Күнтізбелік жоспарда жобаны енгізуге және оның мақсаттарын іске асыруға ықпал ететін уақыт пен басты оқиғалардың өзара байланысы көрсетіледі. Жақ- сы құрастырылған күнтізбелік жоспар әлеуетті инвесторлардан қосымша қара- жат алу үшін тиімді болуы мүмкін, сонымен қатар жоба басшыларының жұмысты жоспарлау және тәуекелді минимумға келтіру қабілетін де көрсетеді. Күнтізбелік жоспардың жеке бөлігі ретінде, өнімді ендіру жұмыстарының уақытын көрсететін ай сайынғы кесте дайындалады. Оларды өткізудің негізгі кезеңдері, уақыты және жауапты тұлғалар сипатталады. Күнтізбелік жоспарды график немесе кесте түрінде жүргізу ұсынылады.
Бөлімнің міндеті барлық жобаны шығындардың өтелуі, кәсіпорынның рента- бельділік және қаржылық тұрақтылық деңгейі тұрғысынан жалпы экономикалық бағалау болып табылады. Инвестор үшін бұл бөлім қызықтырақ, себебі жобаның тартымдылық деңгейін ақшалай қаражатты пайдаланудың басқа да тәсілдерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, бөлім көптеген қаржылық құжат- тардан тұрады:
Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметіндегі тәуекел мен табыс бас- ты проблемалардың бірі. Кәсіпорын үшін тәуекел өндірістік және қаржылық қыз- мет нәтижесінде ресурстарының бөлігін жоғалту, табыстарды толықтай алмау неме- се қосымша шығыстардың туындау ықтималдылығын білдіреді. Кәсіпорын жұмыс жасап жатқан заманауи экономикалық жағдай қолайсыз. Нарық конъюнктурасы өзгереді, сондықтан да кәсіпорын үнемі тәуекелге ұшырап отырады, себебі бәсеке- лестер жағдайында өзгерістер болады, қаржыландыру талаптары мен нысандары, салық төлеу жүйесі және т.б. өзгереді. Сондықтан бизнес-жоспарды әзірлегенде, нарық жағдайының болуы мүмкін өзгерістерін ескеру керек.
Тәуекелдің сандық және сапалық талдауын жасау керек.
Біріншінің міндеті жұмыстарды орындау барысында тәуекелдер туындаған жағдайда, тәуекел факторлары мен жұмыс кезеңдерін анықтау. Сандық талдау тәуекел факторларын анықтауды көздейді, ал бұл қиын міндет болып табылады.