«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты



Дата16.12.2021
өлшемі17,72 Kb.
#101630
Байланысты:
Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті
12,03 ашық сабақ, 25-kuzhattau, Математикалық талдау (1), gauss-teoremasy (1), Физ 5к 5ҮМ Сар.тэс. каз

Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті: Еуропа, Ресей халықтарымен мәдени өзара әрекет формаларын салыстыру және айқындау: паттерндері мен жетістіктері.

«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты.

Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

Ерте кездегі «Жібек жолы» Шыңжаңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.

Мәдениеттердің өзара қарым қатынасы

Ұлы Жібек жолының тарихында бүкіл жолды бip ғана мемлекет бақылаған үш қысқа мерзімді дәуір болды.



  • - VI ғасырдағы Түрік қағанаты;

  • - XIII ғасырдағы Шыңғыс хан империясы;

  • - XIV ғасырдағы Teмip империясы.

Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.

Жібек өндіру, ең алдымен, Византия және араб елдері арқылы Еуропаға (басында Испанияға) келді. VIII ғасырға дейін жібек көптеген елдерде белгілі болды, бірақ тек алыс елдерден әкелінген тауар ретінде. Жібек өндірісі, Еуропада тек 13 ғасырда кең тарады.

Ресейде жібек құрттарын өсіруге алғашқы әрекеттер патша Михаил Федоровичтің (1596-1645) тұсында жасалды. Кейіннен патша жарлығымен Мәскеу түбінде Измайлово ауылында тұт плантациялары (жібек құртының жемшөп зауыты) құрылды. І Петр бар екпелерді жоюға тыйым салып, Астрахань мен Ахтубада жаңаларын құруға бұйрық берді. Екатерина II мен Павел I тұсында да жібек құрттарын өсіруге тырысты.

Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды. Көшпелілердің Азия мен Еуропада қағанаттар түріндегі ерте мемлекеттіліктерінің пайда болуы 1-мыңжылдықтың екінші жартысындағы аймақтық әлеуметтік-саяси, экономикалық ерекшеліктерін анықтаушы фактор болды.



Қыпшақтардың оңтүстік Ресей даласында пайда болуы Киев Русін өзінің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды ұйымдастыруға, бекіністер салуға мәжбүр етті.

Сонымен, көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, бірде арагүдік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-катынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы калалар үлкен өсер етті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет