Бизнес-жоспар мынадай негізгі міндеттерді шешуге көмектеседі:
Кәсіпорын мақсаттарын анық белгілеу, оларды іске асырудың нақты сандық көрсеткіштерін және қол жеткізу мерзімдерін анықтау;
Фирма қызметінің нақты бағыттарын анықтау;
Мақсатты нарықтар және осы нарықтардағы фирманың орны;
Фирманың ұзақмерзімді және қысқамерзімді мақсаттарын, оларға қол жеткі- зу стратегиясы мен тактикасын белгілеу, оларды іске асырудың нақты сандық көр- сеткіштерін және қол жеткізу мерзімдерін анықтау;
Стратегияны іске асыру үшін жауапты тұлғаларды анықтау; фирманың тұты- нушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерінің құрамын таңдау және көрсет- кіштерін анықтау;
Оларды құру және іске асыру бойынша өндірістік және сауда шығындарын бағалау;
Фирманың бар кадрларының сәйкестігін, олардың еңбектерін алға қойылған мақсаттарға жету үшін қажет етілетін талаптарға мотивациялау шарттарын анықтау;
Нарықты зерделеу бойынша, жарнама, сатуды ынталандыру, баға құру, өткізу каналдары және т.б. бойынша фирманың маркетингілік іс-шараларының құрамын анықтау;
Фирманың қаржылық жағдайын және алға қойған мақсаттарға жету үшін қолда бар қаржылық және материалдық ресурстардың сәйкестігін бағалау; биз- нес-жоспарды іс жүзінде орындауға кедергі келтіруі мүмкін «су астындағы тастар- ды», қиыншылықтарды алдын ала білу;
Жобаны іске асыру барысына бақылау жүйесін ұйымдастыру. Бизнес-жоспарлар төмендегідей түрлерге бөлінеді:
инвестициялардың бизнес-жоспары – әлеуетті серіктес немесе инвесторға маркетингілік зерттеулердің нәтижелерін, нарықты игеру стратегиясының, бол- жанған нәтижелер негіздемесін баяндау;
компанияны немесе фирманы дамытудың бизнес-жоспары – алдағы жоспар- лы кезеңге ұйымның даму жоспары;
кәсіпорынның жеке бөлімшесін дамытудың (құрудың) бизнес-жоспары;
банктен несие алуға немесе тендерге қатысуға арналған бизнес-жоспар.