндері. Қазақстандық өркениеттің негізгі ұстанымдары мен құндылықтары. Қазақстандық өркениетті әлемдік стандарттар мен паттерндер деңгейінде ілгерілетудегі қазақстандық мәдениет, қазақстандық зиялы қауымның рөлі.
Әлемнің ұлттық бейнесін қолдау. Заманауи қазақстандық қоғамға отандастардың мәдени бейімделу мен қосылу (интеграция) мәселесі. Жаңғыртудың екінші және үшінші толқынының жаңа қауіп-қатерлері форматында жас ұрпақтың нақты мәдени жағдайға бейімделу (инкультурация) мәселесі. Жаңа құндылықтық бағдарлардың қалыптасуы, халықтың қоғамдық санасының жаңғыруы, рационалды өркениетті дүниетанымның жаңа жүйесіне шығу. Қоғамдық сананы жаңғырудың негізгі бағыттары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің ашықтығы, білімді құрметтеу (культ). Қазақ мәдениетінің мәдени және өркениеттілік бірегейлік мәселесі.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде. Дәстүр мен жаңашылдықтың даму реті (динамика), мәдени тәжірибенің сабақтастық және тарату механизмдері. Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері. Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы. Табиғи орта мен ел ландшафтына деген сүйіспеншілік. «Туған жер», «туған ел» бағдарламасы. «Туған жер», «туған ел» бағдарламасының мәдени маңызы. Жергілікті тарихты қарастыру жұмысын жасау мен дамытудағы мәдени институттар, мәдени ұйымдардың рөлі. Жергілікті тарихты қарастыру, мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті, аймақтық көлемдегі мәдени объектілерді қалпына келтіру мен сақтаудағы мұражай, білім беру мекемелері мен ұйымдарының рөлі. Табиғи ескерткіштерді жасау мен сақтау бағдарламасы Қазақстанның мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде.
Мәдени туризмнің дамуы және оның «Туған ел», «Қазақстанның сакральды географиясы» жобасының қалыптасуы мен жүзеге асырылуындағы рөлі. Қазақстанның сакральды ескерткіштерінің мәдени-географиялық белдеуін дамыту мен сақтаудағы мәдени туризмнің рөлі – қазақстандықтардың мәдени-этникалық бірегейлігін, қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау стратегиясы ретінде. Түркістан және Алтай ұлттық бірегейлік діңгегі және қазақ мәдениетінің рәмізі ретінде.
Тілдік саясат мәдени саясаттың құрамдас бөлігі ретінде. Кирилицадан латиницаға көшу мәселесі. Үштілділік мәселесі және мәдени стратегияның жаңа ұстанымдары. Ұлттың тілдік кодының сақталу мәселесі. Әлемнің этникалық тілдік бейнесін сақтау мәселесі. Ұлттың мәдени кодын сақтау стратегиясын жүзеге асырудағы қазақ тілінің рөлі.
Қазақстандағы гендерлік саясат. Гендерлік рөлдер және гендерлік мінез-құлық мәселелері. Гендерлік мәдениеттің негізгі құндылықтары.
Қазақстанның дене шынықтыру мәдениеті. Ұлттық спорт түрлері. Қазақстандағы дене шынықтыру құндылықтары.
Жаһандану аясындағы білім беру мәселесі. Интеллектуалды ұлттың жаңа моделінің қалыптасу мәселесі. Қазіргі Қазақстандағы ғылым мен техника. Компьютерлік сауаттылық және мәдениет. «Цифрлы Қазақстан» моделі. Толеранттылық, білімнің ашықтығы мәселесі. Мәдениетаралық және этникааралық коммуникацияның жаңа құндылықтары.

«Жаһанданған әлемдегі қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеттің рухани құндылықтарының негізгі паттерндері. Қазақстанның ең танымал тұлғалары. Қазақстандық мәдениеттің жүз есімі. Қазақстанның ұмытылмас жүз орны. Қазақ мәдениетінің жүз рәмізі. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы. «100 жаңа есім» аймақтық жобасы. Отандық жасампаздық, көркем, техникалық және ғылыми қазақстандық зиялы қауымның негізгі рухани құндылықтары мен паттерндері, табыстылық рәміздері. «Заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын, отандастардың табыстылық модельдері мен этикасын ілгерілетуде, Қазақстанды рухани жаңғырту бағдарламасын дамытудағы жаңашылдық үлестері, қазақ ұлтының мәдени капиталының ең жақсы паттерндерін насихаттау мен танытудағы, қазақ тілін мәдениетаралық, ғылыми және өркениеттік коммуникация тілі ретінде дамытудағы қазақстандық телевдидар, киноөндіріс, медианың рөлі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет