Бағдарламасы «бастау бизнес»


БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МОДЕЛІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ



бет206/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия

БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МОДЕЛІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ


ҚАРЖЫЛЫҚ МОДЕЛЬ
Осы бөлімге мынадай қаржылық көрсеткіштер мен параметрлер бойынша кәсіпорынның талдауы кіреді:

Бастапқы капитал – істі бастауға қажетті ақша. Өз ісіңді бастарда бастапқы капитал қанша қажет және оны қайдан алуға болатындығын міндетті түрде білу керек. Бастапқы капитал:

  • инвестициялар

  • айналым капиталы үшін керек.

СІЗГЕ ҚАНДАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ҚАЖЕТ?
Инвестициялар деген бизнесіңіз үшін құнды нәрсені сатып алу, оны ұзақ уақыт пайдалануыңызды білдіреді. Кейде істі бастау үшін үлкен инвестициялардың қа- жеті жоқ, одан да оларды ең төмен деңгейде пайдаланған тиімдірек. Бұл тәуекел- дерді төмендетеді. Инвестициялық минимумды есептеу керек. Оны екі санатқа бөлуге болады:

    • ғимарат;

    • жабдықтар.

Бұл бөлім фирманы қаржы ресурстарымен қамтуды және жоспарланған кезең- де ақша ресурстарын тиімді пайдалануды көрсетеді.
Бизнес-жоспардың осы бөлімі қорытынды болып табылады және өндіріс бол- жамы мен өнімді өткізудің нәтижелері бойынша есептеледі. Мұнда ақша ағынының болжамды қозғалысымен (түсімдер мен төлемдер) қатар, кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайы (егер жоба әрекеттегі кәсіпорында жүзеге асырылып жатқан жағдайда) егжей-тегжейлі сипатталуы тиіс. Әдетте, қаржылық бөлім үш негізгі құ- жатпен беріледі:
А) пайда мен залал туралы есеп; Б) теңгерімдік тізімдеме;
В) ақша қаражатының қозғалысы (Cash-Flow) туралы есеп.
Пайда мен залал туралы есеп кәсіпорынның жобаның ағымдағы кезеңіндегі операциялық қызметін бейнелейді. Осы есеп арқылы кәсіпорынның белгілі кезең- де алатын пайда мөлшерін анықтауға болады.
Теңгерімдік тізімдеме кәсіпорынның есептеліп жатқан кезеңнің соңындағы қаржылық жағдайын бейнелейді, оның талдауынан жобаны жүзеге асырып жатқан кәсіпорынның нақты кезеңдегі активтерінің өсуі мен қаржылық жағдайы туралы қорытынды жасауға болады.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп қолма-қол ақшаның қалыптасуы мен жылыстауын, сондай-ақ кәсіпорынның ақша қаражаты қалдығының бір кезең- нен келесі кезеңге өсу қарқынын көрсетеді.
Үш есептің нәтижесінің негізінде кәсіпорынның қаржы ресурстарына талдау жасалады және жобаны қаржыландыру схемасы құрылады.
Бизнесіңіз бойынша шығыстар сметасын жасаңыз. Ол өзіндік құн калькуляция- сының және сіздің пайда мен залалдарыңыздың болжамын құрастырудың негізіне жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет