Биологиялық әдістер өсімдіктерді қорғау мақсатында табиғи процестерді мақ- сатты түрде пайдаланады:
Жүгері откөбелегіне қарсы трихограмма сияқты жыртқыштар немесе паразит- тер ретінде ауруларды тудырушылармен күресетін арнайы өсірілген жәндіктердіпайдалану;
Көбеймейтін аталық зиянкес жәндіктерді босату(зарарсыздандыру техни- касы) олардың көбеюіне жол бермейді. Бұл процесс жылыжайларға өте ыңғайлы.
Биотехникалық шаралар зинкестерді еліктіретін заттардың (феромондардың), үркітетін заттардың (репелленттер) және зиянкестердің көбеюін тоқтататын зат- тардың әсеріне негізделген. Егістіктерді басқа зиянкестер мен ауруларға қарсы химиялық заттар мен биологиялық тәсілдер бір мезгілде қатар өңделсе, оң нәтиже бермейді.
Химиялық тәсілдер.Химиялық қорғаныс заттарды қолданбас бұрын ар- тықшылығы мен тәуекелдерді бағалау қажет. Сондықтан да өсімдіктерді барлық егін-өсімдік шаруашылығы шаралары ретінде бірлесе қорғау химиялық тәсіл- дердің қолданылуын шектейді.