Бағдарламасы «бастау бизнес»


Көкөністерді жылыжайда өсіру



бет132/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия

Көкөністерді жылыжайда өсіру


Жылыжайдағы топырақ субстрат деп аталады. Табиғи жағдайда субстрат топы- рақтан қоректік заттардың құрамы мен саны бойынша ерекшеленеді. Жылыжайда өсіру табиғи өсуден ерекшеленеді, егер бұл жағдайда кәдімгі топырақ пайдала- нылса, өнім өте төмен болады.
Жылыжайдағы топырақ қабатының қалыңдығы, әдетте, 30...35 см құрайды, кө- шеттер үшін 5...10 см жеткілікті.
Бір субстратты жылыжайда ұзақ уақыт пайдаланғанда, онда ауру тудыратын микроорганизмдер жинақталуы мүмкін, оны жаңа субстратқа ауыстыру керек не- месе зарарсыздандыру қажет.
Зарарсыздандырудың қарапайым тәсілі – күн шуағымен топырақты залалсыз- дандыру.
Бұл үшін жаздың ең ыстық күндері (шілде айының аяғы, тамыздың басы), әдет- те, жылыжайда ештеңе өспейтін кезде топырақты жақсылап жұмсартып, молынан суарады. Жылыжай 5-6 күн бойы тығыз жабылады. Күн топырақты қажетті тем- ператураға дейін қыздырады және оны зарарсыздандырады, алайда кез келген залалсыздандыру кезінде зиянды ғана емес, сонымен бірге пайдалы микроорга- низмдер де өлетінін атап өту керек.
Жылыжайларда қоректік субстраттар:

    • жоғары құнарлы;

    • ауа жіберетін;

    • суды жақсы сіңіретін және суұстағыш қасиеті бар;

    • зиянкестер мен ауру тудыратын организмдерсіз;

    • улы заттар болмауы керек.

Топырақтағы органикалық заттардың оңтайлы мөлшері 20-30%, қарашірік – 12%, ауа -10...12% болуы керек.
Көптеген дақылдардың жеткілікті деңгейде пісіп-жетілуіне көп уақыт керек.
Мұндай дақылдардан ерте өнім алу үшін көшет пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет