Осы порталда тіркелу туралы қадамдық нұсқаулық 10-модульда берілген.
Сол жерден сіз «Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарла- маның» мысалын табасыз.
Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы мемлекеттік органдарды хабардар етуге немесе қандай да бір қызмет түріне рұқсат алу үшін, сізге келесі сайтқа http://elicense.kz кіру керек.
Электрондық лицензиялау жүйесі салық және кеден ұйымдарының, мемлекет- тік электронды сатып алу, Ұлттық банк және де басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастырылған. Осы себепті, сізден лицензиялау ор- ганы талап ететін құжаттардың саны едәуір азайған.