Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу. Жөндеу объектілері жүк көліктері, комбайндар, тракторлар мен өндірістік ауылшаруашылық жабдықтары болып та- былады. Бұл сөзсіз сұраныстағы әрі келешегі бар бизнес. Осы бизнеске салынатын ақша (теңге):
гараж, ангар құрылысы – 500 000 тг;
арнайы жабдықты жалға алу – 1 000 000 тг;
көмекшінің жалақысы– 150 000 тг;
қосымша материалдар мен құралдар – 100 000 тг;
қосымша шығындар – 50 000 тг.
Артықшылығы – тұрақты жоғары сұраныс. Табыстылығы – 75%, өтелімділігі – 6-9 ай.
Бизнес нарық конъюнктурасына сезімтал. Клиенттердің мінез-құлқы өзге- реді. Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да бизнес-идеяларын нөлден іске асы- руға мүмкіндік беретін интернет-технологиялардың жаңа түрлері пайда болады. Коммерциялық жобалардың ұлттық шекарасы жойылады: сіз әлемнің кез келген жерінде пайдалы жобаны ұйымдастыра аласыз. Жақсы идея жерде жатпайды және кез келген елде кәсіпкерге табыс әкеледі.