Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам»



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі31,08 Kb.
#96179
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
109-қосымша

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныбы үшін
«Өлкетану» курсынан типтік
оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленді.


2. Өлкетану курсының басты мақсаты:
1) өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту;
2) жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және отансүйгіштік сезім тәрбиелеу.
3. Аталған мақсаттарға сәйкес білім берудің келесі міндеттері шешілуі тиіс:
1) оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тереңдету;
2) практикалық және интеллектуалдық дағды мен шеберлікті қалыптастыру және дамыту;
3) болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу;
4) жеке тұлғаның бойында ізденушілік-зерттеушілік қасиетін, экспедициялық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
5) әр түрлі тәсілдермен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын өлкетану жұмысындағы кешенділікті сақтау: жалпы оқу біліктілігі мен дағдысын, байқағыштықты, ойлауды, қиялдауды, ғылымдарға деген сүйіспеншілікті, білімдарлықты және мәдени деңгейін, әдеби және пәндік тілді, бірнеше тілді меңгеруді, әр түрлі мамандық иелерімен, өзінен үлкен-кіші адамдармен қарым-қатынас дағдыларына икемделу, өз бетімен өмір сүруге және болашақтағы мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындалу, моральдық-өнегелілік қасиеттерді, туған өлкеге және Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеу.
4. Өлкетану сабақтарда, сынып сағаттарында, олардың тәрбиелік мақсаты ретінде («кіші» Отанына деген патриоттық, азаматтық сезімдерді тәрбиелеу) жүзеге асырылады.
5. Өлкетану курсы жергілікті жердің қыр-сырын ашып көрсету арқылы география, биология, тарих, әдебиет және басқа да пәндерді оқу білімімен логикалық түрде толықтырады.
6. Өлкетану курсының бағдарламасы сыныпта және мектепте жекелеген зерттеу топтарымен, білім беру ұйымының өлкетану жұмысы Кеңесінің белгілеген экспедициялық зерттеу тақырыптары бойынша жүзеге асырылады.
7. Нақты белгіленген бағдарлама бойынша факультатив сабағы ретінде бөлек оқытылады.
8. Оқу сабақтары үдерісі кезінде туған өлкені тікелей оқып-білу мүмкіндігі шектеулі. Сол себепті, жұмыстың жүйелі-әрекеттік нәтижелерін сыныптан тыс және сабақтан бос уақытта кабинеттерден жергілікті жердің төңірегіне, өзен-көлдердің жағалауына, өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындарына, ескерткіштерге және тарихи даңқ орындарына, мұражайлар мен көрмелерге т.б. жерлерге саяхатқа шығу арқылы жандандыру мүмкіншілігі бар.
9. Оқу барысында оқушылардың бойында өз өлкесі: оның табиғаты, табиғат ресурстары, өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы, көлік жүйесі, тарихи және мәдени дамуы, белгілі адамдары, өлкенің аудан, облыс, аймақ және республика үшін маңызы жайлы білім жүйесі қалыптасуы тиіс. Оқушының өз өлкесі экономикасындағы еңбек ресурстарына сұранысы жайлы білу мүмкіндігі бар.
10. 7-сынып оқушылары туған аймақтың табиғи-экономикалық ерекшеліктерін және олардың даму келешегін оқып-үйренеді. Алдын-ала оқыту мақсатында, бағдарламаға өлкенің экономикасы жайлы тақырыптар кіргізілгенін атап айту қажет, жоғары сыныптарда ол тақырыптар тереңдетіліп оқытылады. Сонымен қатар, өлкетану жұмысының мазмұнына өлкенің тарихи өткені, археологиялық ескерткіштерін, мәдени (сәулет өнері, әдебиет) ескерткіштерін, әр түрлі жанрдағы фольклорлық материалдарды, ұлттық ерекшелігі бар қолөнерді, өлкенің атын шығарған атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын зерттеу кіреді.
11. Оқушылардың өз өлкесіне тән негізгі ерекшеліктерді анықтауға жағдай жасайтын, өлкетанудағы оқу-ізденушілік әрекетінің негізгі түрі ретіндегі бұл бағдарлама, іздеу-зерттеу әрекеттерінің алгоритмі болып табылады. Бағдарлама жан-жақты сипатқа ие және еліміздің кез-келген бөлігінде орналасқан туған өлкені, ауылды немесе қаланы, олардың төңірегін оқып-білудегі негізгі бағыттарды көрсетеді.
12. Жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижесі мектептің өлкетану конференциясында қорытындыланады, үздік жұмыстар марапатталады және аудандық, қалалық конференцияға ұсынылады.
13. 7 - сыныпта өлкетану факультативтік курс ретінде аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат оқытылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет