Сөз сөйлеу алдындағы қорқынышты қалай жеңуге болады? Дайындалыңыз және жаттығыңыз.
Ең алдымен, өз тыңдаушыларыңызды мұқият талдап алыңыз. Сөз сөйлеу қорқы- нышы көбінесе өзімен бірнеше фобиялардың үйлесімділігін (тандемін) құрай- ды. Адамға белгісіздік алдындағы қорқыныштың көптеген жағымсыз әсері бар. Одан құтылу үшін, алдын ала қай жерде және қандай аудитория алдында сізге өзіңіздің шешендік шеберлігіңізді көрсету керектігін біліп алыңыз. Сізді қанша адам тыңдайтынын, олардың қандай қызығушылықтары мен өмірлік позицияла- рын, сөйлеушіден не күтетіндіктері және сіз олардан қандай реакция алғыңыз ке- летіндігін, мүмкін болғанша талдап көріңіз. Көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын жеңу, сіздің ақпараттанғаныңызбен тығыз байланысты екенін есте сақтау керек. Сізді кімдердің тыңдайтындығын білу белгісіздік факторын жоққа шығарады.
Өзіне барынша ыңғайлы жай-күйді сезіне ортырып, міндетті түрде үйде жат- тығыңыз.