Бағдарламасы «Қазақстандағы психология ғылымы»



бет1/3
Дата09.11.2016
өлшемі0,5 Mb.
#1380
түріБағдарламасы
  1   2   3

ПОӘК 042-14.05.01.20.71

/03-2012


Редакция № 2 02.09.09. орнына Редакция №

27 беттің






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.71

/03-2012

Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

«Қазақстандағы психология ғылымы»

Редакция № 2 02.09.09. орнына Редакция № 3 13.09.12.





ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Қазақстандағы психология ғылымы»

«050503» – «Психология» мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2012



Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар



4 Студенттің өздік жұмысы

1 Глоссарий
Контент- талдау – құжаттарда, әдебиеттерде, бейнетаспаларда сұхбаттардағы және т. б. Ақпараттарды талдау және бағалау әдісі.

Менталитет (діл) – этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс- тұрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.

Негізгі тұлға – осы этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамнаң негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.

Ұлттық мақтаныш – мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сүйіспеншілік сезімі.

Ұлттық психология – қоғамдық сана- сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Бұл ақиқат құбылыс адамдар мен топтардың қимыл- әрекетінде және жүріс- тұрысында көрінетін олардың қоғамдық сана- сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін, ғылым, өнер, философия.

Ұлттық өзіндік сана- сезім – жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік- этностық қауымдастыққа қатыстығы жататындығын сезінуі және идеяларда, көзқарастарда, сезімде, эмоцияда, көңіл- күйде көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның орны.

Ұлттық мақтаныш - тілінің, дінінің, мәдениетінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезіну.

Ұлттық психология – қоғамдық сана-сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Адамдар мен топтардың қимыл-әрекетінде көрінетін олардың қоғамдық сана-сезімінің барлық формасын қамтитын идеология,мораль, дін, ғылым, өнер, философия.

Ұлттық мінез-құлық- өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың жүріс-тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер – этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың негігі мағынасын ұлттық психикалық тұрпатын, ұлттық сипатын құраушы элементтерді білдіретін категория.

Халықтық психология - адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрініс беретін білімдер жинағы .

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше білім, сол ұлттың тілін, фольклорын, дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше тұйық білім сол немесе басқа этностың тілін, фольклорын, моралін, дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.

Этнопсихология – адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

2 Дәрістер

«Қазақстандағы психология ғылымы» курсына кіріспе

Ата-бабаларымыз өздерінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін қалыптастырды. Бұлар адамдардың түрмысына сіңген жөн-жосық, жол-жоралғылары, әр адамның іс-әрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен принциптерінің көріністері еді. Қөшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарнхына, табиғатына орайлы жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындалды. Адамға қойылатын талап-тілектер мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қастерлеу, тапқырлык,: пен алғырлық, ат кұлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б.).

Халқымыздың бойындағы осынау асыл қасиеттерді өткен ғасырларда казақ даласында болған Еуропа зиялылары асқан көрегендікпен дәл басып айтқан еді.

Көшпенді өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетіліп, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қаpaп, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбен тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің өлеңі мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұтымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбакты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-конуға дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір жас, әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналды. Халық аузында мақал болып кеткен «өнерді үйрен де жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қо­лы ортақ», «Жауда жүрсе, ат ойнаткан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқан батырым» деген сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздердің біздің заманымызға дейін жеткені мәлім. Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білген, әр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол-жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отырды. Мұндай қоғамдық, адам аралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ержете келе ортақ мүдделілікті, өмірге көзқарастың сәйкестілігін, кісіліктің белгісін, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға төрелік айту сияқты этностық таптаурындар (стереотип) кең өріс алды. Әрине, осы таптық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктердің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көпшелі халық қыз баланы ерекше кадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдеп-тіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы деп ұқты. Халық мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» дейтін болды. Сондай-ақ «қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер де қыз баланың нәзіктілігі мен шеберлігі, ұқыптылығы мен биязылығы жайлы айтылды.

Әрбір отбасы, әке-шеше, аға-женге, бойжеткенді ылғи да таза, мінезінің жайдары болуын қадағалап отырған. Жас өспірім шақтағы олардың балқыған, толқыған, еліктегіш қаснеттерін ескеріп, оған «қырық үйден тыю» салу керектігін де үнемі еске алған. Халқымыз сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен нәзіктікті қажетсінетін үй ішіндік еңбекке (кесте, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді түрлі өнерге баулуды — бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті деп білген.

Халықтық дәстүр қыз балаға тәлім тәрбие беруде текбағыт, бағдар берумен қатар, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн жосық нұсқайды. Оның барлық сыры мен сы­пайы салты оның санасына, әдебі мен әліне, тілі мен дініне, әні мен күйіне, мінезі мен құлқына кіріге өрілген төрт ұғым төңірегінде топтасады. Олар әділ мен арам, обал мен сауап, Адам үшіп ең қымбат түсінік жанымен сезіну, ойлану, толғану, әсерлену, әрекеттену. Мұның алғы шарты — бақылай білу, көре білу, кісінің ішкі сы­рын танып ұғыну арқылы өзін өзі түсініп, имандылық пен өнегені бойына сіңіріп, шама-шарқына қарай оны жүзеге асыра білу. Халық бүгінгі бойжеткенді ертеңгі отбасіы ұйтқысы, болашақтағы асыл жар, аяулы ана, ел ардағы, ақылман әже деп түсінді. Олай болса, бойжеткен үшіи — имаидылық, инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, ісімерлік, биязылық, мейірімділік— бәрі жарасымды болды.



Мақал-мәтелдер — халық психологиясының айнасы

Бүкіл халық ұстанатын тәліми нормаларды адамның жан дүниесіне орайластыра баяндайтын колданбалы мәні зор психология ғылымының бір саласы халықтық психология деп аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпактан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық таным, еңбек, дене тәрбиесі, т.б. нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан-дүниесі, өзіндік мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология психика мен мінез-құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдін желісі.

Ұлттық дәстүр мен салт-сананын адам пснхологиясынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология — адамдардың коғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл адам міңез-кұлқының, көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйтсе де, арнайы әділ ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, бүлар адам психологиясын жан-жақты ажыратуға жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне ғана сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен сабақтас дамыған этнопси­хология дейтін арнаулы ғылым саласы шұғылданады. Этнопсихология — әрбір халықтың рухани әрекетінің (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғүрып, дін, т. б.) жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдердің бірі деп есептейді. Этнопси­хология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лаца-риус, Штейнталь, Вундт т.б.) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уалиханов еді. Оның енбектерінде «халық рухы» дейтін ұғым жиі кездеседі.. Мұны «халықтық психология» үғымының синонимі деуге болады. Бұл жәйт біртуар казақ ғалымының сол кездегі еуропалық этнопсихологтардың енбектерінен хабардар болғандығын жақсы байқатады.

Жоғарыда айтқанымыздай, этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол. Мәселен, казак, халқының аңыз-әпсана әңгімелерінде, батырлық, эпостарында, ертектері мен салт-сана жырларында, айтыс өнерінің сан алуан түрлерінде адамның (жас, еркек, әйел, ер, қария т. б.) жан-жүйесінің не бір түрлері (ойлау, сөйлеу, қиял, сезім, ерік-жігер) әр қырынан керініп жатады. Осынау жан қуаттарының ішінде адамның ойлау (ой) деп аталалтын процесі де жиі көрініс тауып отырады. Ойлау — бұл сұраққа жауап беру кандай болмасын бір мәселені шешумен көрінетін күрделі жан қуаты. Оның бірнеше түрі бар. Сонын бірі — продуктивтік деп аталады. Ол адамға бұрын-соңды сыры белгісіз, тың мәселелерді шешуде орын алып отырады. Тың мәселелерді шешуде ой жүйелі болуы тиіс. Продуктивтік ой айтыс, жұмбақ ше­шуде ерекше байқалады. Мәселен, Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтысы терең ойланып-толғанудың жемісі. Ондағы «Темірден салбыраған иегі бар, сабағы бірі қолда, бірі белде» дейтін Сапарғалидың жұмбағын Нұржан: «Бұл аттың жүгені, тізгіні колда, шылбыры белде» деп шешеді. Осы жұмбақты құрастырушыда да, оның шешуін тапқап кісіде де күрделі продукті ой орын алып отырғаны хақ.

Продукті ойлау айтыс өнерінің кез-келген түрінде, әсіресе ұзақ жырмен сөз жарыстыруда ерекше көрінеді. Бұған 1910 жылы Ақмешітте Қанлы Жүсіп пен Кете Жүсіптердің айтыстарын жатқызуға болады. Айтыста көтеріліп отырған мәселенің мазмұнына ғана емес, оның ұйқасына, сөз саптауына, өрнекті сөзбен мәнерлеп жеткізуіне ерекше мән беріледі. Айтысқа түсушілер кейде бірін-бірі сөзбен қағытып, мінеп сынаудан да бастайды. Бұл тәсіл тек әріптесін мұқатып, кекету үшін ғапа емес, сонымен қатар қарсыласының тұйықтан, қиыпшылықтан кұтылу жолдарын іздестіруіне кедергі жасап, оның айтайын деп отырған дәлелді жауантарынан жаңылдыру үшін де қолданылады. Бұл, әрине, қарсы жақтың жағдайын ауырлатып, тұтқиылдан жауап табуды қиындатады. Мұндайда айтыскер «Қалай деп жауап қайтарсам екен, ол қандай жауап айтар екен»,— деп қатты ойланады. Айтыстың қандай түрі болмасын (жұмбақ айтысы, қыз бен жігіт, акындар айтысы, т. б.) жан-жақты ойлап-толғануды, ерекше тақырыпты, керемет айла-корлықты кажет етеді. Айтыскерлер сөзім жұртқа қаншалықты әсер етер екен деп, әр сөзін «жеті рет өлшеп, бір рет пішкендей» алдын-ала болжап кұрастыруға тыртысады, орамды, ұшкыр, кең сыңшыл сөйлемдерді сұрыптап, олардың ішінен әрі дәлелді, әрі салмақты, салиқалы дегендерін іріктеп алады. Өйткені бұлардың аузынан шыққан әрбір сөз «мірдің оғындай» әбден іріктеліп, ой елегінен өткен «қыска да болса нұсқа», «тайға таңба баскандай» ой түйіндері болып келуі шарт.

Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі болып табылады. Бұларда — халықтық өмір туралы сан-алуан пайым-байқауларының, ойға түйгендерінің нақты да дәл сипаттамаларының мәйегі сүзілген. Әрине, осынау халық даналығында шындықты бейнелейтін, білім-іліммен қатар қоршалған орта жөнінде, әсіресе әлеуметтік өмірдің кейбір жактары туралы жекелеген жаңсақ ойлар да жоқ емес. Бірақ осыған қарамастан бұлар халықтық дүние-танымның, күрделі де қайшылықты даму процестерін негізінен дұрыс көрсетеді. Мақал-мәтелдер адам іс-әрекетінің себебін тікелей бакылау арқылы өзінше түйіндейді. Сондықтан да олар ғылыми бақылаудан өзінің кездейсоқтығымен, арнайы ұйымдастырылып, жоспарланбауымен өзгешеленеді. Алайда өмірде жиі кайталанатын сансыз бақылау күнделікті тәжірибенің өлшемі ретінде корытыла келе, психологиялық ойдың мәйегіне айналады. Диалектикалық пікір таластың, ақиқат білімнің алғашқы көріністері де мақал-мәтелдерде мол. Көшпелілердің сонау ерте дәуірден-ақ бүларды көп біліп әрі оны ақылымен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының кезіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешім мен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық кызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады. Мәселен, жоғарыда айтқанымыздай, айтыс ақыны өз ойын орынды келтірілген мақалмен көркемдеп шегелей түссе, тыңдаушылар оны өте мәнді дәлел (аргумент) ретінде қабылдайтын. Бүл орайда оның қарсыласы да мақалға жүгінетін. Ал, мұны нақты жағдайға сәйкес өз орнымен қолдана алмаған кісінің ой-өрісі онша жетілмеген жанның катарына қосылатын. Мақал-мәтелмен нәрленген ой сенімді, нанымды саналатын. Осынау ел-жұрт даналығында тек халықтық пспхологиялық білімдер ғана көрініс таппай, бұларда коғамдық-саяси, фнлософиялық, тәліми ойлармен катар мінез-құлық нормалары да кездесетіндігі даусыз.

Көшпелі тұрмыс салтында мақал-мәтелдер мектеп пен мүғалімнің, кітап пен баспасөздің кызметін алмастырды. Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп, күлкіге айналдырды. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды. Бұлардың бала тәрбиесіндегі орны да айрықша еді. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медициналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды.

Бала ұғымына лайықты пайдалы кеңестерде айналадағы дүние мен адамның өзара карым-қатынасын әр қырынан қамтыған сан алуан ақпараттар аз болмайтын. Мұнда оқу мен еңбек, ойын мен өнер, сондай-ақ адамның жақсы-жаман қасиеттері, елін сүю, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, т.б. үлгі-өнерлер бала санасына біртіндеп құйыла беретін. Сондықтан да мақал-мәтелдер қай халық болмасын ілкі психологиялық түсінігі болды, оларда қазіргі жалпы педагогикалық жас ерекшелік, медицина, музыка, спорт, қоғамдық психология деректерімен астарлас нақты іс тәжірибеге негізделген қызықты идеялар топтасқаны хақ. Қазақ макалдары адамның ішкі жан-дүниесіне терең бойлай кісінің қарым-қатынасын аша түсуде өнеге мектебі дерлік. Мәселен, халық ұғымында акылдылық баға жетпес қазына. Бұл туралы халық: «Түйедей бойың болғанша, оймақтай ойың болсын», «Ақыл озбайды, білім тозбайды» дейді. Акыл-білім, тәжірибе, тәлім тәрбиенің нәр алатын бастауы. Демек әрбір адам, тіпті күнделікті күйбең тіршілігінде де істі ақылға салып отырмаса бол майды, онсыз мақсатқа жету қиын. Алдағы іс-әрекеттің нәтижелілігін болжау да ақылға байланысты. Мақалдар сөзді салмақтап, ойлана айтуға үйретеді. («Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле», «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі»). Халық даналығы бөспе сөз бен мылжыңдықты ұнатпай, ондайларды өткір сынға алған («Құрғақ сөз бас ауыртар», «Көп сөз күміс, аз сөз алтын». «Қысыр сөзде қырсық көп», т. б.). Осы айтылғандардың бәрі-бәрі ақыл ой мен зерделіліктің сөйлеу мәдениетімен тығыз ұштасып отыратынын мензейді.

Жалпы, бейнелі сөз, шешендік өнерге құрмет о бастан-ақ қазақ психологиясына тән сипат. Ш. Уәлиханов «Қазақ шешендікке құмар, ол сөз өнерін, әсіресе әзіл-ысқақты қатты сүйеді»,— деп тегін айтпаған.

Адамның жан-дүиесінің тілдегі көрінісі, яғни ой шындығының сөз арқылы көрінуі де мақал-мәтелдерде кеңінен бейнеленген. Сөз — күшті, қуатты, құдіретті кару. «Сөз өнері — дертпен тең». Халқымыз ойға олақ, сөзге шолақ жанды әжуалап, аз сөйлеп, көп ойлап, логикаға жүгініп отыру қажеттігін ерекше ескерткен. Мәселен, тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», «Шешеннің тілі — шебердің бізі», «Жүйелі сөз жүйесін табар», т. б. мысалдар, сөз құдіретінің психологиялык астары қандай болатының жақсы аңғартады. Сөйтіп, шебер де шешен сөйлей білу адамның асыл қасиеттерінің бірі болып, кісіге психологиялық әсер етудің ерекше тәсілі болып табылған.

Мақал-мәтелдер қоғамдық ой-сананың қалыптасу кезеңдерінен көптеген соны мәлімет береді. Адам акыл-ойының дамуында оқу, білім мен тәжірибенің атқаратын ролі зор. Мына төмендегі мақалдар: «Қөп жасаған білмейді, көпті көрген біледі», «Оқу — оқу түбі тоқу», «Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі», «Білімнен асар байлық жоқ», «Көре-көре көсем болады, сейлей-сөйлей шешен болады», т. б. осы айтылған түйіннің куәсі іспеттес. Халқымыз окудың табанды еңбек пен маңдай терді төгумен ғана миға қонатының жақсы түсінген («Оқу инемен құдық қазғандай»). Өйткені оқу табысты болу үшін ынта мен ерік-жігер, ынтызарлық пен құмарлық қажет («Шыдамды еңбек алғыр ой, Анық досың біліп қой», «ЬІқылас пен ынтымақ, бітер іске болсын тап», т.б.).

Мақал-мәтелдерде адамның жан қуаттарының бұлардан басқа да толып жатқан жақтары бейнеленген. Бұларды психологиялық тақырып тұрғысынан төмендегіше топтастыруға болады: 1. Психологияның жалпы мәселелері: а) жан қуаттары, олардың ортақ қасиеттері тура­лы түсінік; ә) өскен орта және тұқым қуалаушылықтың жан кұбылыстарына әсері; б) психиканың қалыпта-суындағы енбек, тәжірибе және практиканың ролі; в) ойын, оқу, өнер, еңбек, бұлардың сана-сезімді дамытудағы ролі, т. б. 2) Сезім мүшелерінің (көз, қүлақ, т. б.) танымда алатын орны. 3) Тіл мен сөйлеу, бұлардың тіршілік пен қарым-қатынастағы ролі. 4) Ақыл және ес. 5) Арман мен қиял. 6) Адам эмоциясы мен сезімдері (қорқыныш пен үрей, қайғы мен қуаныш, махаббат пен жек көру, шындық пен өтірік, достық пен жолдастык, т. б. 7) Қажыр-кайрат пен бос белбеу, жүрексіздік. 8) Кісінің жеке-дара ерекшеліктері (мінез, қызығушылық, бейімділік, қабілет, талғам, мұрат, т. б.). 9) Түрлі топ өкілдерінің (еркек, әйел, ата-ана, бала-шаға, туыс, жек-жат-жұрат, әкім, т. б.) әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. 10) Әртүрлі жас мөлшерінің (бала, жасөспірім, ересек, кәмелет, қария, т. б.) психологиялық сипаттары. Ал, кәрілік шақтын рухани (мол тәжірибе, тоқталған ақыл, ескі әдеттің үстемдігі, кінәмшілдік, ұмытшақтық, т. б.) және тән (көз бен құлақтың әлсіреуі, тістің түсуі, бел бүгіліп, қозғалыстың нашарлауы, шаштың ағаруы, әжімнің көбеюі, т. б.) белгілерін саралаған халыктық пайымдар өз алдына бір төбе. Осы айтылғанға «Көңіл қартаймас, көз қартаяр», «Кәрі білгенді, пері білмейді», «Сақалға ақ түсті, көңілге дақ түсті», «Көп жасаған кембенің үстінен шығады» деген тәрізді ма­қал-мәтелдер жақсы айғақ.

Мақал-мәтелдерде адамның ес, жан қуаттары жөнінде де аз айтылмаған. Бұлардың ғылыми психологиямен тамаша ұштасып жатуы таңқаларлық. Мәселен, біреу көзбен көру, екінші біреу құлақпен, үшінші адам козғалыс мүшелерінің қатысуымен, ал төртінші біреу бұларды араластыра есте сақтайтындығын, біреу тез арада есте сақтай алатын болса, екінші біреу бұған ұзақ уақыт машықтанатының халық даналығы жақсы көрсеткен. Әрине, жалаң еске сақтаумен адам алысқа бара алмайды, ол өз есін, оның баска қасиеттерімен (беріктік, нақтылық, реакция шапшаңдығы, т. б.) ұштастырғанда ғана бағалы болмақ. Бұл айтқанды «Ақпа кұлакка айтсаң, ағып кетеді, құйма күлаққа айтсаң, қағып алады», «Оқығаныңа мәз болма, тоқығаныда мәз бол», т. б. мақалдар жақсы қуаттайды. Немесе, қарт адам жуырда ғана оқыған, естіген, көрген нәрселерін тез ұмытады, бұл естің әлсіреуіне әкеледі. Осыны «Ер қартайса — жаңылшақ» деген дана сөз де нақтылай тус­се, оқығанды миға тоқу да қайталаудың маңызы зор екенін, «бұрынғыны айтпай, соңғысы еске түспейді», «көз көруге, ққлақ естуге тоймайды» дейтін мақалдар қуаттайды. Ал сын көзімен қабылдау естің дамуына елеулі ықпал ететіндігін «Өз қатесін көрмеген, кісі қатесін сезбейді» деп түйіндейді. Есте сақтау да, еске түсіру де материалдың эмоциялық әсерімен байланысты болатындығын, жақсы, шапағаты мол мәселелерді есте мықтап сақтауға меңзейтін мақал-мәтелдер де баршылық. Мақалдарда адамның есте сақтау қабілетіне айрықша баға беріледі, ақылдылық жоғары дәріптеледі.

Мақал-мәтелдерде адам танымының өзге жақтары туралы да кызғылықты ойлар аз емес. Мәселен, арман мен қиялдың адам өміріндегі орны жайында «армаңы жоқ жігіттің дәрмені жоқ» десе, сезім мен ойдың байланысы туралы «аузы күйген үріп ішеді», ал ерік-жігер жөнінде «Таланты бала талпынған құстай, құмары қан-бас аспанға ұшпай», әдет пен дағды туралы «Ауру калса да әдет қалмайды», құмарлық, бейімділік жайында жақсыға жақсы әуес», «Саусағы ұзын биші болар» дейді.

Адам баласы әр түрлі жағдайда тәрбиенің әр алуан әсерінде болып, ар салада қызмет етеді. Осы фактордың бәрі оның жан-дүниесінің қалыптасуында елеулі із қалдырады. Кісі оқу, іздену, тәрбиелену арқылы өзін өзі сомдайды. «Қөре-көре көсем болар, сөйлей-сейлей шешен болар», «Адам туа білмейді, жүре біледі» деу осы айтылғанның дерегі. Халық даналығында адамнын моральдық-психологиялық ерекшеліктері жай көрініс таппай, оны қалыптастырудың жолдары да сөз болған, бұларды қалайша тәрбиелеуге болатындығы жайлы Түйіндер де айтылады. Мақал-мәтелдерден патриоттық, ерлік, достық, жолдастық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, махаббат, сүйіспеншілік, ұстамдылық, шыдамдылық, қайраттылық, табандылык, т. б. осы іспеттес кісілік қасиеттер жайлы насихат көп ұшырасады. Адам бойындағы жалқаулық («Жүмыссыз жастың жүргені сөкет»), ұшкарылыктылық, тағатсыздық («Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа», мақтаншақ, сараңдык, жағымпаздық, т. б. жағымсыз қасиеттерден жирентіп, жақсы мінез-кұлық қалыптастыруда енбектің орны ерекше қастерленеді. «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық», «Жігіттің күшіне қарама, ісіне қара», «Жігіт түсімен емес, ісімен әдемі», т.б., т. с). Мақал-мәтелдерде көшпелі қауым түсінігіндегі өнегелі түлғаңың тұрпаты да сомдалған.

Жас ұрпақты жағымды мінез-құлыққа тәрбиелеудің түрлі әдіс-тәсілдерімен қатар, ұстаз, тәлімгерлерге бағышталған мақал-мәтелдер де бір тебе. Баланың алғашқы тәрбиешісі — ата-анасы. Олар ез ақыл, білім, жақсы мінез-құлқымен, қысқасы бар болмыс-бейнесімен баласына үлгі болуға тиіс. «Ұстазы жақсының ұстамы жақ­сы», «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» «Әке балаға сыншы», т.б. «Адам туа жаман емес, жүре жаман» дейтін мақалдар мінез сипаттары туа бітпей, ортаның ықпалымен бірте-бірте қалыптасады, деген ойды ұктырады. Егер адамды жақсы жағдайда дұрыс тәрбиелесе, оның жақсы қасиеттерге ие болатыны даусыз. Керісінше, жаман тәрбие жағымсыз қасиетті бойға дарытады. «Баланың тентек болмағы үйінен» деу осыған меңзейді. Кісіліктің калыптасуында туа біткен қасиеттің де белгілі дәрежеде із калдыратыны халық даналығынан қалыс қалмаған. («Саусағы ұзын биші болар, кұлағы ұзын күйші болар»). Орта, тәрбие және туыстан берілетін касиеттің аракатынасы да мақалдарда дұрыс көрсетілген. Бірақ халық түсінігінде адам дамуындағы жетекші роль тума қасиетке емес, жүре бара қалыптасатын тәрбиеге тән. («Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, атасын айтса нанғысыз», т. б.) Осы іспеттес әр түрлі психологиялық штрихтардан халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық психология көріністері жақсы аңғарылып тұр. Көшпелі халыққа тән имандылық, ілтипаттық, жанашырлық, сезімталдық, балажандылық, қонақжайлылық, т. б. тура­лы тамаша түйіндер («Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер», «Қонақтық алтынын алма, алғысын ал») мен дана сөздер қомақты тақырыптарының бірі. Жақсы, жаман болу тәрбиенің, оқу-білімнің нәтижесі. Әрине, адамның нақты іс-әрекетінің, тыныс-тіршілігінің әсері ерекше маңызды. Қабілет жұрттың бәріне де тән қасиет. Әркім түйсік, ес, ойлау, зейін, қызығу, т. б. арқылы жанын жетілдіре алады, мүлде қабілетсіз, икемсіз адам болмайды. Жан қуатымен сананың қалыптасуында білім, шеберлік, икем, дағды зор роль атқарады. Үнемі өзін өзі тәрбиелеумен шұғылданған адам ғана өз қабілетін жетілдіре алмақ. Өз кемшілігін біліп, жағымсыз қасиеттерден арылу адамның өз қолында.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет