Цигай қошқарларының тірі салмағы 80-100 кг-ге дейін жетсе, саулықтарының салмағы 45-50 кг болады. Салыстырмалы түрде цигай қойлары тез көбейеді, 100 саулыққа 115-140 қозыдан келеді. Саулықтарды қозысынан бөлгеннен кейін сүт- тің өнімділігі шамамен 45-50 кг құрап, 4 ай сауғанда 7,5-7,8% майлылықта 100 литрден астам сүт береді. 4-4,5 айлық қозылары 28-30 кг салмақ тартады, сойыс шығымы кемінде 52-55% болады.
Қазақтың биязы жүнді қойы
Қазақтың биязы жүнді қойы – ет, жүн өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. 1931-46 жылдары қазақтың жергілікті құйрықты саулықтарын прекос және «Аме-
рика рамбульесі» қошқарларымен зауыттық жолмен будандастырылып алынған. Кейіннен жүн сапасын жақсарту мақсатында Аскания, Алтай, Грозный, Австралия мериностары және полварс тұқымдарының қошқарларымен будандастырылып, ет- ті-жүнді бағыттағы алынған бұл қой тұқымы Қазақстанның оңтүстік шығысындағы таулы және шөлейтті аймақтардың жайылым жағдайларына жақсы бейімделген.
Қошқарларының тірідей салмағы 94-96 кг, саулықтарынікі – 55-58 кг, 1,5 жасар тоқты 43-48 кг болады. Олардан жумай, 7-9 кг; 4-4,5 кг; 3,6-4 кг, ал жуып, 4,3-5,3;
2,3-2,6; 1,9-2,3 кг жүн қырқылады. Жүні қошқарларында 58-60, саулықтарында 60-64 сапаға жатады, оның ұзындығы қошқарларында – 12-14 см, саулықтарында
– 10-12 см болады. 100 саулықтан 130-150 қозы алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |