Бағдарламасы «бастау бизнес»


Бизнес-жоспар мынадай негізгі міндеттерді шешуге көмектеседі



бет189/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия

Бизнес-жоспар мынадай негізгі міндеттерді шешуге көмектеседі:


    • Кәсіпорын мақсаттарын анық белгілеу, оларды іске асырудың нақты сандық көрсеткіштерін және қол жеткізу мерзімдерін анықтау;

    • Фирма қызметінің нақты бағыттарын анықтау;

  • Мақсатты нарықтар және осы нарықтардағы фирманың орны;

  • Фирманың ұзақмерзімді және қысқамерзімді мақсаттарын, оларға қол жеткі- зу стратегиясы мен тактикасын белгілеу, оларды іске асырудың нақты сандық көр- сеткіштерін және қол жеткізу мерзімдерін анықтау;

  • Стратегияны іске асыру үшін жауапты тұлғаларды анықтау; фирманың тұты- нушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерінің құрамын таңдау және көрсет- кіштерін анықтау;

  • Оларды құру және іске асыру бойынша өндірістік және сауда шығындарын бағалау;

  • Фирманың бар кадрларының сәйкестігін, олардың еңбектерін алға қойылған мақсаттарға жету үшін қажет етілетін талаптарға мотивациялау шарттарын анықтау;

  • Нарықты зерделеу бойынша, жарнама, сатуды ынталандыру, баға құру, өткізу каналдары және т.б. бойынша фирманың маркетингілік іс-шараларының құрамын анықтау;

  • Фирманың қаржылық жағдайын және алға қойған мақсаттарға жету үшін қолда бар қаржылық және материалдық ресурстардың сәйкестігін бағалау; биз- нес-жоспарды іс жүзінде орындауға кедергі келтіруі мүмкін «су астындағы тастар- ды», қиыншылықтарды алдын ала білу;

  • Жобаны іске асыру барысына бақылау жүйесін ұйымдастыру. Бизнес-жоспарлар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • инвестициялардың бизнес-жоспары – әлеуетті серіктес немесе инвесторға маркетингілік зерттеулердің нәтижелерін, нарықты игеру стратегиясының, бол- жанған нәтижелер негіздемесін баяндау;

  • компанияны немесе фирманы дамытудың бизнес-жоспары – алдағы жоспар- лы кезеңге ұйымның даму жоспары;

  • кәсіпорынның жеке бөлімшесін дамытудың (құрудың) бизнес-жоспары;

  • банктен несие алуға немесе тендерге қатысуға арналған бизнес-жоспар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет