Қыс мезгілінде малды қолда ұстау әртүрлі жем-шөпті кезекпен беруді көздей- ді. Бұл тәсіл сүт өнімдерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар малды ең дәмді тағамды таңдау мүмкіндігінен айырады.
Төмендегі кестеде қыста сиырларға қажет жем-шөп мөлшерімен танысуға бо- лады.
Жем-шөп мөлшері кг-да көрсетілген (премикстерден басқасы)
Жем-шөп мөлшері, кг
|
Тәулігіне сүт өнімдері, кг
|
Суалу кезеңі
|
8
|
12
|
16
|
20
|
|
Арпа сабаны
|
5
|
4
|
3
|
3
|
3-5
|
Шөп
|
3
|
5
|
7
|
10
|
5-7
|
Көкөніс дақылдары
|
бермейді
|
5
|
10
|
15
|
бермейді
|
Ашытылған жем-шөп
|
10
|
15
|
15
|
15
|
бермейді
|
Концентрирленген жем-шөп (жом мен күнжара)
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1,5-2
|
Кесек тұз
|
0,05
|
0,06
|
0,07
|
100
|
0,05
|
Жоғары сүт өнімділігін алу үшін қосымша дәрумендер береді.
Жоғары өнім беретін малды азықтандыру
Көбінесе, фермерлердің көпшілігі азықтандыру үрдісін орташа сүт өнімділігі ескерілетін етіп ұйымдастырады, бірақ бұл әдіс жоғары өнімді беретін малдарға жарамайды. Мұндай ірі қара малға ерекше күтім қажет және жемді де әрқайсысы- на жеке-дара есептейді.
Егер келесі кестеге қарасақ, осындай малдарды жемдеудің шамамен алғандағы нормасын көруге болады
Тәулігіне сауылатын сүт, кг
|
Пішен
|
Пішен- деме
|
Көкөніс- тер
|
Арпа дақылы
|
Құрама жем
|
Ас тұзы
|
Барлығы КЕ
|
25,75
|
4,0
|
15,0
|
10
|
2,0
|
8
|
0,075
|
21,3
|
30,9
|
4,0
|
15,0
|
12,0
|
2,6
|
9,5
|
0,1
|
24
|
Жем-шөп мөлшері кг-да көрсетілген.
Туғаннан бастап бір айға дейінгі мерзім
Төлдің туған кездегі орташа салмағы – шамамен 35 кг. Азықтандыру рационы мен денсаулығының ерекшелігі бұзауға 30-шы күні 45 кг салмақ қосуға мүмкіндік береді. Осы салмақты жинау оңай емес, бірақ кейбір нюанстарды сақтаса, барлығы ойдағыдай болады:
Жаңа туған бұзаулар тәулігіне 6 рет азықтандырылады;
Бір айлық бұзауды азықтандыру жиілігі 4-ке дейін азаяды;
Жиынтық сүт өнімі қолданылады;
Әрқайсысына жеке емізік пайдаланып, бұзауларды суару, болғаннан кейін міндетті түрде зарасыздандыру;
Дәрумендер қолдану;
Біртіндеп құнарсыз азықтандыруға көшу;
60 күндік бұзаулар не жейді?
Екінші айдан бастап бұзаулар бірте-бірте ақуыз, көмірсулар мен майлар жет- кілікті қатты тағамға ауыстырылады. Барлығы біртіндеп емшек сүтін алмастыратын бастапқы аралас жемнен басталады. Осы уақытқа дейін мал туғандағыдан гөрі екі есе көп салмақ жинайды, алайда толық қалыптасқан ас қорыту жүйесін ескеру қа- жет. Бастапқы құрама жемнің арқасында өтпелі кезең айтарлықтай жеңіл болады.
Бұл уақыт 90-күннің басына сәйкес келеді. Мал барлық азықты сіңіре алады және ақуызға мұқтаж болады.
Келесі кестеде малдың жасына байланысты жем-шөптердің саны туралы дерек- терді көруге болады.
Жас ерекшелігі
|
Сүт өнімі
|
Құрамажем
|
Шөп
|
Премикстер, грамм
|
60
|
5
|
0,3
|
1
|
300
|
90
|
6
|
1
|
2
|
300
|
120-180
|
2
|
1,5
|
3
|
500
|
210-360
|
бермейді
|
2
|
5
|
900
|
390-400
|
бермейді
|
2
|
8
|
1000
|
450-540
|
бермейді
|
1
|
8,5
|
1000
|
Жем-шөп салмағы кг берілген (премикстерден басқасы).
Жылқылар не жейді?
Үй жылқыларын міндетті түрде шабындыққа шығарып, шөппен азықтандыра- ды. Онда барлық қажетті қоректік заттар бар. Қыс мезгілінде рационға шөп және сұлы, жүгері, арпа, кебек, зығыр, алма, сәбіз, қызылша және картоп сияқты өнімдер қосылуы керек. Егер жылқы азығында қоректік заттар жеткіліксіз болса, онда жа- нуар салмағын жоғалтады, сыртқы тұрпаты нашарлайды.
Мал иесі мал тұратын барлық орында мынадай санитарлық норманы сақтауға міндетті:
ағаш еден және таза төсем;
қораның биіктігі 2,4 метрден кем болмауы керек;
терезелер еденнен кемінде 1,3 метр биіктікте орналасауы керек;
жем салатын астаудың көлемі – 600х700х100 см;
автоматты астаулар;
жылытылған қабырғалар;
таза ауа кіретін желдету жүйесі, бірақ жел өтпеуі керек.
Малға екпе егудің жалпы ережелері
Ветеринар асептика және антисептиканың жалпы ережелеріне сүйене отырып, екпе жасайды. Барлық екпе жасалған мал ветеринар дәрігердің бақылауында бо- луы керек.
Егілген малдарда жергілікті реакциялар 1-3 күн ішінде толық сіңетін препарат енгізілген орында сәл ісіну мен температура түрінде білінеді.
- Кейбір малда реакция барлық денесіне беріледі және екпеден кейінгі алғашқы екі немесе үш күн дене температурасы көтеріліп, бойкүйездік пен әлсіздік болады.
Екпелер, әдетте, дене температурасы қалыпты, денсаулығы дұрыс малдарға жасалады.
Ауру малдар, ауруға күдікті малдар немесе ауру малдардың жанында болған малдарға екпе күдік тудырған ауруға қарсы сауықтыру-профилактикалық сарысу екпесі егілгеннен кейін 5-7 күннен кейін салынады
Егер мал сау болса, сонда ғана екпе жасалады.
Арық малдарға екпе жасалмайды.
Егер мал ауру малдың жанында болған және белгілі бір аурудың «инкуба- торы» болса, жасалған екпе осы ауруға қарсы малдың жағдайын нашарлатады, бұл жұқпалы ауруды табиғи түрде жұқтырғаннан да қатты ауырады. Мал екпеден бұрын ауру жұқтырғандықтан, ауру инкубация кезеңінде болған және вакцина бұл аурудың белсенді емес немесе тітіркендіргіш қоздырғышы болып табылады.
Сондықтан ауру жұқтырғаннан кейін екпе жасалған мал үш есе қатты ауыра- ды және өліп кетуі де мүмкін. Егер ол аман қалса, онда тұрақты иммунитет пайда болады. Сондықтан қай кезде қандай аурудан сақтану керек екенін білу керек, егу уақытын өткізіп алмау, егу алдында 2 апта бойы антигельминтик пен вакцинация- дан бұрын 1 ай бойы витаминдер беру қажет.
Кез келген вакцинаның жарамдылық мерзімі (сақтаудың белгілі бір шарттары бойынша) бар, мерзімі өткен вакцина зиянды.
Екпе жасаудың тиімділігі малды азықтандыру, күтіп ұстау және құрттардан уақтылы тазартуға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |