Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет188/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия

Бизнес-жоспар деген не?


Бизнес-жоспар дегеніміз – кәсіпорынның мақсаттары жазылған, оларға негіз- демесі берілетін құжат. Онда қаражатты іске асыру үшін және жұмыстардың түпкі қаржылық көрсеткіштеріне қол жеткізу жолдары айқындалады. Әдетте, жылдарға бөліне отырып, бірнеше жылға (көбінесе үш-бес жылға) жасалады. Бұл ретте бірін- ші жылы деректер айларға бөлініп беріледі, ал кейінгі жылдарға жылдық есептеу- мен беріледі. Әрекет етуші кәсіпорындардың жоспарын құрғанда өзгермелі гра- фик қолданылады, осы бойынша жыл сайын әрбір келесі жылға егжей-тегжейлі жоспар әзірленеді, нақтыланады және тағы бір жылға созылады.
Бизнес-жоспардың міндеті – бизнес-идеяларды іске асырудың мүмкіндіктерін көрсету. Бұл мүмкіндіктер мен тәуекелдердің шынайы бағасын береді әрі қосымша инвестицияларды тарту (немесе оның жоқтығын), несие желілерін ашудың қажет- тігін көрсетеді. Негізінде, бизнес-жоспар алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпорынды басқарудың табыстылығын және дамыту жолдарын көрсетеді.
Бизнес-жоспарды қолданушылардың екі тобы бар – ішкі (бизнес-идеялардың бастамашысы, фирманың құрылтайшылары мен қызметкерлері) және сыртқы (әлеуетті инвесторлар, несие беруші ұйымдар, серіктестер).
Бизнес-жоспар негізгі үш мақсатқа қызмет етеді:

    • инвесторға осы инвестициялық жобаға қаражат салғаны дұрыс па, бұрыс па деген сұраққа жауап береді;

    • Жобаны тікелей іске асыратын тұлғалар үшін ақпарат көзі қызметін атқарады;

    • Несие беруші ұйымдар несие беру туралы шешім қабылдаған кезде, қарыз алушының әрекеттегі бизнесі туралы және несие алғаннан кейінгі дамуы туралы толықтай ақпарат алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет