Контентті жариялап қою аздық етеді, оны жүргізу керек. Сіздің жариялаған дүниелеріңізді мақсатты аудитория көру үшін көп оқырманды қамту керек, яғни көрушілердің қатары көп болуы керек. Сіздің жариялаған дүниелеріңізбен ой бөлісетін өзіңіздің үлкен және ниеті түзу аудиторияңыз болса жақсы. Егер сіздің өзіндік қамтуыңыз жеткіліксіз болса не істеу керек?
Әлеуметтік желілердегі мақсатты (таргеттелген) жарнама – жынысы, жасы, географиясы және т.б. белгілі бір критерийлерге сай қолданушылар ғана көретін мәтінді-графикалық жарнама. Әлеуметтік желілердегі жарнамаға төлем жасау үл- гілері:
CPC (ағылшынның cost per click) – «клик» үшін жасалатын төлем;
CPM (ағылшынның Cost Per Millenium (Thousand) – 1000 көрсетілім үшін төлем;
өзара қарым-қатынас үшін төлем (комментарийлер, лайк, бөлісу, фотолар мен видеоны қарау) – facebook пен instagram-да қолжетімді.
бәсекелестік деңгейі – сол аудиториядағы жарнама берушілер көп болған сайын, «клик» бағасы да соғұрлым жоғары болады.
Қандай жарияланымдарды насихаттау керек? Ең алдымен, коммерциялық. Ақпараттық посты өнімге сілтемемен біріктіруге болады. Жарнамалық сілтеме- лерде Yandex.Direct немесе Google Analytics сараптамалық жүйелеріндегі жар- наманың тиімділігін қадағалау үшін UTM-тегтерді қоюды ұмытпаңыз. Коммерци- ялық постармен қатар ойын-сауық, бірегей, қызықты контентті ілгерілетіңіз. Бұл қызығушылық танытқан аудитория мен медиалық әсерді кең және арзан қамтуға мүмкіндік береді.