Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет197/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия

4. Өндірістік жоспар


Бизнес-жоспардың осы бөлімі өнімді, тауарлар немесе қызметтерді өндірумен айналысатын кәсіпкерлерге ғана ұсынылады. Бөлімнің басты міндеті – әлеуетті серіктестерге кәсіпорынның іс жүзінде өнімнің, тауарлардың немесе қызметтердің қажетті санын талап етілген мерзімде өндіре алатынын көрсету.
Осы бөлімде өндірілетін өнімнің саны және мерзімі, түрі және сапасы көр- сетіледі. Бизнес-жоспардың осы бөлімінің деректерін келешектегі 5-7 жылда кел- тірген жөн.
Өндірістік жоспар (өнімнің көлемі мен шығын сметасы бойынша) өнімді өткізу жоспарының және кәсіпорынның өндірістік қуатының есебі негізінде, сондай-ақ өндірістік қорлар мен жоғалтулардың болжамы негізінде қалыптастырылады.
Өндірістік процестің құрылымын сипаттау үшін келесідей деректер қажет:

  1. инвестициялық жобаның аясында пайдалануға жоспарланған өндірістің құрылымы;

  2. технологиялық схема;

  3. шығыс материалдары мен жиынтық өнімдердің тізбесі, олардың саны мен құндық сипаттамалары;

  4. шикізатты, материалдарды, жиынтық өнімдерді негізгі жеткізушілер, жеткізу көлемі мен талаптары;

  5. энергияны, газды, сығылған ауаны, буды және т.б. тұтыну саны, оларды тұтыну бірлігінің құны;

  6. өндіріс процесі мен өнімді сату үшін басқа ұйымдар қызметтерінің тізбесі;

  7. көліктің барлық түрлері бойынша ішкі және сыртқы тасымалдаулардың көлемі, тасымалдау бойынша тарифтер;

  8. жіктелген позициялар бойынша кететін шығындар.

Мысал:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет