Өсімдіктерді қорғау
Кәсіби тәжірибе негізінде өсімдіктерді заманауи, білікті тәсілдермен қорғау табыс табуға, сапаға кепілдік береді, еңбек жағдайы мен еңбек шығындарын үнем- дейді.
Өсімдіктерді қорғаудың тікелей тәсілдері:
Механикалық тәсілдер
Биологиялық тәсілдер
Химиялық тәсілдер.
Механикалық тәсілдерге ауру қоздырушылар мен арам шөптердің екпе өсімдіктерге әсер етуіне жол бермейтін және солармен тікелей күресетін барлық шаралар жатады:
Зақымдау басталғанда-ақ зақымданған өсімдіктерді отау;
Арамшөптерді торлы тырмамен отау, өңдеу;
Тамырлы арамшөптер мен шөптерге қарсы топырақты қопсыту және тырма- лау, мысалы, бидайықты;
Зақымданған өсімдік қалдықтарын терең жырту, мысалы, жүгері откөбелегі зақымдаған кезде;
Қақпан құру, мысалы, дала тышқанына.
Достарыңызбен бөлісу: |