Қандай тауарды немесе қызметті сату керек?
Жауабын күтіп тұрған екінші сұрақ: кәсіпорын нені сатпақшы немесе қандай қызметтер көрсетпекші?
Бизнес-идеяңыз жақсы таныс тауарлармен немесе өзіңіз көрсете алатын қыз- меттермен байланысты болуы тиіс, яғни клиенттер сатып алуға дайын тауарлар немесе қызметтер болғаны дұрыс.
Тауар – өзіңіз өндіретін немесе сатып алып, қайта сататын нәрсе, мысалы: ас- паптар, кондитерлік өнімдер, маталар, киімдер, нан өнімдері, сүт өнімдері және басқалары.
Қызмет көрсету – адамдар үшін жасалатын нәрсе, ол үшін ақша төленеді, мы- салы: шағын мейрамхананы басқару, азық-түлік жеткізіп беру, интернет-кафені басқару, шаштараз, автожуу, жөндеу шеберханасы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |