Бизнес-жоспар құрылымында маркетингілік жоспар ерекше орын алады, мұнда нарықты талдау, құн құру, тауарды ілгерілету, жарнама, тауардың әзірлеуден бастап оны іске асырғанға дейінгі барлық кезеңінің стратегиясы сипатталады. Бұл бөлімде кәсіпорынның нарықтық мүмкіндіктеріне баға беріледі.
Маркетингілік жоспарда мыналар көрсетілуі керек:
Саланың сипаттамасы
Өнім нарығының сипаттамасы
Кәсіпорынның SWOT-талдауы
Шикізат, материалдар және өндірістің басқа да факторларын зерттеу және талдау
Өнімді тұтынушылардың сипаттамасы
Өнімді өткізу бағдарламасы
Кәсіпорынның бәсекеге қабылеттілігі
Нарықты зерттеу нәтижелері ұзақмерзімді стратегияны және кәсіпорынның ағымдағы саясатын әзірлеу үшін база болып табылады және оның материалдық, адам және ақшалай ресурстарға қажеттілігін анықтайды.
Бірінші бөлімі нарықтағы болып жатқан жағдайды сипаттауды көздейді:
Нарықтың құрылымы,
бәсекелестік,
басқа сол сияқты өнімді немесе оны алмастыратын өнімді жеткізушілер,
баға бойынша сұраныстың икемділігі,
нарықтың әлеуметтік-экономикалық үдерістерге реакциясы,
өнімді бөлу каналдарының сипаттамасы,
тұтынудың өсу қарқыны және т.б.
Нарықтың негізгі сандық сипаттамасы нарықтың сыйымдылығы және кәсіпо- рынның өніміне сұраныс болып табылады. Сұранысты анықтауға ағымдағы сұра- ныстың көлемін және құрылымын бағалау және оның келешекте өзгеруі кіреді. Ағымдағы сұраныс белгілі бір нарықта қандай да бір уақыт аралығында (әдетте, 3-5 жыл) белгілі бір баға бойынша сатылған өнімнің жалпы санымен айқындала- ды. Ақпарат ағымдағы сұраныстың көлемі мен құрылымын, сондай-ақ түпкі көр- сеткіштер бойынша нарықтың негізгі сегменттері, тұтынушылардың географиялық бөлінісі мен санаттары бойынша бағалауға мүмкіндік беруі керек.
Кәсіпорын өнімін өткізудің болжанған нарығын сипаттағанда мыналарды көр- сету керек:
нарықта жұмыс істейтін негізгі кәсіпорындар;
бәсекелестердің өнімі;
болжанған нарықтар мен нарықтар сегменттерінің ерекшеленетін сипатта- малары (өнімге деген қажетті сұраныс және демографиялық факторлар, геогра- фиялық орналасуы, маусымдық тенденциялар ескерілген тұтынушылықты қанағат- тандыру деңгейі);
негізгі көзделген нарықтардағы маңызды тенденциялар мен күтілетін өзгерістер;
қосымша нарықтар және олардың негізгі сипаттамасы;
әлеуетті сатып алушылармен байланыс орнату, олардың өнімді бағаның әр түрлі деңгейінде алуға дайындығы, сатып алушыларға ақпарат беру;
әлеуетті клиенттердің өнімді сатып алу циклы, шешімді бағалау процесі, соңғы шешімді таңдау жауапкершілігі мен құқығы;
әкімшілер, сауда агенттері, инженерлер және т.б.;
тапсырысты орналастыру сәті мен өнімді жеткізу сәтінің арасындағы уақыт (бастапқы тапсырыстар, қайталама тапсырыстар, өнімнің үлкен партиясын сатып алу).