БАҒдарламасы қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялау және мемлекеттілік негіздерінің қалыптасуы



бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі0,52 Mb.
#33862
1   2   3

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялау және мемлекеттілік негіздерінің қалыптасуы. Мемлекеттік құрылыс. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы. Қазақстан тәуелсіздігі қарсаңындағы сын-тегеуріндер: қиыншылықтар, проблемалар және оларды еңсеру. Қазақстан – БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын жасау: орта мерзімді жоспарлаудың алғашқы тәжірибесі. Тұтас қазақстандық азаматтықтың орнауы. Байқоңыр ғарыш айлағы – әлемдік маңызы бар алаң. Тұңғыш қазақ ғарышкерлері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бекіту. Мемлекеттік шекараны анықтау. Алматы – тәуелсіздік бесігі. «Сындарлы он жыл»: түйінді мәселелердің шешімі.

Конституциялық құрылыс. Конституциялық реформа: Қазақстан Республикасының Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулар. Демократиялық және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы. Адам және азамат құықтарын қорғау. Құқық қорғау және әскер жүйесіндегі реформа. Сот реформасы. Әкімшілік-аумақтық бөлініс. Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау. Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісінің Тұжырымдамасы. Жемқорлықпен күрес. Мемлекеттік басқару жүйесінің орталықсыздануы. Жергілікті және өзін-өзі басқару.



Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту. Әлеуметтік-экономикалық реформалаудың кезеңдері. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу (1992-1995 жж.). Экономиканы ырықтандыру бағыты. Бағаны ырықтандыру. Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру. Кәсіпкерлік сектордың құрылуы. Шағын және орта бизнесті қолдау. Банк жүйесін реформалау. Ұлттық валюта – теңгенің енгізілуі (1993 жыл, 15 қараша). Нарыққа негізделген Қазақстан экономикасын мойындау. Шетелдік инвестицияларды тарту. Экономикалық тұрақтану (1996-1998 жж.). «Қазақстан-2030» Стратегиясы: елдің даму болашағы. Әлемдік қаржы дағдарысы кезеңіндегі экономикалық даму (1998-2000 жж.). Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-шаралары. Жер реформасы және аграрлық сектордың дамуы. Совхоздардың ыдырауы. Халық тұрмысының нашарлауы. Республика тұрғындарының күнделікті өмірі.

Целиноград қаласына Ақмола атауының берілуі. Мемлекеттің астанасын көшіру және оның ресми тұсаукесері. Астана – Қазақстанның экономикалық өрлеу және гүлдену сатысы.



Тұрақты экономикалық өсу (2001-2007 жж.). Мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру. Өндірісті жаңғырту және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару. Ақша-несиелік саясат және қаржылық қызмет нарығы мен қаржы секторының дамуы.

Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына қосылу Стратегиясы. Әлемдік экономикалық үдерістер жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстан – ШЫҰ мүшесі.



Әлемдік экономикалық дағдарысты еңсеру және дағдарыстан кейінгі даму (2008 ж. - бүгінге дейін). Әлемдік қаржы дағдарысының жалғасуы және үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-шаралары. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИДБ). Индустрияландыру картасы және Бизнестің жол картасы - 2020.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты».

Мемлекеттік аймақтық саясат. Аймақтардың экологиялық-экономикалық проблемалары және олардың шешімі. Әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік шиеленістер мен қарама-қайшылықтар: себептері мен салдары және оларды реттеу.

Әлеуметтік саяcат. Жұмыспен қамту және еңбек нарығы: өтпелі кезеңнің қиындықтары. Халықтың әлеуметтік жағдайы, өмір сүру сапасы мен деңгейі. Тұрғын үй құрылысы. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реформалар. Зейнетақы жүйесін реформалау және жетілдіру. Білім және ғылым, денсаулық сақтау ұлттық жүйесіндегі жаңару. Спорт пен туризмнің дамуы. Қазақстанның спорт әлеміндегі жетістіктері.

Демографиялық және көші-қон үдерістері. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығындағы демографиялық жағдайдың күрт нашарлауы. Өтпелі кезеңдегі белсенді көші-қон үдерісі. Халықтың қозғалыс ағымы. Отандастардың елге оралуы. І Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы (1992 ж.). Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы халық санағы (1999 ж.). Түбегейлі демографиялық өзгерістер. Табиғи және көші-қон есебінен халық санының тұрақты өсуі. Көші-қон үдерістерін реттеу. Екінші халық санағы (2009 ж.). Қазақ халқы үлесінің артуы. Отандастар және «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы.

Саяси жаңғырту. Саяси жүйенің қалыптасуы. Президенттік институттың құрылуы мен дамуы. Парламентаризм институтының эволюциясы және оны жетілдіру. Сайлау жүйесі және сайлау үдерісін жетілдіру. Бір палаталы Парламентке алғашқы сайлау (1994 ж.). Екіпалаталы Парламенттің бірінші сессиясы: Сенат пен Мәжіліс спикерлерін сайлау (31 қаңтар, 1996 ж.). Аралас сайлау жүйесі бойынша республика Паламентіне сайлау (10 қазан, 1999 ж). 2007 ж., 2012 ж. Парламент Мәжілісіне сайлау. Парламенттің таратылуы және Қазақстан Республикасының Президентін сайлау. Мемлекет басшысына Ұлт Көшбасшысы мәртебесінің заңдық бекітілуі. «Халық қаһарманы», «Еңбек ері» мемлекеттік атақтарының алғашқы иегерлері.

Қоғамдық-саяси өмірдің демократиялануы. Азаматтық қоғам институттарын орнату және дамыту. Мемлекет пен Үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысы. Азаматтық форумдардың өткізілуі. Партиялық құрылыс және олардың Мәжіліс сайлауларына қатысуы (1999 ж., 2004 ж.). Мемлекеттің ақпараттық саясаты, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы.

Конфессияаралық қатынастар және Қазақстанның этносаясаты. Қазақстан халқы Ассамблеясы: мәртебесі, рөлі мен қызметі. Ұлттық бірлік доктринасы. Өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі. «Бейбітшілік және келісім» сыйлығының алғашқы лауреаттары.



Дін және мемлекет саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер сьездері (Астана қ.).

Қазақстан мәдениеті. Рухани жаңғыру және Қазақстандағы этностардың ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерінің дамуы. Наурыз мерекесі мен дәстүрлі айтыс өнерінің жаңғыруы. Алаш мұралары. ІІ, ІІІ, IV Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: рөлі мен жетістіктері. Әдебиет пен өнердің дамуы. Тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама. Үш тұғырлы тіл тұжырымдамасының дамуы. 2025 жылы латын әліпбиіне көшу: тәжірибе және тиімді шешу жолдары. Қазақстан халқының мәдениеті, салт-дәстүрі және тұрмыс-тіршілігі.

Білім беру. Білім беру саласындағы өзгерістер: жаңа жоғары оқу орындарының құрылуы, Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесінің (ҰБТ) енгізілуі. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Егеменді мемлекетіміздің халықаралық қауымдастықта мойындалуы: Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуы. Көпвекторлы сыртқы саясат. Әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық әріптестік. Мемлекеттік шекараны делимитациялау және межелеу. Каспий теңізі мәртебесін реттеу. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық тұрақтылықты нығайтудағы сыртқы саяси бастамалары. Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық бастамасы. Қазақстанның аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруға қатысуы. Қазақстан және ТМД елдері: Бірыңғай экономикалық кеңестік пен Кеден одағына қатысуы. АӨСШК, ШЫҰ жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстанның ҚХР, АҚШ және Еуропа елдерімен қарым-қатынасы. Қазақстан және Түркі қауымдастығы. «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан және ЕҚЫҰ. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Астана саммиті. Қазақстанның ШЫҰ мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуі. Қазақстан – БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінің мүшесі. Еліміздің жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы. Қазақстанның халықаралық рейтингтегі орны, жаһандық ядролық қаруды таратпау қозғалысындағы жетекшілік рөлі. Қазақстанның жаңа халықаралық бастамалары: «G-Global» жаһандық сұхбаты, жаһандық дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспары.

Ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғаныс қабілеті. ХХІ ғасырдың сын тегеуріндері мен қауіп-қатерлері. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік саясатының негізгі басымдықтары. Қазақстанның әскери доктринасы. Қазақстанның әскери қауіпсіздік саясатының негізгі басымдықтары. Әскери реформалар. Қарулы күштер қызметіндегі әскерилердің күнделікті өмірі.

Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы және Ұлт Көшбасшысы. Ұлт Көшбасшысы факторы – қазақстандық реформалардың негізгі өзегі. Астана – тәуелсіздік пен биік асулар көрінісі. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев - әлемдік беделді саясаткер.

Қазақстан жолы: тәжірибе және қайта зерделеу. Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу: қорытындылары мен жетістіктері. «Қазақстан -2030» Стратегиядан «Қазақстан-2050» Стратегиясына дейін: дамудың жаңа басымдықтары. Қазақстан - тиімді даму жолындағы экономикасы бар табысты мемлекет. Астанадағы «EXPO-2017» Халықаралық көрмесі – инновациялық экономика тетігі.

Ұлттық тарихтың жаңғыртылуы ( 5 маусым 2013 ж.). Тарихты оқыту мен зерттеудің озық әдістерін іске асыру тетіктерін қарастыру.



СЕМИНАР ТАҚЫРЫПТАРЫ мЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
МОДУЛЬ І
ЕРТЕ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН


  1. Ежелгі гоминидтер. Жаратылыс туралы дүниетаным

  2. Тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері

  3. Қола дәуіріндегі Андрон мәдениеті

  4. Ерте темір дәуіріндегі тайпалар

  5. Сақтар: тұрмыс салты, мәдениеті

  6. Арал-Каспий аймағының тайпалары

  7. Халықтардың «Ұлы қоныс аударуы». Ғұндар мемлекеті

  8. Ғұндардың Батысқа жорығы. Аттила және оның империясы

  9. Үйсіндердің материалдық мәдениеті

  10. Қаңлылар: археологиялық ескерткіштері

  11. Түрік империясының құрылуы (VІ- ІХ ғғ.)

  12. Батыс Түрік қағанаты

  13. Шығыс Түрік қағанаты

  14. Түргеш қағанаты

  15. Түркі халықтарының әскери өнері

  16. Оғыздар. «Қорқыт ата» кітабы

  17. Түркі халықтарының Қытай, Персия және арабтық Шығыспен өзара қатынасы

  18. Түркі өркениеті (VІ- ІХ ғғ.)

  19. Қарахан мемлекеті. Ислам дінінің қабылдануы

  20. Күлтегін ескерткіші – түркі халықтарының мәдени мұрасы

  21. Қыпшақтар: антропологиялық сипаттамасы

  22. Шыңғыс хан және Монғол империясы

  23. Ислам және оның таралуы

  24. Ұлы Жібек жолы

  25. Жошы ұлысы және Ұлы Дала

  26. Алтын Орда құрамындағы орыс князьдіктері

  27. Ақ Орда мемлекеті. Орыс хан билігі

  28. Әмір Темір жорықтары және оның зардаптары

  29. Қазан және Қырым хандықтары

  30. Көшпелілер көші-қоны. Тұрмыс-салттары.

  31. Сібір хандығының құрылуы. Көшім хан билігі

  32. Қазақ халқының этногенезі

  33. Түркі-монғол этногенезі

  34. Қазақ жүздері. Шаруашылық-аумақтық бөлінісі

  35. Қазақ хандығының құрылуы: ішкі құрылысы

  36. «Қасым ханның қасқа жолы». Қазақтардың әдет құқығы

  37. Астрахан хандығының құрылуы. Қажы-Тархан билігі

  38. Тәуке хан билігі. «Жеті жарғы»

  39. Қазақтардың әскери ісі

  40. ХVІІІ ғасырдағы қазақ – башқұрт қатынастары

  41. Қазақ-жоңғар соғыстары: басталуы, барысы, нәтижесі

  42. Билер институты

  43. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңдері

  44. Барон фон Игельстром реформасы

  45. ХVІІІ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыс

  46. 1822-1824 жж. Жарғылар. Хандық биліктің жойылуы

  47. ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістер

  48. Орта Азия хандықтарының отаршылдығына қарсы азаттық күрес

  49. 1867-1868 жылдардағы реформа: әскери-саяси себептері

  50. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті


МОДУЛЬ ІІ, ІІІ
ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
51. 1917 жылғы Ресейдегі ақпан революциясы. Монархиялық биліктің күйреуі

52. Алаш қозғалысы. Саяси партиялардың құрылуы

53. Түркістан автономиясының құрылуы

54. 1917 жылғы қазан төңкерісі: Алашорда және Кеңестер

55. Қазақстан азамат соғысы жылдарында

56. 1920-30 жылдардағы ашаршылық.: себептері мен салдары

57. Ұлттық-территориялық межелеу.

58. Қазақстандағы астаналар тарихы (Орынбор, Қызылорда, Алматы)

59. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін. Сот процестері

60. Екінші дүние жүзілік соғыс және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан

61. Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары

62. Мәдениет пен ғылым - майданға

63. «Түркістан легионы» және әскери тұтқындар тағдыры

64. Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946-1953 жж.)

65. Семей ядролық сынақ айлағы

66. Тың және тыңайған жерлерді игеру

67. Ғылыми интеллигенцияны қуғындау. «Бекмаханов ісі»

68. «Тоқырау» жылдарындағы Қазақстан. Экономиканы реформалау

69. КСРО-ның әскери-өнеркәсіптік кешені

70. Кеңестік кезеңдегі экологиялық проблемалар

71. Кеңестік жүйенің дағдарысы мен күйреуі

72. Ауған соғысы: КСРО-ның қасіреті

73. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары

74. Кеңестік социализмнің мәні мен мазмұны

75. Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы

76. «Әділет» тарихи – ағартушылық қоғамы

77. Кеңестік кезеңдегі тарихи-демографиялық жағдай

78. Қазақ диаспорасы: көші-қон тарихы

79. ХХ ғасырдағы қазақ диаспорасы

80. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы



  1. Әлеуметтік-экономикалық реформалар: құрылымы, кезеңдері

  2. Демографиялық және көші-қон үдерістері

  3. Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау

  4. Конституциялық реформалар

  5. Құқық қорғау және сот жүйесін реформалау

  6. Әкімшілік реформа және мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі

  7. Қоғамдық-саяси өмірдің демократиялануы

  8. Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар

  9. Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасуы

  10. Қазақстандағы парламентаризм институты

  11. Әлеуметтік саясат. Денсаулық сақтау. Білім және ғылымның дамуы

  12. Қазақстан мәдениеті. «Мәдени мұра» бағдарламасы

  13. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі

  14. Қазақстанның сыртқы саясаты. Халықаралық және аймақтық интеграция жүйесіндегі Қазақстан

  15. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасы

96. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы. Технологиялық артта қалушылықты еңсеру

97. Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы және Ұлт Көшбасшысы

98. «Қазақстан-2030» Стратегиясынан «Қазақстан-2050» Стратегиясына дейін

99. Астана – Тәуелсіздік нышаны. Астана: «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесі

100. Қазақстан жолы: тәжірибе және қайта зерделеу

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ НЕГІЗГІ ЕҢБЕКТЕРІ
1. Елбасы жолдады – елі қолдады. І том. Құрастырушылар: Г.Тәңірбергенова, Қ.Қалилаханова, Б.Имансерікова, Р. Әлімбеков – Астана: «Күлтегін», 2008. – 312 б.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары. 1997-2012 жж. /www.akorda.kz

3. Назарбаев Нұрсұлтан. Әділеттің ақ жолы: Өмірбаян өткелдері, ой-толғау, бағыт-бағдар. Баспаның сұрақтарына жауап /Алматы, Қазақстан, 1991. - 288 б.

4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы. – Алматы: «Дәуiр», 1992. – 567 б.

5. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында . – Алматы: «Атамұра», 2003. - 256 б.

6. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. - Алматы: «Атамұра», 2003.- 336 б.

7. Назарбаев Н.А. Бейбітшілік кіндігі. - Астана: «Атамұра», 2003.-256 б.

8. Назарбаев Н.Ә. Жүз жылға татитын он жыл / Десять лет, равные столетию: Н.Назарбаевтың ҚР тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі / Выступление Н.Назарбаева на торжественном собрании, посященным 10-летию независимости РК. -Алматы: Атамұра, 2001. -112 бет.

9. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. -Алматы: «Атамұра», 2003.- 240 б.

10. Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегінде. - Алматы: «Атамұра», 2005. -192 б.

11. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. – 372 б.

12. Назарбаев Н. А. Избранные речи. - Астана: «Сарыарка», 2009. - Т.1: 1989-1991 гг. - 546 с.; Т.2: 1991-1995 гг.; 2009. - 670 с.; Т.3: 1995-1998; 2009. - 580 с.

13. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам // Егемен Қазақстан. –2012.- 10 шілде.

14. Жаһандық деңгейдегі оқиғалар. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдануына байланысты Қазақстан халқына Үндеуі // Егемен Қазақстан. – 2012. – 7 желтоқсан.

15. Нурсултан Назарбаев. Биография. -Астана: Деловой мир Астана, 2012. -504 с.

ОҚУЛЫҚТАР МЕН ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТ
Оқулықтар мен оқу құралдары


  1. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ. Аяғанның жалпы редакциясымен. – Алматы: «Раритет», 2010. – 448 бет.

2. Көркемсуретті Қазақстан тарихы: 4 томдық /құраст.-авт. О. Жанайдаров ; қазақ тіліне ауд. Т.Б. Рсаев; бас суретші: Л.И. Тетенко: 1-том.: Палеолит дәуірінен моңғол шапқыншылығына дейінгі Қазақстан.- Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 2006. - 312 б.: сурет.

3. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық. – Алматы: «Кітап», 2012. – 312 б.

4. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: очерк. - Алматы : «Дәуір» баспасы, 1994. - 446 б.

5. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. – Алматы: «Атамұра», 1996-2010.

6. Қазақ мемлекеттiлiгiнiң тарихы (ежелгi және ортағасырлық кезең) / ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi; Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.- Алматы: «Адамар» ЖШС, 2007.- 431 б.

7. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері: Көмекші оқу құралы. - Алматы: «Өнер», 2003. - 551 б.

8. Ыдырысов Қ.З. Қазақстан Республикасы мемлекетінің және құқығының тарихы. История государства и права Республики Казахстан. - Көмекші оқу құралы. - Астана.-ЕАГИ,2010. - 246 б.

Монографиялар, зерттеулер, академиялық және ғылыми басылым
1. Аманжолова Д.А. На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана. – Алматы: Издательский дом «Таймас» 2009. -412 с.

2. Аяган Б.Г. Апогей и закат советского социализма. Казахстанский полигон. Книга 1. Алматы, 1999. – 12 п.л.; Соныкі. Красные и черные. - Алматы, 2005 г. – 15 п.л.

3.Әбусейітова М.Қ., Додхудоева Л.Н. Қазақстан тарихы Шығыс миниатюраларында. Алматы: Дайк-Пресс, 2010. - 264 б.

4. Байпақов К.М., Марьяшев А.Н.,Байтанаев Б.А. Қаратаудың жаңа петроглифтері /жауап. ред. В.А. Кореняко; Ә.Х.Марғұлан атын. археология институты; М.О.Әуезов атын. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік ун-ті. - Новые петроглифы Каратау: New petroglyphs of Karatau. - Алматы, Кумбез, 2007 - 128 б.:

5. Байтанаев Б.А., Потапов С.А., Грищенко А.Н. Боралдайдың петроглифтері /жауапты ред. К.М. Байпақов; Ә.Х.Марғұлан атын. Археология институты.- Алматы, 2007.- Pgtroglyphs of boralday: Петроглифы боралдая.- 112 б.

6. Бекмаханов Е. XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. – Алма-Ата: «Қазақ университеті», 1992. – 400 б.

7. История Казахстана и Центральной Азии / Абусеитова М.Х., Абылхожин Ж.Б., Кляшторный С.Г. и др. - Алматы: «Білім», 2001. – 612 с.

8. Егемен Қазақстан тарихы: Тәуелсіздікке 20 жыл: Тарихи-құжаттық зерттеу / Құраст.: Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов, Г.Р. Нұрымбетова / Б.Ғ. Аяғанның ред. – Алматы: «Раритет», 2011. – 400 б.

9. Қазақстандағы күшпен коллективтендіру: қорлық пен зорлық / Қозыбаев М. - Алматы: Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 1992. - 36 б.

10. Қасымбаев Ж. Кенесары хан: Саясатшы және қолбасшы. - Алматы: «Қазақстан», 1993.- 112 б.

11. Қозыбаев М. Ақтандақтар ақиқаты. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 272 б.14. Соныкі. Қозыбаев М. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). - Алматы: «Дәуір», 1994. – 444 б.; Қозыбаев М.К.; Алдажұманов Қ.С., Əбілқожин Ж.Б. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру: қорлық пен зорлық. – Алматы: «Ғылым», 1992. – 32 б.

12. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. Бірінші том, Өнделіп, толықтырылган екінші басылымы. - Алматы: «Мектеп», 2008. - 480 б.; Соныкі. Сталинизм и репресии в Казахстане 1920-1940-х годов. – Алматы, 2009. – 448 с.

13. Конквест Роберт. Жатва скорби // Новый мир. – 1989. - № 10; Конквест Р. Жатва скорби. – Киев: «Лыбидь», 1993.

14. Құл-Мұхаммед М. Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежiресi. - Алматы: «Атамұра», 2000. - 240 б.

15. Нұрпейіс К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы: «Ататек», 1995. – 256 б.; Соныкі. Нұрпейісұлы К. Алаш ақиқаты.-Алматы: «Ан Арыс», 2010.- 424 б.

16. Мұқаметқанұлы Н. Тарихи зерттеулер: шежірелік деректер.- Алматы: «Жалын», 1994.- 143 б.; Соныкі. XVIІI - XX ғасырлардағы қазақ - қытай байланыстары: (XVIІI ғасырдың ІІ-жартысы - XX ғасырдың басы). Көмекші оқу құралы /Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі, Ғылым академиясы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты : жалпы ред. басқ. М. Қозыбаев.- Алматы: «Санат», 1996. - 127 б.

17. Салғараұлы Қ. Ұлы қағанат. - Астана: «Фолиант», 2008. - 549 б.

18. Тойнби, А.Дж. Исследование истории / Арнольд Тойнби; пер. С. анг. К.Я. Кожурина.-М.:АСТ:АСТ МОСКВА,2010.-1119, [1] с.

19. The History of Sovereign Kazakhstan: 20 Years of Independence. Historical and Documentary Survey / Editorial Board: Dr. Burkitbai Ayagan, Madina Anafinova (Ph.D.), Rafis Abazov (Ph.D.). Edited by Burkitbai Ayagan. – Almaty: «Rarity», 2011. - 400 p.

20. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты – Правда о голоде 1932-1933 годов / Аяган Б.Ғ., Қыдыралина Ж.Ү., Ауанасова Ә. М., Қашқымбаев А.Н., Анафинова М.Л., Ілиясова К.М. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: ТОО «Литера-М», 2012. -336 б. + 16 б. жапсырма. – қазақша, орысша.
Құжаттар жинақтары


    1. Алаш қозғалысы: құжаттар мен материалдар жинағы - сборник документов и материалов. Т. 1-4 / ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, ҚР Президентiнiң мұрағаты.- Алматы: «Алаш», 2004-2008.

    2. Восточное отделение правительства Алашорды. Сборник документов. / Семей, 2010. – 425 с.

    3. Движение Алаш: Сборник материалов судебных процессов над алашевцами. Трехтомник. – Алматы. –ФФ «Ел-шежіре», 2011. - 428 с.

    4. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. – Алматы: «Ел-шежіре», 2007. 4-ші Т: Қазақ сьездері. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1917 ж. – желтоқсан 1919 ж. Казахские сьезды. Сборник документов и материалов. Апрель 1917 г. – декабрь 1919 г. – Т.4. - 352 б.

    5. Новейшая история Казахстана (1917-1939 гг); (1939-2005). Хрестоматия. 2 –х томах. –Алматы, 2002-2006.

II. ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ
1. Абдрахманов С.А. Тәуелсіздік шежіресі. - Астана: «Елорда», 2001. – 325 б.

2. Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдардың жинағы (Құрастырған, қазақшаға аударған, көрсеткіштерін түзген, түсініктерін жазған З.С. Тайшыбай). – Петропавл, ЖШС «Астана» баспасы, 2005. - 477 б.

3. Алма-Ата. 1986. Декабрь. Книга-хроника. – Алма-Ата: Коллегия «Аударма», 1991. – 176 с.

4. Айткен Джонатан. Нурсултан Назарбаев и созидание Казахстана / Пер. с анг.. –М., Худож. лит., 2010. – 384 с.

5. Аяган Б., Ауанасова А. Нурсултан Назарбаев и казахстанская модель строительства государства (исторический аспект). – Астана: ТОО «Литера-М», 2012. – 256 с.

6. Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. - Астана, «Ана тіл - Ата тарих», 2007. -272 б.; Соныкі. Әбжанов Х.,Кенжебаев Ғ. Тәуелсіз Қазақстан: жоғары білім, ғылым, саясат. -Алматы, Баспалар үйі, 2009.- 310 б.

7. Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жiбек жолы және ортағасырлық Қазақстан. - Алматы: «Қазақстан», 1992. – 208 б.

8. Видова О. Нурсултан Назарбаев: Портрет человека и политика. - М.: «Дрофа», 2003. – 430 с.

9. Джаксыбеков А. Так начиналась Астана: записки первого акима столицы. - Астана: Изд-во-фирма «Валери-ART», 2008. - 302 с.

10. Дэвис Р., Уиткрофт С. Годы голода: сельское хозяйство СССР. 1931-1933 / Пер. с анг. - М.: РОССПЭН, 2011. - 448 с.

11. Есмағамбетов К.Л. Әлем таныған тұлға (М. Шоқайдың дүниетанымы және қайраткерлік болмысы). – Алматы: «Дайк-Пресс», 2008. – 504 б.

12. Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы. История становления независимости Казахстана / Ред.: А. С. Сағынғали, Б. М. Каипова. - Алматы: «Таймас», 2008. - 262 б.

13. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы. История формирования Государственных символов Республики Казахстан. Книга-альбом / Под общей редакцией Б.Г. Аягана. – Астана: Институт истории государства, ТОО «Литера-М», 2012. – 176 с.

14. Қинаятұлы З. Шыңғыс хан және Қазақ мемлекеті. Т. 1: Шыңғыс хан.:- Алматы, «Арда», 2008.- 430 б.

15. Мендикулова Г.М. Казахская диаспора: история и современность. – Алматы: «Реиз», 2006. – 342 с.

16. Млечин Л. Назарбаев. Групповой портрет с Президентом. – М.: «Восток-Запад», 2010. – 343 с.

17. Модернизация и рост конкурентоспособности экономики Казахстана / Под ред. О. Сабдена. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 344 с.

18. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Тәуелсіздіктің он сегіз асуы: құлдыраудан өрлеуге дейін.-Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2009. -536 б.

19. Нар заман мен зар заман поэзиясы: Асан қайғыдан Кердері Әбубәкірге дейін. Жыр-толғаулар / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы. – Алматы: «Раритет», 2007. - 376 б..

20. Сәрсеке М. Ермұхан Бекмаханов. Ғұмырнама. – Астана: Фолиант, 2010. – 672 б..

21. Тоқаев Қ.К. Беласу. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2008. – 552 б.

22. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. - Алматы, 2004. – 80 б.

23. Тарих толқынындағы халық. Ведомоствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.М. Тәжиннің баяндамасынан. Астана, 5 маусым 2013 жыл // Егемен Қазақстан. – 2013. – 6 маусым.
Анықтамалар, энциклопедиялар, хроникалар
1. Алаш. Алашорда. Энциклопедия / Құраст. ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. - 544 б.

2. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия . Т. 1-4. /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998-2002; «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. Т. 5-10. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. 2003-2007. 3. Қазақстандағы білім мен ғылым: жасампаздық хроникасы. Образование и наука Казахстана: хроника созидания. – Алматы: «Раритет», 2011.–404 б.

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы. История формирования Государственных символов Республики Казахстан. Книга-альбом / Под общей редакцией Б.Г. Аягана. – Астана: Институт истории государства, ТОО «Литера-М», 2012. – 176 с.

5. Касымбеков М.Б., Шепель В.Н. Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности Президента. - Астана: «Елорда», 2004.- 632 с.

6. Нұрсұлтан Назарбаев және Тәуелсіз Қазақстан: библиографиялық көрсеткіш / Нурсултан Назарбаев и Независимый Казахстан: библиографический указатель (1991-2012) – Астана: Институт истории государства, 2012. – 190 с. – на казахском, русском языках.

7. Махмуд ал-Кашкари. Диван Лугат ат-Турк / Перевод, предисловие и комментарии З.-А.М. Ауэзовой. Индексы составлены Р.Эрмерсом. – Алматы: «Дайк-Пресс»,2005. – 1288 с.

8. Политические партии современного Казахстана. 2009. Справочник. – Алматы: «Литера-М», 2009. – 383 с.

9. Тәуелсіздік. 1991-2011 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде ел тәуелсіздігі туралы жарияланған мақалалар, сұхбаттар, сараптамалар, өлеңдер. Құраст. Әлисұлтан Құланбай. Астана – 2011. - 980 б.



10. Қазақстан табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен. – Алматы: «Таймас», 2005. – 448 б.
Атластар, диаграммалар,контурлық карталар


  1. Атлас казахстанских памятников истории и археологии «От Алтая до Каспия». -Алматы, 2012.

  2. Атлас истории Казахстана. Ч.1: С древнейших времен до ХІV в. – Астана: Акрол, 2000.

  3. Административно-территориальная карта Республики Казахстан. - Алматы: Изд. Просвещение Казахстан, 2002.

  4. Бегедаев А.Н. Казахстан. Серия диаграмм исторического развития государства. – Алматы: «Taimas printhouse», 2002.

  5. Глушкова Т. Контурная карта Казахстана. - Алматы: Изд. 8&8, 2008.

  6. Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласы. Алматы: «АБДИ Компани» акционерлік қоғамы, 2010. - 542 б.

  7. Франк В.Ю. Атлас по истории. С древнейших времен до ХІV в. –Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – 8 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет