МАРКЕТИНГІЛІК ІЛГЕРІЛЕТУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР АРҚЫЛЫ ЖАРНАМАЛАУ (SMM)
Маркетингілік әдістерді ілгерілету:
Тұтынушылармен тікелей байланыс;
«директ мейл» жүйесі бойынша жарнамалық шара (поштамен тікелей тарату);
SMM маркетинг;
жәрмеңкелер мен көрмелерге белсенді қатысу;
сервистік қызмет көрсетудің тиімділігін көтеру.
SMM (Social Media Marketing) – клиенттерге әлеуметтік желі арқылы сауда жа- сау құралы.
Неден бастау керек? SMM стратегия-жоспарын әзірлеуден, яғни әлеуметтік желілердің көмегімен компанияның бизнес-мақсаттарына жету жоспары. Страте- гия компанияның әлеуметтік медиадағы мақсатын айқындауға, олардың жетістікке жету жолдарын, басымдықтарын белгілеуге көмектеседі, ең бастысы әлеуетті (по- тенциал) әсерін болжауға және жоспарланған бағдардан тайқымауға (өзгертпеуге) көмектеседі.
SMM стратегия-жоспарын жазу үшін:
Әлеуметтік желідегі брендтің ағымдағы жағдайын бағалау: жазылушылардың саны мен белсенділігін, контенттің сапасы мен өзектілігін, әлеуметтік желілердегі сіздің брендіңізге қатысты барлық жазбаларды табу маңызды – олар сіз жайында қалай және не айтуда;
Бәсекелі талдау жасау.
Тұтынушылардың портретін жасау;
Компанияның тауары мен қызметтерін бәсекелестерден ерекшелейтін тиімді бірыңғай сауда ұсынысын қалыптастыру. Әріптестермен талқылау, клиенттерге неліктен сіздің брендті таңдағанына сауалнама жүргізу. Бәсекелестерден тек қана төмен бағаның есебінен озуға болмайтындығын ұқтыру. Яғни:
Әлеуметтік желілерге шығу (қатысу) форматын айқындау. Олардың формат- тары:
Коммерциялық формат: сіз өзіңіздің коммерциялық мүддеңізді жасырмай- сыз және тұтынушыларға тауарыңыз бен көрсететін қызмет түрлерін саудалауды ашық жарнамалайсыз. Сәйкесінше мұндай топтарда өнімдер мен тауарлар катало- гі, аталмыш өнімдер туралы тұтынушылардың сұрақтары мен пікірлеріне құрылған
талқылаулар орналастырылады. Мұндай контент коммерциялық сипат алады. Ком- мерциялық форматтың мақсаты – сату.
Қызығушылық бойынша формат. Мұндай қоғамдастықтар интернет сауданың алаңын құрады. Мақсат – аудиториядан мүмкіндігінше әлеуетті клиенттерді тарту, сосын ақырындап жарнама жариялап (орналастырып) отыру. Қалыптасқан ереже бойынша, бастапқыда жазылушылар бұл топтың (қоғамдастықтың) компанияға тиесілі екендігін де аңғармай да қалады. Тұтынушыларды топқа музыка, бизнес, сән әлемі, аспаздық туралы маңызды да пайдалы контенттерімен бөлісе, жариялай отырып тартады.
Аралас формат. Мұнда компания пайдалы тақырыптық контент пен ком- мерциялық контенттерді мезгіл-мезгіл араластырып жариялай отырып, сарапшы ретінде қатысады. Егер де контент пайдалы, бірегей әрі өзекті болса, онда сіздің беделіңіз сарапшы ретінде күрт көтеріледі. Демек аудиторияның ниеттестігі де артады. Сіздің пікіріңізге сенеді, кеңестеріңізге құлақ асады, ең бастысы жүргізіп отырған маркетингілік брендпен байланысты болмақ. Кәсіби құзыреттілік деңгейі
сауда жасауда шешім қабылдауға ықпал етуші негізгі факторлардың бірі. Топтың әкімшілері (админ) бірыңғай коммерцконтент ішпыстырып, теріс әсер беретінін біледі. Сондықтан брендті ескере отырып, мүмкіндігінше бизнеске тиімді де пай- далы ақпарат беруге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |