Мал шаруашылығын және басқа да ауыл шаруашылығы малдарын ұстау технологиясы
Сүт фермасы
Сүт шаруашылығы таңдалса, онда кешенде, әрине, сүт және сүт өнімдері алына- тын болады. Жақсы мал басы болмаса, бұл бағалы өнімдер де болмайды. Тұқым- ды таңдаған кезде сүт көлеміне назар аудару қажет. Төмендегі кестеде ең жоғары өнімді тұқымдармен танысуға болады.
Тұқым атауы
|
Жылдық өнімділік, кг
|
Қара ала
|
5500-5800
|
Голштин
|
7400
|
Айршир
|
8500
|
Голландиялық
|
4500
|
Қырдың қызыл сиыры
|
4000
|
Симменталь
|
4000-5500
|
Қызыл ала
|
5000-5500
|
Жеке тұқымды мал өсірушілерден мал сатып алғанда барлық малға құжат пен ветеринарлық куәлік алу керек. Сонымен қатар жасына да ерекше мән беріледі. Кәрі сиыр, үш реттен көп бұзаулаған сиырлар көп сүт бермейді. Іс табысты болу үшін ұрғашы сиырды бірінші бұзаулағаннан кейін сатып алады.
Сүтті малдың анатомиялық ерекшеліктері бар екенін білу керек. Дұрыс таңдау үшін олармен танысу қажет. Көбінесе мұндай малдың дене тұрқы, аяқтары ұзын. Әсіресе, жақсы сауылған сиырдың желіні үлкен болады.
Сүт фермасына лайықты мал мынадай болуы тиіс:
арқасы түзу;
желіні 110 см-ден кем емес;
желін тереңдігі 25 см-ден кем емес;
4 жетілген үрпісі;
желіні тостаған тәріздес немесе ванна тәріздес болуы тиіс;
басы шағын;
желіннің көктамырлары жақсы көрінуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |