Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны осы құжаттың жасалу мақсатына және қолдану саласына (өндірістік, сервистік, сауда және басқа компаниялар) қа- рай икемделуі мүмкін. Қазіргі уақытта оны жасау стандарттарының бірнеше топ- тары бар.
Солардың арасында ең кең таралған стандарттар:
Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы экономикалық реформалардың про- цестерін жеделдетуге ықпал ететін бағдарламалар аясындағы Еуропалық Одақтың (TACIS);
өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының (UNIDO);
аудиторлық, салық және кеңес беру қызметтерін көрсететін фирмалардың халықаралық желілерінің (KMPG);
Еуропа Қайта құру және даму банкінің (ЕБРР) стандарттары.