Жас малды өсіру технологиясы және ірі қара малды бұзаулауға дайындау
Технологиялық тәсілдер
|
Айлар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
Сиыр мен құнажындарды қашыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сиырды бұзаулауға дайындау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бұзаулату
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бұзауларды өсіру (емізу)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бұзауларды енесінен айыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бұзауды жаю
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жас төлдерді жемдеу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жайылымда бағу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қызметкерлерді қалай таңдауға болады?
20 шақты мал басына күтім жасауды жүзеге асыру және сонымен қатар барлық ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтау үшін бір адам жеткіліксіз болады. Фермерге сиырларға қарайтын тәжірибесі бар екі қызметкер ретінде жалдамалы жұмыс күші керек болады.
Қызметкерлердің негізгі міндеттері:
малдарды азықтандыру;
астын тазалау;
сиырларға күтім жасау;
фермада тазалықты сақтау;
шөп дайындау.
Ірі қара малға үнемі тексеру және егу қажет: ол үшін осы маңызды рәсімдерді іске асыратын білікті ветеринар дәрігерді табу керек. Мал сою алдында қажетті жұмыстар орындауда тәжірибесі бар уақытша қызметкерлер жұмысқа жалданады.
Өнімді қалай сатуға болады?
Сиырдан алынатын негізгі өнімдер: сүт және ет өнімдері. Сүтті сиырдың суалға- нын (60 күн) және жаңа туған бұзауын емізетін уақыт аралығын қоспағанда, жыл бойы сатуға болады.
Жас малды сатып алғаннан кейін 365 күн өткесін және олардың салмақ қосқан- дарына дейін ет дайындаумен айналысуға болады. Орташа алғанда бір сиырдан 45-60%-ға дейін ет өнімін алуға болады.
Малдың:
терісі;
төлі;
жүні;
сүттен жасалған өнімдері (ірімшік, май, айран) сатылатын қосымша өнімдер болып табылады.
Жылқыны көбейту
Жылқы малы табиғи жолмен көбейеді. Жылқы шағылысуға дайын болған кезең
«аңға шығу» деп аталады, алайда шаруашылықтарда жылқыны жасанды жолмен де ұрықтандырады. Бие он бір ай буаз болады. Негізінде жылқы жалқы құлын туады, егізді сирек туады. Төлі ебедейсіз болып туылады, ұзын аяқтарымен әзер тұрады, бірақ үш-бес сағаттан кейін ширап, 5-6 ай бойы емізетін анасының соңынан ере алады. Жылқылардың өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 25-35 жыл, алайда ара- ларында ұзақ өмір сүретіндері де бар. 45, тіпті 60 жасқа жеткен деректер де бар.
Жылқыларды күту
Үйде жылқы ұстау бірнеше ережені қамтиды:
Жылқыны күніне 3-4 рет азықтандыру керек. Егер еркін жайылымда азықты өзі тапса, онда ат қорада ұстаған кезде иесі шөп немесе пішен беруі тиіс. Жеміне ви- таминді-минералды қоспаларды міндетті түрде қосыңыз. Жылқының азығын бірден өзгертуге болмайды, себебі оның ас қорыту жүйесі нәзік. Жануарларға көп мөлшерде тағам беру дұрыс емес екенін еске алғанымыз жөн. Суды да қадағалау маңызды. Су бөлме температурасында және жеткілікті мөлшерде болуы керек.
Жылдың ыстық мезгілінде жылқыны апта сайын тазалап жуу керек. Суық мезгілде жылқыларды тазартқышпен тазалау жеткілікті. Сондай-ақ құйрығы мен жалына мұқият күтім жасау керек.
Жылқылар тұратын атқора жақсы желдетілуі керек, ал қыста оны жылыту керек. Ат қораны күн сайын тазалау керек.
Жылқыны сыртқа жиі шығару керек. Жылқыны тар ат қорада ұстау оның қи- мыл-тірек аппаратына теріс әсер етеді.
Бүгінгі күні ұлттық жылқы шаруашылығының алдында саланың өнімділігін арт- тыру және жылқы шаруашылығы өнімдеріне сұранысты қанағаттандыру міндеті қойылып отыр. Жылқы өсірушілерге осы жағынан қазақстандық ғалымдар әзірле- ген ғылыми негізделген технологиялар көмектесуі керек.
Ауылшаруашылық малдарын азықтандыру және олардың аурулары. Ветеринарлық-санитарлық нормалар
Сиырларға қандай азық қажет?
Жемшөпті сатып алу өте жауапты болып табылады. Дұрыс таңдалмаған жемшөп малдың әртүрлі ауруына әкеледі. Сиырларға мынадай жемшөп түрлері керек:
көк шөп жаз мерзіміндегі малдың негізгі қорегі болып саналады;
пішен негізгі қыстық азық болып табылады;
көкөністер: жемшөп қызылшасы, сәбіз, картоп;
астық қоспалары, кебек, күнжара;
сүрлем – ашытылған сүт өнімі.
Жемшөптің соңғы түрі арнайы шұңқырларды пайдаланып ашытылатын ферма- да дайындалады.
Барлық жемшөптің шірігі жоқ, сапалы болуы керектігін есте ұстаған жөн. Бұл ересек малға ғана емес, сонымен қатар жас төлдерді жемдеуге де қатысты.
Үйдегі сиырды қалай және немен азықтандыруға болады?
Сиыр ұсталатын кез келген мал шаруашылығының негізгі міндеті сүт немесе ет өнімдерін өндіру болып табылады, алайда фермердің малды дұрыс азықтандыру туралы білімі болмаса, жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Егер осы аспектіге назар аудармасаңыз, онда тек малдың денсаулығы ғана емес, ферманың пайдасына да қауіп төнеді. Жиі ауыру мен жалпы әлсіздік сапалы және жақсы өнімдерді алуға ешқандай ықпал етпейді. Егер шаруа иесінің қажетті білімі болса және малды қыста да, жазда да рационға сәйкес сапалы жем-шөппен қамтамасыз етсе, онда ешқандай проблемалар туындамауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |