Табысты кәсіпорын сонымен бірге клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттан- дырады және күткен үмітіңізді жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, кәсіпорныңыз адамдарға оларға қажеттіні немесе сатып алғысы келетін нәрсені шамасы ке- летін және төлеуге дайын бағаға сатады немесе сұранысы бар өнімдермен ай- налысуыңыз қажет, бірақ бұл кәсіпорын сізге жеткілікті кіріс әрі жеке қанағатта- нушылық алып келуі тиіс.
Бизнес-идеяларыңызды дамыта отырып, 4 негізді құрайтын сауалға жауап бе- руіңіз қажет:
Сіз жауап беруге тиіс алғашқы сұрақ: кәсіпорын клиенттердің қандай қажет- тіліктерін қанағаттандыратын болады?
Бизнес-идеяңыз үнемі клиенттер мен олардың қажеттіліктеріне бағдарлануы тиіс. Бизнес-идеяны дайындау кезеңінде әлеуетті клиенттеріңіздің қажеттіліктерін айқындап алу – өте маңызды. Оларға назар аударыңыз! Оны барлық жерден алуға болады:
Көп өтпей жұмысқа шығуым қажет. Балаларды қалдыратын ешкім жоқ, үйдің жанында балабақша болғаны жақсы болар еді – идея балабақша ашу.