Түйіндеме қысқа болуы, бір-екі беттен аспауы керек. Әлеуетті инвестордың жоспармен алғаш рет танысуы жоба тағдырына байланысты, сондықтан да түйін- деме қызығушылық тудыратындай жазылуы керек.
Түйіндемеде мынадай ақпарат көрсетіледі:
жобаның бастамашы-кәсіпорнының толық атауы, мекенжайы мен телефоны;
жобаның атауы, мәні;
кәсіпорынның, оның ерекшеліктерінің, кәсіпорынның бүгінгі күндегі дамуы қандай деңгейде екендігі туралы сипаттама;
қызметкерлер құрамының саны мен біліктілігі туралы қысқаша мәліметтер;
жобаның жиынтық құны, инвестордың жобаға инвестициялайтын қаражаты- ның көлемі;
қаржыландыруға қажеттілік, инвестициялаудың сәйкес нысандары мен талап- тары, қарыз қаражатты қайтару бойынша кепілдіктер;
жоба тиімділігінің негізгі экономикалық көрсеткіштері.
Мысалы, бизнес-жоспардыәзірлеу мақсаты– инвестициятарту және«БастауБизнес» жобасы бойынша өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті да-мыту бағдарламасының 2-бағытының «Игілік» бағдарламасы бойынша ферма құрутиімділігіннегіздеу.