Бағдарламасы «бастау бизнес»


Төртінші тарау – зейнетақы



бет205/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия

Төртінші тараузейнетақы қоры, зейнетке шыққаннан соң қиналмай, бала мен келіннің қолына қарамай, қайта ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңізге көмектесу мүмкіндігін жасау жоспары.
Батыстың өмірінен бір мысал келтірейік. Біз де қазір сол Батыс елдерінің жолы мен үрдісіне түсіп барамыз. «Қаржылық тәуелсіздікке жол» атты бестселлердің ав- торы, қаржы саласының данышпаны болып саналатын Бодо Шеффердің есебіне қарағанда, 35 жастан бастап айына жүз доллардан инвестиция жасап тұрсаңыз, 65 жасқа келгеніңізде сіздің шотыңызда 524 785 доллар қаржы жиналады екен. Бұл жерде бір шарт бар: инвестицияңыз жылына 12 пайыз өсіп тұру қажет. Жылына 20- 25 пайыз өсім беретін компаниялар да бар екенін айта кетуіміз керек. Сол баяғы қазақ айтпақшы «Тарта жесең тай қалады, қоя жесең қой қалады, ал қоймай жесең, не қалады?»
Егер қаржылық жоспар бойынша жасай бастасаңыз, өз қаржыңызды бақылау- да ұстап, алға қойған мақсатыңызды орындау едәуір оңай болады. Қазақстанның экономикалық сауаттылық жөніндегі халықаралық орталығының зерттеулеріне қарағанда, 63% қазақстандықтың ақшасы жалақы алатын күнге жетпейді, 38% қа- зақстандық кірісі мен шығысын мүлдем есептемейді.
Сарапшылар күнделікті қаражатты жазып жүруді ұсынады. Сатып алғандары- мызды қағазға түсіріп жүретін болсақ, ақшамыздың қалай жұмсалып жатқанын білетін боламыз. Отбасылық бухгалтерия тек тәртіпке шақырып қоймай, адамды үнемдеу мен қажетсіз қаражаттардан аулақ болуға баулиды, мотивация туғызады. Екі түрлі қаржылық жоспарлау бар. Біріншісі – қысқа мерзімді жоспарлау. Бұл – әдетте, бір айлық жоспар. Бұл жоспарлаудың басты мақсаты – бір айлық шығыстың
бір айлық табыстан асып кетпеуіне қол жеткізу.
Мамандар кесте жасап, сол кестеге барлық шығыстар мен кірістерді жазып оты- руды ұсынады. Сонда бір айда қанша табыс кіріп, қанша шығыс шыққанын білетін боласыз. Осылай бір айда сіздің отбасыңызға қанша ақша кететінін білесіз. Егер
кірісіңізден шығысыңыз көп болса, неден бас тартуға, қай нәрсені арзандау алуға болатынын шешіңіз.

      1. Үш ай бойы өзіңіз бекіткен бюджеттің шегінен шықпауға бел байлаңыз. Сол үш айда жаңа қаржылық тәртіпке үйреніп, нәтижесін көре бастайсыз.

      2. Отбасылық бюджеттеріңізде кредиттік төлемдер айлық табысыңыздың 30% аспауына қол жеткізіңіз.

      3. Табысыңыздың 10% жинап отырыңыз. Мамандар көп адамдардың табы- сының 10%-ының қайда, қай мақсатта жұмсағанын біле де бермейтінін айтады. Қаржылық сауаттылықтың ең төмен деңгейін құрайтын бірнеше жайт бар:

«Бірінші кезекте өзіңнің шығыстарың мен табыстарыңды бақылау керек. Егер сіз 200 мың теңгені құрайтын жалақыны табыс деп санасаңыз, бұл мүлдем олай емес. Негізгі қор – уақыт. Нарық сіздің уақытыңызды қалай бағалайтынын көру керек. Жұмысыңыздың бір сағаты қанша тұратынын есептеңіз. Бұл сізге келесі қа- дамды жасауға, яғни жұмыстың әрбір сағатында табысты көтеруге көмектеседі. Ол жұмыстың өзгешелігіне байланысты: тиімділікті арттыруға, уақытты ұтымды пайда- лануға және егер табыс соған байланысты болса, көбірек істеуге немесе қосымша міндеттерді алып, қосымша дағдылануға болады. Сонымен қатар жұмыстың бір сағат құнына сүйене отырып, шығыстарды бағалаңыз. Бұл өзіңізге кез келген зат- тарға қол жеткізу мүмкіндігіңізді дұрыс бағалауыңызға көмектеседі. Шығыстарды бағалау өте маңызды, өйткені қарыз қақпанына түсіп кетесіз де, одан шығу қиынға түседі. Екіншіден, өзіңізді барлық шарттарды оқуды және қаржы қызметтерінің мәнін жете ұғынуды үйреткен жөн. Егер несие жөнінде айтсақ, бастап жатқандар үшін несие сомасының үстінен қанша төлейтініңізді біліп алып, ұсыныстарды са- лыстыруды ұсынамыз, өйткені пайыз мөлшерлемесінен басқа беру үшін төленетін комиссиялар және басқа шарттар болады».
Қазір интернетте де, кітап дүкендерінде де отбасы бюджетін жоспарлау бойын- ша әдебиеттер көп. Ең бастысы, шығысымыздың кірісімізден көп болмауына көңіл бөлуіміз керек, сондай-ақ табысымыздың 10%-ын қанша ерте үнемдеп бастасақ, алға қойған мақсаттарымызға тез жетеміз.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет