Бағдарламасы «бастау бизнес»


Көкөніс дақылдарына қолайлы қоршаған орта жағдайлары Жылу



бет129/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия

Көкөніс дақылдарына қолайлы қоршаған орта жағдайлары Жылу


Көкөніс дақылдарының жылуға деген мұқтаждығы олардың даму кезеңдері- не сәйкес өзгеріп отырады. Суыққа төзімді дақылдардың (қырыққабат, түйнек жемістілер, пияз, басқа да дақылдар) тұқымдары 10°С жағдайында да өне бастай- ды, бірақ нәтижесінде олардың көктеуі қатты кешеуілдейді. Олардың өнуі үшін ең қолайлы температура 18-25°С болып табылады.
Жылу сүйгіш өсімдіктер (асқабақ және алқа тұқымдастар) 13-14°С жағдайында өне бастайды, бірақ олар үшін ең оңтайлы температура 25-30°С болып табылады.
Жылу сүйгіш өсімдіктердің (мысалы, қызанақтың) төмен температураларға деген төзімділігін арттыруға болады. Ол үшін 2-3 тәулік бойы бөрткен тұқымдарды төмен температура жағдайында (0°С-тан төмен) немесе 10-15 тәулік бойы күндіз 18-20°С, ал түнде -5°С-ге дейінгі ауыспалы температурада ұстау қажет. Сонымен қатар екпе көшеттерді де шынықтыруға болады. Нәтижесінде екпе көшеттерді ертерек жер- ге отырғызуға болады, яғни жас өсімдіктердің көктемдегі қара суыққа төзімділігі артады. Ауыспалы температуралар (түнгі температуралар күндізгілеріне қарағанда 3-7°С-ге төмен) өсімдіктердің өсу қарқынын арттыруға оң септігін тигізеді.
Көктеудің алдын алу үшін тұқымдар өнгеннен кейін ауа температурасын күрт (18-25°С-ден 8-12°С-ге дейін) кеміту қажет. Температура жоғары болса, әсіре- се, түнде, өсімдіктер қатты өсіп шығып әлсірейді. Кейіннен олар өте баяу дамып, өнімділігі төмен болады. Өсімдік көктегеннен кейін температураның күрт төмен- деуі жер бетіндегі бөліктерден гөрі, тамыр жүйесінің мықты болып өсуіне мүмкін- дік береді. Өсімдіктердің тамыр жүйесі мен бірнеше жапырағы толық дамыған- нан кейін температураны арттыруға болады. 18-20°С-ден төмен түнгі температура жылу сүйгіш өсімдіктердің, мысалы, қиярдың өнімділігін азайтады, өйткені қияр- дың жемістері негізінен түнде өседі. Бұл кезде органикалық заттар белсенді түр- де жапырақтардан түйіндерге қарай өтеді. Егер де температураның төмендеуімен қатар ауа ылғалдылығы да азайса, өсімдіктер ақ ұнтақ ауруымен зақымдалады.


Жарық


Өсімдіктердің жарыққа деген мұқтаждығын екпе көшеттер мен жабық топырақ жағдайында көкөніс дақылдарын өсіргенде және де көкөніс өсімдіктерін отырғы- затын орын мен схеманы таңдағанда мұқият ескеру қажет.
Асқабақ, алқа және бұршақ тұқымдастар жарыққа аса мұқтаж болып келеді, ал орамжапырақ, түйнек жемістілер, пияз және көкөніс дақылдары жарыққа аса мұқтаж емес.
Жабық топырақ жағдайында ерте көкөніс дақылдарын өсіргенде күн энергия- сын неғұрлым тиімді пайдаланған жөн. Осы мақсатта көшетжай мен каркастарды учаскенің оңтүстік қырында орналастырып, шыны мен полимерді жабындардың тазалығын мұқият қадағалау қажет. Өсімдіктерді жабық топырақта өсіргенде ең жауапты кезең – өскіндердің пайда болуы. Бұл кезде тұқымдағы қоректі заттар түгелдей таусылып бітеді. Сондықтан да өскіндер көлеңкеде қалса, тамыр жүйесі өте баяу дамиды. Өскіндердің көлеңкеде қалуы өсімдіктердің өте тығыз отырғы- зылуының да салдарынан болуы мүмкін.


Ылғал


Топырақтың ылғал режиміне неғұрлым талапшыл өсімдіктер – екпе көшеттер, көкөніс дақылдары, орамжапырақты өсімдіктер, соның ішінде ең негізгісі – гүлді қырыққабат. Ал қызанақ ылғалға аса мұқтаж емес, бірақ көкөніс өсімдіктерінің суға деген қажеттілігі барлық өсу кезеңдерінде біркелкі емес. Әсіресе, тұқымдардың өсіп шығуы кезінде топырақтың ылғалдылығын сақтаған маңызды.
Орамжапырақ тұқымдастар өнімдері (қабатты өсімдіктер, түйнек жемістер) қа- лыптасқанда, ал жемісті көкөністер жеміс бергенде, пияз тұқымдастар жапырақта- рының қарқынды өсіп шығуы кезінде ылғалды неғұрлым көп сіңіреді. Ерте пісетін сұрыптар кеш пісетіндеріне қарағанда ылғалды көп қажет етеді.
Өсімдіктердің топырақ ылғалын пайдалану қабілеті көп ретте топырақтың фи- зикалық жағдайына және белсенді тамыр жүйесінің даму деңгейіне байланысты. Суармалы көкөніс шаруашылығында (екпе көшеттерді жүйектер мен шұңқырларға отырғызғанда міндетті түрде суарылған жағдайда ғана) отырғызу мен бірінші ве- гетациялық суарылған арасында үзіліс жасалуы керек, мұның арқасында өсімдік- тердің тамыр жүйесі қуатты болып қалыптасады. Жылу сүйгіш өсімдіктер үшін суа- руға арналған судың температурасы да маңызды болып табылады. Мысалы, жабық грунт жағдайында су 25 градус жылы болуы тиіс.
Өсімдік неғұрлым жақсы қоректенсе, соғұрлым суды аз шығындайды, сондықтан да жақсы тыңайтылған учаскелерде өсімдіктерді азырақ суарады. Суару мөлшері мен мерзімін анықтау кезінде тамыр жүйесінің биологиялық ерекшеліктері мен өсімдіктердің жасын ескерген жөн. Орамжапырақ пен қияр үшін топырақтың да, ауаның да ылғалдылығы бірдей маңызды болып табылады, осыған байланысты ашық топырақ жағдайында бұл дақылдарды тамшылату жолымен суарады. Жылы- жайларда қияр үшін салыстырмалы ауа ылғалдылығын 90-95% деңгейінде ұстап отыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет