Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам»



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі31,08 Kb.
#96179
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
2. Оқу пәнінің базалық мазмұны
14. Курстың мазмұны келесі тақырыптардан тұрады:
1) «Кіріспе» (1 сағат), өлкетану пәні нені оқытады, курстың мақсаттары мен міндеттері, білім көздері, аумақтың географиялық орны және көлемі (өлкенің, ауылдың, қаланың), елді мекендердің (әкімшілік, экономикалық, ғылыми, туристік, рекреациялық, мәдени, мәдени-тарихи, рухани орталықтар) маңызы және ерекшеліктері;
2) «Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу» (2 сағат):
өлкетануда қолданылатын карталардың түрлері, бағдарлау (бағытты анықтау) негіздері, компас, жергілікті жерде және картада азимутты анықтау, полярлық және маршруттық түсіру тәсілдерімен жергілікті жердің планын жасау технологиялары, шартты белгілер;
туристік техника негіздері (шатырды орнату, заттарды салу, арқанды (жіпті) байлау, өткелдерден өту тәсілдері, алғашқы медициналық көмек көрсету), картаның көмегімен жергілікті жерде жүру, экскурсия кезіндегі қауіпсіздік ережелері;
3) «Өлке аумағының жер бедері» (3 сағат):
жер бедерінің түрлерімен танысу, рельеф құрушы негізгі факторларды анықтау, сейсмикалық үдерістер, жер сілкінуі кезіндегі әрекеттер, жер бедері түрлері атауларының шығу тарихын оқып-білу, тау жыныстарымен танысу;
карталарда және жергілікті жерде өлшеу жұмыстары (нивелирмен жұмыс), дөңдердің (төбелердің), қыраттардың, таулардың биіктігін, беткейдің тіктігін анықтау, жер бедерінің әр түрлі формаларының бейнесін жасау (сурет, карта-сызба, сызба-нұсқа, жергілікті жер нысандарының шартты белгілерінің жиынтығы және модельдеу);
жер бедері бетіндегі антропогендік және табиғи эрозиялық үдерістер және олардың кері әсерінің салдары, оларды болдырмау үшін қолданылатын шаралар, аумақтың экологиясы;
4) «Өлкенің табиғи ресурстары» (2 сағат):
туған өлкенің табиғат ресурстарының тізімін құрастыру және олардың экономиканы дамытудағы рөлін анықтау, өлкенің пайдалы қазбаларымен және кен орындарының ашылу тарихымен танысу, рекреациялық ресурстарды саралау;
пайдалы қазбалардың кен орындарымен және оларды өндіру әдістерімен (тәсілдерімен) танысу, ресурс қорғау технологиялары, кен орнының, карьердің сызбасын жасау, пайдалы қазбалардың, тау жыныстарының үлгілерін жинау;
5) «Жергілікті жердің ауа райы және климаты» (3 сағат):
климат қалыптастырушы факторларды анықтау, ауа райын бақылау әдістері (атмосфера қысымын, ауа температурасын, желдің күші мен бағытын, атмосфералық жауын-шашын мөлшерін өлшеу (құралдармен жұмыс істеу), ауа райының бұл көрсеткіштерін график түрінде көрсету, жақын маңайдағы метеостансаның жұмыс істеу технологиясымен танысу (мүмкіндікке байланысты);
ауа райы өзгерістерінің жергілікті белгілері, ауа райын болжау (әдістерді презентациялау), төтенше жағдай сипатындағы ауа райы құбылыстары, адамның іс-әрекеті;
көпжылдық бақылаулар бойынша өлкенің жалпы климат жағдайларындағы және табиғатындағы өзгерістерге талдау жасау, өзгерістердің негізгі себептерін анықтау (әр түрлі ақпарат көздерінің көмегімен, сонымен қатар байырғы тұрғындардың тәжірибесінен), өлкенің жел энергетикасы, ауа бассейінінің экологиясы;
6) «Өлкенің сулары және оларды пайдалану» (3 сағат):
өлке аумағындағы су нысандарының жіктелуі, жергілікті жердің гидрографиялық жүйесінің сызбасын жасау, атауларының пайда болу тарихын оқып-білу, су ресурстарын пайдалану, су энергетикасы, су экологиясы;
бір су нысанын зерттеу және сипаттау (өзенді, бұлақты);
өлкенің көлдерін зерттеу және сипаттау (немесе жақын маңайда орналасқан бір көлді);
7) «Өлкенің топырағы» (2 сағат):
өлке топырағының негізгі түрлері, олардың негізгі сипаты және маңызы, топырақ кесіндісін оқып-білу;
жергілікті жердің топырағының құнарлығы, оны сақтау және қалпына келтіру шаралары, агромелиорация технологияларымен танысу (ауыл шаруашылығы жұмысшыларымен және мамандарымен кездесулер);
8) «Өлкенің және қаланың өсімдіктері» (3 сағат):
өлке аумағындағы өсімдік жамылғысын оқып-білу, өсімдіктердің түрлерін және олардың ішінен ғажайып түрлерін анықтау, өлкенің өсімдік жамылғысының жағдайы, қаланың өсімдік жамылғысы, Астана қаласын және оның маңайын көгалдандыру тәжірибесі;
өлкеде өсетін өсімдіктердің жекелеген түрлерін оқып-білу, олардың пайдалы және емдік қасиеттерімен танысу;
кеппешөптердің көмегімен жергілікті жердің өсімдіктерін оқып-білу және сипаттау, флористикалық бұрыш ұйымдастыру;
9) «Өлкенің жануарлар дүниесі» (3 сағат):
өлке аумағының жануарлар дүниесін анықтау және оқып-білу, жануарлардың топтарын және олардың ғажайып түрлерін анықтау, жануарлар дүниесін қорғау;
өлкенің жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін оқып-білу, қауіпті және пайдалы жәндіктер, кәсіптік жануарлар және олардың маңызы, қазақтың ұлттық аңшылық өнері – саяткерлік;
туған өлкенің табиғат мұражайларына саяхат жасау (аң аулау қоғамдарының, орман шаруашылығының жұмысшыларымен кездесулер), құс үйшіктерін жасау және ілу;
10) «Өлкенің және қаланың ерекше қорғалатын аумақтары және табиғатты қорғау» (3 сағат):
туған өлкенің қорғауды талап ететін өсімдіктері мен жануарларын анықтау және тізімін құрастыру, олар жайлы фотоальбомдар, бейне слайдтар, бейнефильмдер жасау (жұмысты презентациялау);
туған өлкенің және оған жақын аумақтардың «Қызылкітаптық», эндемикалық өсімдіктері мен жануарлары;
ерекше қорғалатын аумақтар және нысандарға (мүмкіндікке байланысты): қорықтарға, қорықшаларға, ұлттық саябақтарға, табиғат ескерткіштеріне, хайуанаттар бағына, ботаникалық бақтарға, дендрарилерге, орман шаруашылықтарына саяхат жасау, олардағы табиғатты қорғау жұмыстарының технологияларымен танысу;
11) «Өлкенің, қаланың шаруашылығы» (4 сағат):
маңызы бар (ауылдың, ауданның, қаланың) өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының орналасуының карта-сызбасын құрастыру, өлкенің кәсіпорындары және мекемелерінде сұранысқа ие мамандықтар;
өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысу (кәсіпорындардың жетекшілерімен және мамандарымен кездесу);
кәсіпорынға экскурсия жасау, техникамен, технологиялармен және технологиялық үдерістермен танысу, әр түрлі мамандық иелерімен танысу;
алдын-ала жасалған жоспар бойынша аудан, қала үшін аса маңызды кәсіпорындарды оқып-білу және сипаттама беру, өнеркәсіптік, сонымен қатар экспорттық және импорттық қарым-қатынастардың сызба-нұсқасын құрастыру;
12) «Өлкеде өмір сүретін халықтардың тарихы және мәдениеті» (4 сағат):
жақын маңайдағы археологиялық ескерткіштер, ерте замандағы тұрақтардың, елді мекендердің, қалалардың, қорғандардың, қорымдардың сызба-нұсқаларын жасау, әдеби мұра көздерін зерттеу;
өлкенің ең бастапқы игерілуінің тарихи-қоғамдық, экономикалық және табиғи факторлары, аумақтың қоныстану, игерілу және даму үдерісінің қысқаша тарихы;
мәдениет (қазақ және өлке аумағында өмір сүретін басқа да ұлт өкілдерінің шығармашылығы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ұлттық қолөнері);
өлкенің белгілі адамдары, өлкенің, қаланың дамуына үлес қосқан адамдардың өмірбаянымен және еңбегімен танысу;
13) қорытындылау (1 сағат), бөлімдер бойынша жинақталған материалдарды ресімдеу, оларға презентация жасау және мектептің өлкетану мұражайына тапсыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет