Егер тыңдаушылар арасында таныстарыңыз немесе достарыңыз болса, олардан барынша қолдау сұраңыз. Кез келген тактильді байланыс, қандай да таңғаларлық болса да сіздің пайдаңызда болады. Бұл достық қол алысу, арқадан қағу немесе құшағына алу болуы мүмкін.
Өз сөзіңізді бастамас бұрын, қатысушылар арасынан таныс тұлға іздеңіз. Егер тыңдаушылар қатарында жақын адамдарыңыз жоқ болса, жылы жүзді адамды та- быңыз. Сізге деген жылу ілтипат және позитив сенімсіздігіңізді жеңуге көмектеседі.
Сөзіңіздің вербальды емес бөлігін ойластырыңыз
Сөзіңіздің вербальды емес бөлігінің маңыздылығын жете бағаламауға болмай- ды. Бір қызығы, ақпараттың шамамен 60%-н әрқайсымыз оның вербальды емес көздерінен тұтынамыз. Егер сөздермен біреуді адастыруға болатын болса, онда сіздің ымдарыңыз аудиториямен саналық деңгейде дұрыс оқылатын болады. Сөй- леушінің сыртқы түрі, оған дейінгі қашықтық, дауыс тембрі, баяндау мәнері, мими- касы және интонациясы вербальды емес бөлікке жатады.
Сөз сөйлеу алдындағы өз келбетіңізді ойластыруда, орта статистикалық тыңдау- шыға ұқсастық, аудиторияға әсерді арттыратындықтан, сізге қолайлы жағдай туғы- зады. Бұған киімі, әшекейлері және өзін ұстау мәнері жатады. Егер адамдар сізді өздерінікі деп қабылдаса, онда сөзіңіз жоғары бағаланады. Бұл ретте сөздің арти- куляциясы және дикциясы дұрыс болуы үшін алдын ала дайындалу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |