Маркетинг кешені дегеніміз – мақсатты на- рыққа әсер ететін құралдар жиынтығы. Қазіргі заманғы оқу құралдарында маркетинг кешенін
«төрт пи» (4Р) маркетинг кешені деп атайды. Әрине, әрбір маркетолог 4Р дегенді біледі, бірақ ол түсінік шыққалы бері 4Р жетілдіріліп дамыған болатын.
Бірінші Р-product – өнім деп аталады.
Оны біз тауар қасиеті деп айтамыз.
Екінші Р-price – баға деп аталады. Біз енді тек баға туралы әнгімелеп қоймай, өнімнің сапасына, құнына сәйкестігі туралы айтатын боламыз.
Үшінші Р – promotion – маркетингілік коммуникация. Маркетологтер және жарнамашылар әрқайсысы өзінше талдайды. Осының салдарынан оқулықтарда да солай жазылады. Маркетологтің көзқарасы бойынша маркетинг коммуникациясы 4-ке бөлінеді:
жарнама;
өткізуді ынталандыру;
паблик-рилейшенз (қоғаммен қарым-қатынас);
мерчендайзинг.
Жарнама сұранысты қалыптастырумен айналысады және әлеуетті тұтынушымен жұмыс жасайды. Әлеуетті және белсенді тұтынушы дегенді кейінірек талқылай- мыз. Өткізуді ынталандыру белсенді тұтынушылармен жұмыс жасап, сұраныстың ауқымын кеңейтумен айналысады. Олар әртүрлі конкурстар, сыйлықтар, жеңілдік- тер және т.б. Демек аттың алдына арба қоюға болмайды – сұранысты қалыптас- тырмай, өткізуді ынталандыруға болмайды, өйткені сатылатын заттың құндылығы анықталған жоқ. «Бізге келіңіздер, бізде арзан!» десек те, сатып алушылар келмей- ді, өйткені сіз әлі ештеңе дәлелдеген жоқсыз, арзан деген сапасыз, нашар дегенді білдіруі мүмкін.
Паблик-рилейшенз, public relations, қысқартып айтсақ PR, ол сіздің имиджіңізді қалыптастырады және оны нақтылайды. Тура осы жерде түсінбеушілік туындай- ды. Кейде «Имиджілік жарнамалау» деп айтылады көп жерде. Бірақ маркетологтің көзқарасы бойынша имиджілік жарнамалау болмайды. Бұл көбіне қатардағы өтіп жатқан акция РR, яғни теледидардағы ролик немесе қолдаушы жарнама ретінде болады.
Мерчендайзинг дегеніміз сату орнында тауарларды өткізу жүйесі. Бұл жүйеге дүкен ішіндегі ахуал, сауда сөрелерінің орналасуы, дүкен ішіндегі ақпарат, тауар- лардың жайғасуы және сатушының жүріс-тұрысы кіреді.
Төртінші «P»-place – өткізу каналы. Өткізу каналы дегеніміз тауарды өндіруші- ден тұтынушыға дейінгі жылжыту жолы.