1.2 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОГЕНЕЗІ. ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (VІ -ХV ғғ.)
VІ-ІХ ғасырлардағы ерте ортағасырлық мемлекеттер. Түрік империясы. Шығыс Түрік қағанаты. Батыс Түрік қағанаты. Мемлекеттік басқару жүйесі. Түрік қағанатының құқығы. Түргеш қағанаты. Қарлұқтар. Оғыздар. Қимақ қағанаты. Түркі көшпенділерінің шаруашылығы. Арабтардың келуі.
Түркі халықтары және қазақ халқының қалыптасу негіздері.
Түркі өркениеті. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері. Түркі халықтарының Қытай, Парсы және арабтық Шығыс елдерімен өзара қарым-қатынасы. Түркі халықтарының әскери өнері. Қалалар. Қоныстар. Зираттар. Материалдық мәдениеті. Қолөнер. Сауда. Ауыл шаруашылығы. Архитектура және өнер. Наным-сенімдер және дін. Тіл, жазу және әдебиет. Күлтегін ескерткіші – түркі халықтарының мәдени мұрасы.
ІХ-ХV ғасырлардағы дамыған ортағасырлық мемлекеттер. Қарахан мемлекеті. Қарақытай мемлекеті. Қидан. Наймандар. Күшлік хан. Қыпшақтар бірлестігі. Антропологиялық сипаттамасы. Сыртқы байланыстары. Шыңғысхан (Темучин) және Монғол империясы: жаулап алу жорықтары, әлеуметтік зардаптары. «Монғол», «татар», «моғол» этнонимдері: пайда болуы. Шыңғыс ханның жаулап алулары, оның әлеуметтік салдары. Алтын Орда халқының этникалық құрамы.
Дала мен қала халқының мәдениеті. Қалалар. Тұрғын үй. Қолөнер. Сауда. Ауыл шаруашылығы. Сәулет өнері және құрылыс. Сәндік-қолданбалы өнер. Дін және мәдениет. Ислам діні және араб салт-дәстүрінің таралуы. Шығыстың ғұлама ойшылдары: әл-Фараби, әл-Бируни, М.Қашқари, Ж.Баласағұни.
Ұлы Жібек жолы. Сауда және тауар айналымы. Мәдениеттер алмасуы. Ұлы Жібек жолының құлдырау себептері мен салдары.
Алтын Орда: құрылуы, кезеңдері, дамуы. Жошы ұлысы және Ұлы Дала. Алтын Орда. Алтын Орда хандарының жаулап алу жорықтары. Ұлыстардың құрылуы. Саяси құрылысы және мемлекеттік басқару жүйесі. Алтын Орданың географиялық шекарасы. Алтын Орда құрамындағы Орыс князьдіктері.
XІV-XV ғғ. мемлекеттер. Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан. «Ноғай», «Қазақ», «Өзбек» этнонимдері: шығу тарихы. Шығыс Дешті-Қыпшақ. Орыс хан билігі. Шағатай ұлысы. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу. Этникалық-мәдени дамуы. XІV ғасырдағы Әбілхайыр хандығы. Әмір Темір жорықтары және оның салдары. Алтын Орданың құлауы. Ноғай Ордасы, Қазан және Қырым хандықтары. Ноғайлар, өзбектер мен қазақтар. Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан аумағы. Сібір хандығы. Көшім хан.
XІV-XV ғғ. Қазақстанның экономикасы. Мал шаруашылығы мен егіншілік. Әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Қалалар. Ауылдық қоныстар. Қолөнер. Керуен жолдары. Сауда және тауар айналымы.
Рухани мәдениет. Діни нанымдар. XІV-XVғасырлардағы Орталық Азия мұсылмандарының өмірі. Архитектура мен өнер. Көшпенділер көші-қоны, тұрмысы, салт-дәстүрі.
Қазақ халқының қалыптасуы. Антропологиялық зерттеулер. Қазақ халқының құрамы, шығу тегі. Халықтың аумақтық орналасуы мен рулық-тайпалық құрамындағы өзгерістер. Этникалық үдерістер және түркі-моңғол этногенезі. Жоңғарлар мен қалмақтар: этноним тарихы. Этносаяси бірлестіктердің қалыптасуы. Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі. Қазақтың этникалық аумағы. Қазақ жүздері. Саяси және әкімшілік бөлінуі.
ІІ МОДУЛЬ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ. ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ: ҚҰРЫЛУЫ, ӨРЛЕУІ ЖӘНЕ ҚҰЛДЫРАУЫ. ӘЛЕУМЕТТІК ТАРИХЫ
(ХV ғ. ортасы – ХVIII ғ. басына дейін)
ХV ғасырдағы Қазақ хандығы. Орыс хан ұрпақтары. Керей мен Жәнібек. Мемлекеттілік үшін күрес. Шейбанидтер. Қазақ хандығының құрылуы. Хандық билік және ханның құқығы. Қазақ хандығын басқару жүйесі. Қазақ хандығының нығаюы. Жоңғарлармен соғыс.
ХVІ-ХVІІІ ғғ. Қазақ мемлекеті. Хандықтың өрлеуі, жер аумағының ұлғаюы. ХVІ ғасырдың басындағы Қазақ мемлекеті. «Қасым ханның қасқа жолы». Мауеранахр. Қазақ билеушілерінің Орта Азия елдерімен, Осман империясымен және Иранмен қарым-қатынасы. ХVІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ билеушілері. Ішкі саяси оқиғалар. ХVІ ғасырдың 30-50 жылдарындағы қазақтар, моғолдар, қалмақтар. Астрахан хандығының құрылуы және құлдырау себептері.
Хақназар хан билігі. ХVІ ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттің нығаюы. ХVІ – ХVІІ ғғ. Орта Азияның шейбанилері және аштарханилерімен қарым-қатынастары. Тәуекел хан. Ресеймен жақындасу жолдары. Қазақтардың әскери өнері. Ислам діні және оның халық өміріндегі рөлі.
ХVІІ ғасырдағы Қазақ хандығы. Қазақ мемлекетінің аумақтық біртұтастығы үшін күрес. Саяси жағдай. Талас-тартыстар. «Есім ханның ескі жолы». Қазақ халқының әдет құқығы: негізгі қағидалары мен ерекшелігі.
Бұхар хандығымен қарым-қатынас. ХVІІ ғасырдың 30-50 жылдарындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан. «Жеті жарғы». Ресей және көрші елдермен қарым-қатынастар.
Қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы. Кәсіпшілік пен қолөнер. Халықтың күнделікті өмірі. Әскери іс және қару-жарақ. Мал шаруашылығы – дәстүрлі шаруашылықтың негізгі саласы.
ХVІ-ХVІІ ғғ. қалалар. Түркістан. Қалалар топографиясы мен типологиясы. Қалалардың әлеуметтік құрылымы мен демографиялық жағдайы. Архитектура және құрылыс. Қолөнер. Сауда және ақша айналымы. Ирригация (жерді қолдан суландыру) және егіншілік.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Әлеуметтік топтар мен категориялар. Оңтүстік Қазақстан қалалары. Меншік нысандары. ХV- ХVІІ ғғ. қала халқының әлеуметтік құрамы. Көшпенлі шаруашылық түрі және оның қарқынды сипаты.
Қазақ халқының рухани мәдениеті. Қазақ тілінің қалыптасуы. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет жыраулар, Жиренше шешен.
Наурыз мейрамын мерекелеу. Халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері. Діни нанымдар. Киіз үй – дәстүрлі баспана. Архитектура және қолданбалы өнер.
2.2 ОТАРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
(XVIII ғ. 30-40 жж.-ХІХ ғ. 60 ж.)
Ресейге қосылу қарсаңындағы Қазақстан. Ресей мен Еуропаның өндірістік дамуы. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы ішкі саяси жағдай. Өлкенің өндірістік дамуы. Қазақ – жоңғар қатынастары. Қазақ-Қытай қатынастары. Қазақ – Ресей қатынастары. Қазақ – башқұрт қатынастары.
ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. «Ақтабан шұбырынды». «Алқакөл сұлама». Қазақ батырлары. Қазақ жыраулары. Билер институты.
Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңі (XVIII ғасырдың 30-40 жж.). Әскери-отаршылдық әрекеттер. Ертіс өңіріндегі әскери бекіністер. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы. Әбілхайыр ханның қызметі. XVIII ғасырдың 40-жылдарындағы қазақ-ойрат қатынастары және Ресейдің Шығыстық саясаты.
XVIII-XІХ ғғ. қазақ қоғамы. Шаруашылығы. Сыртқы сауда. Әлеуметтік жіктелу. Шаруашылықтың құлдырауы.
І Петр және Ресей империясының құрылуы. Ресей билігінің күшеюі (XVIII ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі). Кіші жүздегі саяси жағдай. Орта жүз бен Ұлы жүздегі саяси үдерістер (XVIII ғасырдың 50-60 жж.). Абылай хан тұсындағы қазақ мемлекеттілігі (1771-1781 жж.). Абылай хан – дипломат, саясаткер. Ішкі – сыртқы саясат: оңтүстік және шығыстық бағыты. Жоңғар мемлекетінің құлауы.
Әскери-әкімшілік мекемелердің Орталық және Шығыс Қазақстан аймақтарында жүргізген саясаты (XVIII ғ. 50-70 жж.). «Шаңды жорық». Қалмақтардың қаралы көші.
Дала элитасының елдің тұтастығы үшін күресі.
Нұралы хан билігі (1749-1786 жж). Қазақтардың Емельян Пугачев бастаған орыс шаруалар соғысына қатысуы. Барон фон Игельстром: Кіші жүз қазақтарын басқару реформасы (1786 ж). Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Бөкей Ордасы.
XVIII ғасырдың 80 - жылдары – 1821 жылдар аралығындағы Орта жүз. Абылай хан ұрпақтарының билігі. Саяси жағдай.
XVIII ғасырдың аяғы – ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Оңтүстік Қазақстан. Қазақтардың Қоқан және Хиуа хандықтарымен қарым-қатынасы. Оңтүстік қазақтарының ортаазиялық хандықтарға қарсы азаттық күресі. Ресей империясының Оңтүстік Қазақстан аймақтарына кіруі: әскери жорықтары мен бекіністердің салынуы.
Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі (ХІХ ғасырдың екінші ширегі). 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы». Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. 1824 жылғы «Орынбор қазақтары туралы жарғы». Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. Әскери отарлаудың күшеюі. Қазақ жеріне казак әскерлерін (казачество) орналастыру. Жаңа әкімшілік-аумақтық жүйенің енгізілуі. Ресейлік жергілікті атқарушы мекемелердің құрылуы. Дәстүрлі басқару түрлерінің күйреуі.
Ұлт-азаттық қозғалыстар. Орта жүз қазақтарының Ресей отаршылдығына қарсы күресі. Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс (1825-1836 жж.). Жәңгір хан және оның реформалары (1824-1845).Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс. Кенесары хан бастаған көтеріліс (1837-1847 жж.), жеңілу себептері. Қазақ хандығының күйреуі (1847 ж.)
Қазақстанның Ресейге қосылуы үдерісінің аяқталу кезеңі (ХІХ ғасырдың 50-60 жж.). Ресейдің сыртқы саяси стратегиясы. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы. Жетісу мен Сырдария бойындағы әскери бекіністер. Сыздық Кенесарыұлы және оның Ресей әскери экспансиясына қарсы күресте Орта Азия хандықтарымен күш біріктірудегі рөлі. Арал өңіріндегі қазақтардың Ресей отаршылдығы мен Хиуа хандығы басқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресі.
Қазақстан мәдениеті (XVIII-XІХ ғғ.). Материалдық мәдениет. Тұрмыс-салт дәстүрлері. Қазақ әдебиеті. Музыка өнері. Медресе. Діни білім беру. Қазақ халқының күнделікті өмірі.
Қазақстан Ресей империясының құрамында (ХІХ ғ. 60-90 жж.). 1867-1868 жылдардағы реформаны әзірлеу және оның әскери-саяси себептері. Ресей империясының аграрлық ұстанымы. Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты. Қазақ жеріне орыс және украин шаруаларының қоныстануы. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-саяси реформалар. Империядағы сот құрылысы және жергілікті билер соты.
Отарлық кезеңдегі Қазақстан экономикасы: салалары, ерекшелігі. Империяның шығыс шекарасының анықталуы.
Халық наразылығы. Орал және Торғай облыстарындағы көтеріліс (1868-1869 жж.). Маңғыстау қазақтарының көтерілісі (1870 ж.).
Әлеуметтік және демографиялық өзгерістер. Халықтың көпэтникалық құрамы. Шаруалардың қоныстануы. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы. Еділ бойы халықтары: татарлар мен башқұрттар және мордвалар.Жаңа кәсіп түрлерінің пайда болуы. Сауда. Жәрмеңке. Өнеркәсіп. Урбандалу үдерістері. Қалалардың өсуі. Ресей империясының аймақтағы банк-ақша жүйесі.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Халық ағарту ісі. Дулат Бабатайұлы (1802–1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843–1906), Шоқан Уәлиханов (1835-1865). Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Абай Құнанбаев (1845-1904). Григорий Потанин (1835-1920) – ғалым, қазақ жанашыры. Вильгельм Фридрих Радлов (1837-1918) – шығыстанушы-түркітанушы. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Саз өнері. Қазақ композиторлары. Өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдары. Баспасөз. Еуропалық және ресейлік саяхатшылардың Қазақстан туралы жазбалары. Жергілікті орыс-түземдік мектептер және мектеп құрылысы.
2.3 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨПҰЛТТЫ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай. Өлке халқының күнделікті өмірі, кәсібі. Өнеркәсіптің дамуы. Мәскеу-Ташкент темір жолының құрылысы. Байланыс жолдары және сауда. Жұмысшылардың өндірістік орталықтарының қалыптасуы. Өлкедегі жер мәселесінің шиеленісуі. Столыпиннің аграрлық реформасы және оның зардаптары.
ХХ ғасырдың басындағы саяси өмірдің жандануы. 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысы. 1905-1907 жылдардағы Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция. Өлкедегі саяси үйірмелердің пайда болуы. Социал-демократтар, кадеттер және т.б. саяси ағымдар. 1905 жылғы Қарқаралы петициясы. «Қазақ контитуциялық демократиялық партиясын» құру әрекеті. «Автономияшыл-федерацияшылдар одағы» мен «Ресей мұсылмандары Одағы» ұйымдарына қазақ өкілдерінің қатысуы. 1912-1913 жылдардағы Балқан соғыстары. Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918 жж.) тұсындағы Қазақстан. Халық тұрмысының нашарлауы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Бекболат Әшкеев. Әбдіғаппар Жанбосынов. Көтеріліс жетекшілерін хан сайлау. Амангелді Иманов.
Қазақстандағы жазалау жорықтары. Қазақтардың шығыс елдеріне қоныс аударуы. Қазақстанға соғыс тұтқындарының (Австрия-Венгрия, Германия) келуі.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Оқу-ағарту ісі. Ғылыми мекемелер мен қоғамдардың қызметі. Ұлттық мерзімді басылымдар. «Айқап». «Қазақ». ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов, Б.Қаратаев, Х.Досмұхаммедов, Ж.Досмұхаммедов, С. Асфендияров және т.б. Саяси жер аударылғандардың қазақ өмірімен араласуы.
ІІІ МОДУЛЬ.
ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
3.1 1917 ЖЫЛҒЫ РЕСЕЙДЕГІ РЕВОЛЮЦИЯЛАР. ЖАҢА ЗАМАННЫҢ БАСТАЛУЫ. КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢ
(ақпан-қазан 1917 ж. – тамыз 1991 ж.)
1917 жылғы ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан. Қазақстан тарихындағы «жаңа заман» ұғымы. 1917 жылғы Ресейдегі ақпан революциясы және оның ерекшелігі. Монархиялық биліктің күйреуі. Алаш қозғалысы. Уақытша үкімет пен Кеңестің жергілікті басқару мекемелері. Уақытша үкіметтің соғысқа көзқарасы. Қазақ комитеттері. Қазақ съездері. Бірінші жалпы қазақ сьезі және оның шешімдері (21-26 шілде, 1917 ж.). 1917 жылдың жаз-күз айларындағы саяси дағдарыс. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына даярлық жұмыстары. Қазақстандағы большевиктердің қызметі. «Алаш» партиясы және оның бағдарламасы. «Үш жүз» партиясының құрылуы. «Шуро-и-Ислам», «Шуро-и-Улема», «Тұран» Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі, Түркістан өлкесі қазақ-қырғыздарының кеңесі, Түркістан федералистері партиясы және т.б. қоғамдық-саяси ұйымдар.
Қазақстанда кеңестік биліктің орнауы. 1917 жылғы қазан төңкерісі. Большевиктердің билікке келуі. В.И. Ленин және Кеңес үкіметінің құрылуы. Ішкі және сыртқы саясаты. Кеңестік биліктің жергілікті басқару мекемелері. Қазақ большевиктері, өлкедегі эсерлер және меньшевиктер. Түркістан мұсылмандарының 4 –ші жалпы сьезі (27 қараша, 1917 ж.). Түркістан автономиясының құрылуы. М. Тынышбаев. М.Шоқай. Екінші жалпы қазақ сьезі және оның шешімдері (5-13 желтоқсан, 1917 ж.). Алашорда үкіметінің құрылуы. Алашорда және Кеңестер. Алаш әскері.
Шаруашылық және мәдени құрылыстағы алғашқы қадамдар. Өлке экономикасының даму ерекшелігі.
Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). «Әскери коммунизм» саясаты. Ә.Жангелдиннің экспедициясы. Колчак әскерін талқандау.
РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының Қазақ бөлімі (11 мамыр, 1918 ж.). Мұхамедияр Тұнғаншин. Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің құрылуы (Кирревком - 10 шілде, 1919 ж.). Алашордашыларға амнистия жариялау (4 қараша 1919 ж.). Түркістан АКСР-нің құрылуы (1918-1924 жж.). Т.Рысқұлов, С.Қожанов. О.Жандосов, Н.Төреқұлов және т.б. қызметі.
Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының (ҚазАКСР) құрылуы (26 тамыз, 1920 ж.). КСРО-ның құрылуы (1922 ж.). Большевиктер билігінің нығаюы. Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісінің іске асырылуы. Ұлттық-территориялық межелеу және оның нәтижелері (1924 ж.). Қазақстан құрамында Қарақалпақ автономиялық облысының құрылуы. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы. Әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптасуы. КСРО Конституциясы (1924 ж.). Большевиктер саясатының амбиваленттік (ішкі қайшылық) сипаты.
Қазақстандағы астаналар тарихы (Орынбор, Қызылорда, Алматы).
Қазақ даласындағы ашаршылық ( 1917-1918 жж.; 1921-1922 жж.). Себептері мен салдары. «Қазақтардың Ленинге хаты» (20 тамыз, 1920 ж.).
Дәстүрлі қазақ қоғамының бұзылуы. Кеңес үкіметінің Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық саясаты және оның бағыттары. Жаңа экономикалық саясат. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы.
Тоталитарлық тәртіптің орнауы. В.И. Лениннің өлімі (1924 ж.). И.В. Сталиннің билікке келуі. Әміршіл-әкімшіл басқару әдістерінің күшеюі.
Большевиктік аграрлық революция. Ф.Голощекиннің «Кіші қазан» саясаты. Астық дайындау науқаны. Күштеп ұжымдастыру. Шаруаларды қудалау. Бай қожалықтарын жою. Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығын күйрету.
1931-1933 жылдардағы ашаршылық.: демографиялық салдары. Аштықпен күрес: қазақ зиялыларының рөлі, жергіліктің халық наразылығы.
Таптар күресінің шиеленісуі. Шаруалар көтерілістері (1929-1931 жж.). Шетел асу: Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Ресей.
Индустрияландыру саясаты: қайшылықтары мен зардаптары. Өнеркәсіп және оның шикізаттық бағыт-бағдары. Теміржол құрылысы. Түрксіб. М.Тынышбаев, Т.Рысқұловтың қызметі. Индустриялық кадрларды қалыптастастыру. Аймақтағы жұмысшылардың саны мен құрамы.
Қоғамдық-саяси өмір. Партия құрылысы. Кеңестер қызметі, комсомол ұйымдары. Кәсіподақтар. Қазақ АКСР-нің Қазақ КСР-і болып өзгеруі (1936 ж.). Қазақ КСР-інің құрылуы, тарихи маңызы. КСРО Конституциясы (1936 ж.). Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы (1937 ж.). Корейлерді депортациялау (1937-1938 жж.).
Қазақстан мәдениеті, білім беру жүйесі және ғылым. Сауатсыздықты жою. Жазу реформалары: араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу; кириллицаны енгізу. Кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы. Орта және жоғары мектептерді қалыптастырудағы ұлттық интеллигенцияның рөлі. С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, С.Сәдуақасов және т.б. қызметі. Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындары. Қазақстан ғылымының дамуы. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасының қалыптасуы (1932 ж.) және КСРО Ғылым Академиясы бөлімшесінің ашылуы (1938 ж.).
Қазақ әдебиеті. Қазақстан баспасөзі. Өнер. Көрнекті мәдениет қайраткерлері. Қоғамдық-саяси өмір. Партия құрылысы. Кеңестер қызметі, комсомол ұйымдары. Кәсіподақтар. Қазақ АКСР-нің Қазақ КСР-і болып өзгеруі (1936 ж.). Қазақ КСР-інің құрылуы, тарихи маңызы.
Тоталитарлық жүйенің күшеюі. Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін және оның кезеңдері. Қазақ зиялыларын айыптау. «Алаш» ісі. Сот процестері. Қазақстандағы «Үлкен террор». Қазақстандағы Лагерлер Бас Басқармасы (ГУЛАГ). КарЛАГ, АЛЖИР: қасіретті тағдырлар. Тапсыз «коммунистік қоғам» құрылысы туралы аңыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлерінің (теледидар, радио хабарлары) дамуы.
Екінші дүние жүзілік соғыс (1939-1945 жж.) және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (1941-1945 жж.). Ұлы Отан соғысы отандық және шетелдік тарихнамада: жаңа зерттеулер мен айғақтар. Соғыс қарсаңындағы КСРО және Қазақстан. КСРО-ның халықаралық жағдайы. Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы (1 қыркүйек, 1939 ж.). Фашизм. Германияның Кеңес Одағына басып кіруі (22 маусым, 1941 ж.). Халық шаруашылығын соғыс жағдайына бейімдеп қайта құру. Көшірілген кәсіпорындар мен халықтар: оларды қабылдау және орналастыру.
Қазақстандықтар соғыс майданында: Ленинград қорғанысы, Мәскеу шайқасы, Сталинград шайқасы, Курск доғасы және басқа да шайқастар. Қазақстандықтардың партизандық жасақтарға, қарсыласу қозғалыстарына, Берлин операциясына қатысуы. Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары. Қазақстан – майдан арсеналы. Қазақстандықтардың тылдағы ерлігі. Соғыс тауқыметі: «Түркістан легионы» және Германиядағы тұтқындар тағдыры. Қазақстандағы шетелдік әскери тұтқындар.
Қазақстанға қоныс аударылған халықтар, еңбек армиялары және олардың тағдыры. Қазақ халқының басқа этностармен қарым-қатынасы. Күштеп көшірілген халықтардың Қазақстан экономикасы мен мәдениетіне қосқан үлесі. 1917-1939 жж. Қазақстан халқы құрамындағы өзгерістер.
Соғыс жылдарындағы халық ағарту ісі. Ғылым мен мәдениет – майданға. Ж.Жабаев, Қ. Мұңайтпасов. Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі және Қазақстан Компартиясы ОК-нің «Қазақ КСР Ғылым Академиясын құру бойынша дайындық жұмыстары туралы» шешімінің қабылдануы (18 тамыз, 1944 ж.)
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946-1953 жж.). Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. КСРО экономикасын қалпына келтіру. Карточкалық жүйенің жойылуы. 1947 жылғы ақша реформасы. Мәдениет, ғылым мен білім. Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Жаңа идеологиялық науқандар. Өзгеше ойлайтындармен күрес. Гуманитарлық ғылымдар саласына бақылаудың күшеюі. Ғалымдарды қуғындау: «ар-ождан соты». «Е.Бекмаханов ісі». «Б.Сүлейменов ісі».
КОКП-ның ХІХ сьезі. И.В. Сталиннің өлімі. Л.Берияның тұтқындалуы және ату жазасына кесілуі. Н.С. Хрущевтің билікке келуі. Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай. Ж.Шаяхметовтің қызметі. Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер.
Хрущевтік «жылымық» жылдарындағы Қазақстан (1953-1964 жж.). Хрущевтік «жылымық» кезеңі, әлеуметтік-экономикалық сипаты. Индустриалды даму. Әскери-өнеркәсіптік кешеннің нығаюы.
Тың және тыңайған жерлерді игеру: жетістіктері мен тәжірибесі. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Республиканың қоғамдық-саяси өмірі.
Кеңестер, КОКП, комсомол, қоғамдық ұйымдар. «Хрущевтік жылымық» кезеңіндегі қарама-қайшылық. Жүйені жұмсарту әрекеттері. Волюнтаризм және субьективизм. 1950-1970 жылдардағы әлеуметтік шиеленістер. Республика қорларындағы жерлердің тартып алынуы. Республика халқының күнделікті өмірі.
«Тоқырау» жылдарындағы Қазақстан (1964-1985 жж.). Қазақстандағы биліктің ауысуы. Д.А.Қонаев – Қазақстан Компартиясы ОК-ның Бірінші хатшысы. Мемлекеттік-партиялық жүйе және партиялық номенклатураның шексіз билігі. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар. Орыстандыру саясаты және КСРО халықтарының ассимиляциялануы. КСРО Конституциясы (1977 ж.). Қазақ КСР Конституциясының (1978 ж.) қабылдануы. Целиноград оқиғалары (1979 ж.). Ел экономикасының тоқырауға ұшырауы. Экономиканы реформалаудың кезекті қадамдары. Қазақстанның өнеркәсіп және аграрлық секторы. Халықтың тұрмыс деңгейі: жалақыдан жалақыға дейін. Қоғамдық – саяси өмір және оның ерекшелігі. Экологиялық проблемалардың шиеленісуі: Семей ядролық сынақ айлағы, Арал теңізінің тартылуы, өмір сүруге қолайсыз аймақтардың көбеюі. «Кемелденген социализм» дағдарысы жылдарындағы Қазақстан. Қоғамның рухани-мәдени өмірі, қоғамдық қозғалыстар. Ауғанстан жеріне кеңестік әскердің енгізілуі. Елдегі наразылық.
Қазақстан «қайта құру» жылдарында (1985-1991 жж.). Дағдарыс және әміршіл-әкімшіл жүйенің күйреуі. М. Горбачев – «қайта құрудың» бастамашысы. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің созылмалы дағдарысы. Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өмірі. Жариялылық және «қайта құру» саясаты. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі: себептері мен зардаптары. Кеңестік социализмнің мәні мен мазмұны.
КСРО-ның ыдырауы қарсаңындағы Қазақстан. Республикадағы әлеуметтік-саяси үдерістер. «Қазақ КСР-де тілдер туралы Заңның» қабылдануы (22 қыркүйек, 1989 ж.). Қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктер және ұлттық-мәдени орталықтардың құрылуы (1989–1990 жж.). «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Балқаш», «Әділет» тарихи – ағарту қоғамы, «Қазақ тілі» қоғамы және экологиялық қозғалыстар.
Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы. Қоғамдық қозғалыстар мен алғашқы саяси партиялардың құрылуы: «Алаш» партиясы, «Қазақстан социал-демократиялық партиясы», «Желтоқсан» ұлттық-демократиялық партиясы, «Азат» және «Бірлік» Қазақстан азаматтық қозғалысы. Одақтық басшылықтың әлсіздігі, аяқталмаған реформалар, қарама-қайшылықтардың белең алуы.
Кеңестік кезеңдегі тарихи-демографиялық жағдай. 1940-1989 жылдардағы Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістер. ХХ ғ. 90-жылдарындағы Қазақстандағы негізгі ұлттар санының динамикасы.
ХХ ғасырдағы қазақ диаспорасы. Қазақ диаспорасының жалпыға ортақ сипаты және ерекшелігі. Қазақ диаспорасының көші-қон тарихы: Ұлттық интеллигенция өкілдері қызметінің эмиграциялық кезеңі. Ашаршылық кезінде шетел асқан қазақтар. Қытай (Шығыс Түркістан) қазақтары. Түркия қазақтары. Монғолиядағы қазақтар. Таяу шетелдердегі қазақтар. Қазақ диаспорасының ұлттық салт-дәстүрлерді сақтап қалуы және қайта жаңғыртуы.
3.2 ҚАЗАҚСТАН - ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ.
ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ
(желтоқсан 1991 ж. – бүгінге дейін)
Тәуелсіздік жолындағы батыл қадамдар: Республиканың Президенттік қызметін бекіту (сәуір, 1990 ж.). Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдау (қазан, 1990 ж.), Семей ядролық сынақ айлағының жабылуы және ядролық қарудан бас тарту; Лиссабон хаттамасы (тамыз, 1991 ж.). 1991 жылғы тамыз бүлігі және одақтық мемлекеттің ыдырауы, КСРО-ның күйреу себептері. Алматы декларациясы. КОКП мен Қазақстан Компартиясының таратылуы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы. Алғашқы жалпыхалықтық президенттік сайлаулар, мемлекеттің жаңа атауын қабылдау (желтоқсан, 1991 ж.). Н.Ә. Назарбаев – Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Республика атауының өзгеруі. Қазақстан тарихындағы «қазіргі кезең» ұғымы.
Достарыңызбен бөлісу: |