Ет өнімдерін алу да өте пайдалы іс. Етті тұқымды малдың кейбір ерекшеліктері бар, атап айтқанда: тез семіреді, еті дәмді.
Тұқымды таңдаған кезде төлдің тез өсуіне, атап айтқанда бұзау қажетті сал- мақ жинайтын мерзімге ерекше мән беріледі. Әртүрлі малдың етінің дәмі әртүрлі.
Жаңа туған төлді ең арзан бағамен сатып алуға болады, алайда оны азықтанды- ру қосымша қиындық тудырады. Дұрысы, үлкен малдың рационына көшкен және шөп жейтін малды сатып алу.
Көбіне мынадай малды жайлау тәсілдері қолданылады:
бокстік;
малды байламай (қорада қалың төсемде);
малды қорада ұстау (жем-шөп салу және малдың астын тазалау үшін арнайы орындар мен жарық едендер жасалады);
малдың жатуына ағаш төсемдер (байламай ұстағанда).
Егер қаржы жеткілікті болса, онда сиыр қора қосымша жем-шөп салатын және суаратын автоматты қондырғымен, сондай-ақ жем-шөп дайындау үшін техникамен жабдықталады.
Малдың астын тазалау жүйесі жеке жоспарланады. Лас төсеме материалдар ферма аумағында қайта өңделіп немесе тыңайтқыш ретінде сатылуы мүмкін.
Мал басы көп болса, шөп дайындайтын, жем-шөп таситын, көң, қи тазалайтын құрылғысы бар шағын трактордың болғаны дұрыс.